Реферат Тақырыбы: Емдік дене тәрбиесі



бет3/5
Дата05.05.2023
өлшемі214,74 Kb.
#90344
түріРеферат
1   2   3   4   5
2.1 Емдік гимнастика түрлері

Емдік гимнастиканың мақсаты:

  1. Адамның көңіл күйін еңсесін көтеру

  2. Жансызданған жағында қан лимфа және зат алмасуын жақсарту

  3. Жүрек қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту ағзаларының қызметін қалыптастыру

  4. Терінің ойылуын, буынның бүгілуін, контрактура болмауын, өкпенің көп жатқаннан қабынбауын қадағалау, алдын алу

  5. Жоғалған қимыл қозғалысты қалпына келтіру

  6. Жүгіруін қадағалап, өз бетімен кіріп шығып, тамағын алып ішуге дағдыландыру.

ЕДШ-ның медицина саласында денсаулықты қалпына келтіруде, аурудың алдын алуда, мүгедекті азайтуға үлкен маңызы бар. ЕДШ- бұл ағзаның биологиялық қасиеті қозғалысты қолдану тәсілі. Қозғалыс негізінен ағзалардың қалыптасуын, жетілуін реттейді. Денешынықтырудың биологиялық маңызы адамның іс-қимылын және жұмыс қабілетін арттыру. Дене жаттығулары емдік гимнастиканың басты құралы. Ішкі ағзалар мен бұлшық еттер тығыз байланыста болғандықтан жоғары нерв жүйесі (ми қыртысы) қадағалап жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл -қозғалыстың тапшылығы әр түрлі ауруға әкеліп соқтырады.
Емдік гимнастиканың 4 механизмі бар.

  1. Денені әлдендіру (сергіту)

  2. Қоректендіру

  3. Орнын толтыру

  4. Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру.



    1. Әлдендіру механизмі: нерв жүйесіндегі тежеу мен қоздыру процесін өзгертіп, орталық күштің жұмысын реттейді. Басшылық қызметі артып ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасуды үдейтеді. Бұлшық ет пен ағза арасындағы байланыс туады. Үлкен бұлшық ет көп қозғалса, әлдендіру көбірек болады.

    2. Қоректендіру механизмі: буын қимылдарынан денедегі зат алмасуға қышқылдану – тотығу, қайта түлеу, қалпына келу процестері жүреді. Қан айналымы үдеп, лимфа айналымы жақсартады да қоректік затпен толығып ауырған жер тез жазыла бастайды.

    3. Орнын толтыру механизмі: жаттығулар арқылы аурудың салдарынан солып қалған мүшелерді, бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Бұлшық еттерді шынықтыру арқылы науқастың әр түрлі қимылдар жасауына көмектеседі.

    4. Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі: ағзаның анатомиялық құрылысы қалпына келгенмен, мүшелердің қызметі бірыңғай болмайды. Сондықтан функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін аурудан кейін жаттығулармен айналысу қажет. Сонда ғана жоғарғы нерв жүйесінің басқару қызметі басқа ағзалармен байланысқа түсіп, науқас ауруынан айғады.

Емдік гимнастиканың тәсілдері: бұл тәсілдерге жаттығулар жиынтығы дене табиғат факторлары (ауа,су, күн сәулесі) жатады.

  1. Жаттығулар жиынтығына: гимнастикалық, спорттық, қолданбалы ойын түрлері. Гимнастикалық жаттығулар- аяқ, қол, дене бұлшық еттеріне арнап (снарядпен және жаттығу құралдарымен) жасалады.

  2. Қолданбалы спорттық жаттығулар: жүгіру, секіру, жүру, лақтыру, өрмелеу, жер бауырлап жорғалау, шаңғы тебу, туризм, коньки тебу, қайықта ескек есу, тұрмыстық еңбек т.б. жатады.

Табиғат факторлары: ауа, күн сәулесі, су адам денесінің ауруға қарсылығын арттырып, төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, суға да, үлкенге де, кішіге де пайдалы. Тек мөлшермен қолданған жөн. Қоршаған ортадағы төменгі және жоғарғы температурадағы ауа және су, қысымдағы жаттығудың табиғи әдістері шынығу деп аталады. Күн қызумен шынығу: күн дұрыс қыздырына білсе ағзаның жұмыс қабілеті артып, зат алмасуын жақсартады. Күнді артық пайдалану асқынуларға әкеліп соқтырады. Қан аздыққа, зат алмасудың бұзылуы, лейкемияға ұшыратады. Ауамен шыңығу: ағзаның суыққа төзімділігін арттырып, суықтан болатын аурулардан қорғайды. Тыныс алу, зат алмасу. Жүрек қан тамыр жұмысы жақсарады. Шынығуды жылы күндері желден қорғалған жерде қозғалу жаттығулары арқылы жасауға болады. Ұзақтығы адам денсаулығына және температура мен ауа ылғалдылығына да байланысты. Сумен шынығу: суға шомылу немесе үстіне су құю жаттығу жасаумен бірге салқын суда массажбен жасалады. Бірақ салқын суда ұзақ уақыт тұру терідегі қан айналысын нашарлатады, тарылтады, жылуды жоғалтады. Жылу бері жетіспейді, сондықтан ағзалардың қызметі бұзылады. Ысқылау: шынығудың жұмсақ түрі. Әуелі бөлме температурасында кейін судың температурасын түсіріп 2-3 аптада 10-12 С-ге жеткізеді. Қалыптасқан соң шомылуға немесе душқа түседі. ЕДШ-лар бөлмелерде, алаңдарда, ауруханада, тынығу орындарында (санатория, курорт) және үй жағдайларында қолданылады. Жаттығулар адамның бүкіл денесіне немесе жеке ағзаларына арнап жасалады, және арнайы жаттығу құралдары арқылы жасалады. ЕДШ бөлмесін ұйымдастыру үшін үлкен бөлме қажет.
Көрсетілімдері: ағзаның жұмыс қабілеті әлсірегенде немесе жоғалғанда, асқынулар кезінде, үйнемелерді тарқату үшін.
Қарсы көрсетілімі: ауру жағдайдағы науқастарға, жүйке ауруларында, аурудың жедел қабынуында жүрек қан айналысының жетіспеушілігі, тахикардия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет