Реферат Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы



бет1/7
Дата14.11.2022
өлшемі36,7 Kb.
#50091
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Алдаберген Аяжан ЕП-20-3к3 Психология Реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«фИзика» кафедрасы

РЕферат


Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы

Орындаған: Алдаберген. А


Группа: ЕП-20-3К3
Қабылдаған: Ауелова. Қ

2020-2021ЖЖ

1) Конфликт туралы түсінік_______________________________________


2) Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары  __________________
3) Конфликтінің сипаттары_______________________________________
4) Конфликтінің басталуына қажетті компоненттер

5) Конфликтілі қарым-қатынастың объективті және субъективті құрамдас бөліктері_______________________________________


6) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________


«Конфликт - қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс»
Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-қайшылықтарды жатқызуға болады.
Конфликтіге бір-біріне өзара зақым(моральды, материалды, психологиялық) келтіру арқылы көрініс табатын әлеуметтік қарым-қатынас субъектілерінің күресі тән.
Әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері арасында қарама-қайшы келетін көзқарастарының, қызығушылықтарының және келіспеушілік жағдайының болуы конфликтінің пайда болуына қажетті және жектілікті жағдай болып табылады.
Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері:
- конфликтіге түсуші жақтар;
- конфликтінің пәні;
- конфликтілі жағдайдың кейпі;
- конфликтінің мақсаттары;
- конфликтіге түсуші жақтардың позициялары.
Конфликтіге түсуші жақтар деп тікелей қызығушылықтары бұзылған әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері немесе ашық түрде конфликтіні қалап тұрған субъектілер есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет