Елестің түрлері Іс-әрекет сипаттарына орай, елес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік мағыналық (логикалық); 2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз елес.
3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына карай: қысқа және ұзақ мерзімді (түлкілікті), сондай-ақ оперативтік елес.
Қимыл-қозралыс елесі дегеніміз — ойын, спорт, енбек, оқу әрекет-теріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең-сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен змоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік елес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын кайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға же-телейді.
Эмоциялық елес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл елестің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік елес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Елестің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі-көрнекілік елес — көру, есту, сипау, иіс, дәм елестері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту елесі мен көру елесінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм елестері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа елестердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі елес, әсіресе, көркеменер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эстетикалық елесі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) елес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қоры-тындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Елестің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің кызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық елес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Елестің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай турлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.