Реферат Тақырыбы: Емдік дене тәрбиесі


Емдік гимнастиканың даму тарихы



бет2/5
Дата05.05.2023
өлшемі214,74 Kb.
#90344
түріРеферат
1   2   3   4   5
Емдік гимнастиканың даму тарихы

Емдік гимнастика – қазіргі кезде көп тараған емдеу әдістерінің түрлерінің бірі. Ерте кездерде бойдағы дерттен арылу үшін адам табиғаттың сыйы – суды, жарық сәулені, әртүрлі қимыл қозғалысты пайдаланған. Дене шынықтыру XVI-XVII ғасырларда емдік бағытта қолдана бастады. Бұл кезде Ресейде қозғалыс пен жылуды қатар беру арқылы қолданды. XVIII ғасырдың аяғында көптеген ғалымдар аурудың алдын алу бағытында дамыту жолында еңбек етті. (М.В.Ломоносов, А.П.Протасов) 1923-1924 жылы емдік денешынықтыру шынығу орындарында (профилактория, санатория , курорт) енгізілді. 1926 жылы И.М.Саркизов- Серазини емдік денешынықтыру кафедрасы болды. Осы жерде үлкен дайындықтан өткен алғашқы докторлармен кандидаттар (В.Н.Машков, Д.А.Винокуров)болды. Сол кездегі бірінші денсаулық сақтау Халық комитеті Н.А.Семашконың бағыт бағдар беруімен отызыңшы жылдың басында ЕДШ бөлімдерімен бөлмелер ашылды.


Емдік гимнастика ежелгі Греция елінде де үлкен қарқын мен дамыған. Оған үлкен үлес қосқан атақты ғалым – медицинаның атасы – Гиппократ (біздің дәуірімізге дейінгі 400-370 жыл) еді.
Ежелгі Рим медицинасында емдік гимнастиканың пайда болуына ықпал жасаған, үлкен еңбек сіңірген, атақты ғалымдар Целий, Цельс, әсіресе, белгілі рим дәрігері Гален болды (біздің дәуірімізге дейінгі 200- 130 жылдар шамасы) . Целий өз туындыларында көптеген созылмалы ауруларға қарсы, міндетті түрде, дене тәрбиесін қолдану керектігін атап көрсеткен. Әсіресе сал, нерв жүйесі ауруларын жазуда емдік гимнастика мен массаждың айрықша пайдалылығын дәлелдеген.
IX-X ғасырларда ғұлама ғалым, әлемге аты әйгілі ұлы дәрігер Авиценна (Әбу-Әли Ибн Сина) осы салада үлкен еңбек жазып шыққан. Ол өз қағидасында күн сәулесін, ауаны және дене тәрбиесін әр адамның жасына байланысты ұтымды пайдалануды ұсынды.
Орта ғасырда дін ықпалы басым болғандықтан, медицинаға байланысты, оған қоса емдік гимнастика да тоқырап қалды.
Ғылым мен өнердің жаңарып қайта өрлеген дәуірінде дәрігерлік гимнастика туралы туындылар қайтадан шыға бастады. Атақты ғалым Тиссонның бірнеше еңбектері, Гофманның «Ортопедия туралы трактаты», Меркуриалистің «Гимнастика өнері» атты ғылыми анықтама кітабы жарық көрді.
XVI-XVII ғасырларда Россияда медицина саласында аурудың алдын алу шаралары қолға алынып, өскелең келешек ұрпақ үшін ең қажетті нәрсе қимыл-қозғалыс, оның ішінде дене шынықтыру жаттығулары деп тапты (М.В.Ломоносов, А.П.Протасов).
XVIII-XIX ғасырларда емдік қасиеті бар жаттығулар туралы пікірлер көбейе бастайды. Европада Лингтің швед гимнастика жүйесі кең тарады. Көптеген емдік гимнастикалар шведтік гимнастика жүйесінің бір тарауы болғанымен педагогикалық, әскери және эстетикалық гимнастика болып есептеледі. Линг гимнастикасының негізгі мақсаты – буындарды зақымдайтын ауруларға қарсы емдік жаттығулар қолдану еді.
Осы кезде орыс терапия мектебінің негізін қалаушы М.Я.Мудров және көрнекті хирург Н.И.Пироговтың емдеу гимнастикасын ішкі ағзалар ауырғанда, жарақаттанып, жаралағанда қолдану өте қажет деген тұжырымы кең тарады.
Емдік гимнастиканың кең таралуына үлкен ықпал жасаған ғалым П.Ф.Лесгафт. Ол анатомиялық-физиологиялық құбылысты негіздей отырып, дене тәрбиесін аурудың алдын алу ісінде өте жоғары қойды. Орыс ғалымдары А.И.Полунин, С.П.Боткин, П.И.Дьяконов, В.В.Горниевский т.б. өз туындыларында емдеу гимнастикасына материалистік көзқарас тұрғысынан келді. Дегенмен патша өкіметі тұсында Россияда емдік гимнастика қанат жайып дами алмады. 1921 жылы демалыс үйлерін ашу туралы Халық Комиссарлар Советі қаулы қабылдады. Онда елімізде дене тәрбиесін дамытуға, оны халық игілігіне айналдыруға ерекше көңіл бөлді. Дене тәрбиесінің денсаулық сақтау ісінде алатын орны белгіленді. Сондай-ақ осы сала қызметкерлері алдына жаңа міндеттер қойылды. Демалыс үйлерінде тынығушылар үшін арнайы жаттығулар лайықталып алынып, олардың мөлшері, методикасы аурулардың әр тобына арналып құрастырылды.
1923 жылы алғаш рет емдік гимнастика туралы оқу құралы жарық көрді. Ол Қызыл Армия санаторилерінде, әскери медицинада қолданыла бастады.
Емдік гимнастика емханада, ауруханаларда әртүрлі күрделі операцияға дейін, одан кейін де, акушерлік және геникология, нерв жүйесі салаларында, т.б. ауруларды емдеуге қолданылатын болды. Тұңғыш рет Москвада (1928 ж.) және Ленинградта (1932) дене шынықтыру институттарында емдік гимнастика кафедрасы ашылды. Сол сияқты мұндай кафедра Медицина институтында да ашылды, сондай-ақ арнайы мамандандырылған ғылыми зерттеу институттары ұйымдастырылды. Олар емдік гимнастикасының негізгі мән-мағынасын, әр түрлі ауруларға қолдану әдістерін, тигізетін әсерін айқындаумен шұғылданды. Бұған атсалысқан танымал ғалымдар, білікті мамандар: И.М.Саркизов-Серазини, В.Н.Мошков, А.А.Лепорский, Е.Ф.Древинг, В.В.Горниевская, В.К.Добровольский болды. Осы ғалымдардың әр қайсысы-ақ емдік гимнастикасының қандай сыртқатқа қолданылатының ашып көрсетіп берді. Мәселен, жүрек- қан тамыр ауруларында, ішкі ағзалар зақымданғанда қолданылатын жаттығуларға И.М.Саркизов-Серазини мен В.Н.Мошков өз еңбектерінде тиянақты түсініктеме берсе, Е.Ф.Древинг, В.В.Горниевская омыртқа, буын ауруларына қолдану әдісін көрсетті, ал В.К.Добровольский іш құрылысына операция жасалғаннан кейін қандай жаттығулар қолданылатының айтып берді. Ал Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық госпитальдарға күрделі емдеу әдісінің құрамына міндетті түрде дене тәрбиесі немесе гимнастика енгізілді. Соның көмегімен қатарға қосылған жауынгерлер аз емес. Соғыстан кейінгі жылдары емдік гимнастика тәсілін кеңейтіп өкпе, жүрек қан тамырларына- операция жасағанда, жүйке зақымданғанда, күйіп қалғанда т.б. еркін қолдана бастады.
Совет ғалымдары емдік гимнастиканы жеке-дара пән ретінде қарамай, оны комплексті емдеу әдістерінің бір тарауы деп қарады. Сонымен бірге, олар ғасырлар бойы әр елдің дәрігерлері қолданған емдік гимнастиканың үлгілеріне жан-жақты талдау жасады.
Қазіргі емдік гимнастиканың тағы бір артықшылығы – ол тек жеке адамды ғана емес, жалпы көпшілік қауымды қамтиды. Денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған басты міндет- аурудың алдын алу, жаппай диспансерлік тексеруден өткізу, еңбекшілердің жалпы хал-жағдайын жақсарту. Осындай күрделі міндетті орындауға емдік бағыттағы гимнастиканың қосар үлесі аз емес. Ол тек аурудың алдын алып қоймай, оны емдеуге де үлкен ықпал жасайтыны белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет