Реферат Тақырыбы: Емдік дене тәрбиесі


Емдік гимнастика жаттығулары



бет4/5
Дата05.05.2023
өлшемі214,74 Kb.
#90344
түріРеферат
1   2   3   4   5
2.2 Емдік гимнастика жаттығулары
Гимнастикалық таяқшамен жаттығу жасау

1. Аяқты иық деңгейіне қойып, таяқшаны екі басынан ұстап жоғары көтергенде тыныс алып, түсіргенде демді шығару. Қайталау 6-8 рет.


2. Аяқты иық деңгейіне қойып, таяқшаны кеуде тұсында ұстап, екі қолды алға соққанда тыныс алып, қалпына келгенде тыныс шығару. Қайталау 6-8 рет.
3. Таяқшаны ұстап жоғары көтергенде тыныс алып, ал алға еңкейгенде тыныс шығару. Қайталау 6-8 рет.
4. Таяқшаны жоғары ұстап, оңға және солға иілу, жоғары ұстағанда тыныс алып, иілгенде тыныс шығару. Иілгенде бір аяқты алға созу. Қайталау 6-8 рет.
5. Таяқшаны жоғары ұстап тұрып, бір аяқты артқа қойып, екі қолды таяқшамен артқа керу. Қайталау 6-8 рет.
6. Таяқшаны алға ұстап тұрып, қолды оңға, солға айналдыру. Қайталау 6-8 рет.
7. Таяқшаны алға ұстап, алға және артқа қарай дөңгелете айналдыру. Қайталау 6-8 рет.
8. Таяқшаны алға ұстап тұрып, оң тізені бүгу сосын сол тізені бүгу. Қайталау 6-8 рет.
9. Таяқшаны алға созып тұрып, жартылай отырып тұру. Қайталау 6-8 рет.
10. Еңкейіп тұрып таяқты кеудеге тартып дем алу, төмен түсіргенде дем шығару. Таяқшаны алға ұстап тұрып, қолды оңға, солға айналдыру. Қайталау 6-8 рет.


ТІРЕК-ҚОЗҒАЛЫС АППАРАТЫНА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ҚИСАЮЫ
Адамның тұлғасы мен сымбаты, жүріс-тұрысы омыртқа жотасына байланысты. Иық тік, кеуде жазық қылып, кермаралдай керіліп жүрудің өзі осы омыртқаның дұрыс болуынан. Осы кітаптың алдыңғы бөлімінде көрсетілген қалыпты жағдайдағы омыртқа жотасындағы иректер оны қоршаған бұлшық етке тікелей байланысты. Дене сымбаты кішкене бала кезден бастап қалыптасады. Оның басын дұрыс ұстауынан, отыруынан, жүруінен жоғарыда сөз болып отырған омыртқа иректері (лордоз, кифоз) қалыптасады. Оның дұрыс не бұрыс болуы көп жағдайға байланысты. Мектепте партаның не жоғары не төмен болуынан, орындықтың ыңғайсыздығынан, біржағына қисайып отырудан немесе ауыр жүкті бір қолымен үнемі көтеруден т.б. жағдайлардан адам денесі қисайып кетеді.
Сол сияқты ұзақ ауырып, организм әлсірегенде, ішек-қарын жарасы, сондай-ақ өт қабынғанда, буындар ауырғанда, адамның жүрісі өзгеріп, омыртқа жотасы бір жағына шығып кетеді. Адам тұлғасы, мүсіні бұзылу деп омыртқа жотасының алға-артқа немесе оң-солға ауысып кетуін айтамыз. Мұның өзі спортсмендер арасында да кездеседі. Мәселен, боксшылар, сайысшылар, ескекшілер. Әлбетте, көбінесе бұлшық еті жетілмеген жасөспірімдер арасында бұл жағдай жиі кездеседі. Егер омыртқа жоталары белгілі иректермен алға не артқа кетіп қалса, онда адамның мүсіні бұзылады дейді. Ал омыртқа жотасы оңға, не солға қисайып кетуін медицина тілінде сколиоз деп атайды. Мұнымен қатар бір жақ иық пен жауырын екінші жағынан жоғары болуы да кездеседі. Сөйтіп мүсіннің өзгеруі бірнеше түрге бөлінеді. Омыртқа жотасының қисаюы үйреншікті әдетке де байланысты. Кейінгі кезде ғалымдардың айтуынша, балалардың бір жағына қисайып кетуі ішкі (эндокриндік) бездердің кінәраттануынан дейді. Кейде өзгерген мүсін баланың жетілуіне байланысты дұрысталыпта кетеді. Дегенмен омыртқа жотасының қисаюы тек сыртқы келбетті бүлдіріп қоймайды, ол ішкі ағзаларға да, әсіресе, өкпе мен жүрек қызметіне кері әсерін тигізеді. Өйткені қисайған омыртқа көкірек ішіндегі өкпенің толың жазылуына, көк еттің (диафрагма) қозғалуына бөгет жасайды. Сондықтан денеде қан айналымы кеміп, еттегі жетпей, құрсақ ішіндегі қысым өзгеріп кетеді.
Балалардың тұлғасы бұзылмас үшін кішкене кезден бас тап өте жұмсақ төсекке үйретпей, қаттылау төсекке жатқызған дұрыс. Сол сияқты басқа салған жастық биік болмай, жазық, кішкене болғаны абзал. Отыратын орын баланың бойына шақ болу керек. Киген киімі, аяғындағы аяқ киімі қыспай, өзіне дәл болса, бала еркін отырады. Столға отырғанда түскен жарықтың да әсері көп. Әсіресе, көзі алыстан көрмейтін балалар екі бүктеліп, басы салбырап кетеді. Бұл кейін қалыптасып, желкесі шорланып, иығы көтеріліп кеткенің біраң аңғарады. Өкінішке орай, осындай балалар балабақщада, мектепте үлкендердің салақтығынан кемтар болады. Мектепте мұндай балалар арнайы медициналық топқа баруы керек. Осындай қиянаттан құтылудың бірден-бір жолы - тек емдік гимнастика. Арнайы берілген жаттығулар омыртқалар қозғалысын арттырып, қисайған жерін қалпына келтіреді, арқа бұлшық етін жетілдіріп, омыртқаларды қысып ұстайтын "құрсау" жасайды. Тек арқаның бұлшық етін жетілдіріп қоймай, жаттығулар жүрек, өкпе т.б. ағзалардың жұмысын жандандырып, зат алмасуын үдетеді. Ауру бала үшін мұның пайдасы көп. Сол сияқты дене тәрбиесі адамды шыңдап, шыдамдылығын қайратын арттырады. Ең маңыздысы денені тік ұстауға дағдыландырады. Міне, осының бәрі емдік гимнастиканың негізгі түпкі өмір жүйесін білмейді, өзіне де, өзгеге де бақыт сыйлау үшін саналы сезім, саралы ой қажет екендігіне мән бермейді. "Өмірге жылы жүзбен қарасаң, ол да саған күлімдейді" - деген мәтел тегін айтылмаса керек.
...Ал уайымшыл адам , үнемі дүниеге риза болмай қиналып жүреді.
Оның өмірін талдап қараса, басқалардан асып кеткен қайғы-қасіреті жоқ, тек бала кезден қиындыққа қарсы тұра алмай төзімсіз болған. Әлбетте, туғаннан ешбір кедергісіз , алақанға салып өсірген бақыттыларда кездеседі. Тіпті солардың өзіне жетер қиындықтары болады. Бірақ адамның ой-өрісі, мінез-құлқына байланысты барлығын жеңіп, сыртқа білдірмейтін қайратты адамдарда болады. "Адам неғұрлым әлсіз болса, азабы соғұрлым мол болар" дегендей, осал адамдар өмірде тез мұңалғыш келеді. Ал қайратты адам болаттай мықты, қандай қиындық болса да соның шешімін табуға ынталанады, оның алдында бұқпайды. Керісінше қиындыққа қарсы шығып өз күшімен, немесе жолдастарының көмегімен жеңіп шығады. Ол үшін өмірде өзін түсіне білетін жолдас табу да үлкен талант. Мұңдайда қазақ "қайратқа әдісінді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет",- дейді. Ерліктің шарты- өзіне сенгендік. Адам бақытты болу үшін үнемі өзін-өзі сергек сезініп, көңіл-күйін көтеріңкі ұстауға дағдылану керек. Түйенің қомы, аттың жалында жүрген қазақтың аяулы азаматтары Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев және Жүсіпбек Аймауытовтардың қайратына адам таң қалып, бас иеді.
Олар сол кездің өзінде қандай өсиет айтып, қазақ халқының сауатын, мәдениетін, әдебиетін көтеруге қанша күш жұмсаған. Тіпті қазірдің өзінде суырылып шыққан ақылды, қайратты адмды көрсе, соны қолдаудан қорқып, " бұтаның қалқасында" бүтіп қалатын азаматтар аз емес. Олар өмір бойы қалтыраумен күн кешеді. Ал бақытты сезіну үшін ішкі түйсік пен сыртқы қайрат бірлесуі шарт. Біз, дәрігерлер, адам ауырмас үшін үнемі күн тәртібін сақтаса, серуендесе, дұрыс тамақтанып, таза ауада көп болса дейміз. Бірақ оған уақыт қайда? Ол үшін үйреншікті қалыптан бас тартып, қатал тәртіп орнатқан жөн, Мәселен, сенбі, жексенбі күндері қонақ шақырып не қонаққа барып мәре-сәре болып, арақ-шарапқа салынғаннан гөрі, серуендеп таза ауаға шыққан қандай рахат. Ал шаңғы, шана тепсе тіпті тамаша. Дегенмен мұндай демалысты әркім өзіне лайық, жасына, жағдайына, көңіліне қонатындай пайдаланғаны абзал. Кейбіреуі оны уақыт текке кетті деп есептейді.
Бірақ олай емес, оған кеткен уақыттың есесі ертеңіне екі есе қайтарылады. Кейде уақыт үнемдеп, далаға шықпай, үйдегі шаруашылықты ыңғайлаған дұрыс сияқты. Бірақ қазаңошақтың қасында шаршаған адам келесі күні күш-қуатын жинауға дәл содан кем уақыт кетірмейді. Үнемі бірқалыпты, еңсені көтеріңкі ұстауға дағдыланған дұрыс. Енді оны іске асыру үшін жаттығулардың әр түрін қолдану керек. Мәселен, белгілі гигиеналық, гимнастикалық жаттығулармен бірге арнайы түзету- жаттығуларды кеңінен қолданады. Сол сияқты суда жүзу баланың денесін шынықтырады және денеде бұлшық еттерді жетілдіріп, қисайған омыртқаны қалпына келтіреді. Жүру, жүгіру, спорттық ойындарға қатысу, шаңғы тебу, т.б. дененің дұрыс жетілуіне ықпал жасайды. Арқаның бұлшық етін жетілдіру үшін түзету жаттығуларында напуқас шалқадан және етбетінен жатады. Мұнда аяқ-қолға әр түрлі қимылдар беріледі. Мәселен, кезекпен аяқты көтеру, кеудені көтеру, "велосипед тебу" т.б. Жаттығулар еңбектеп тұрып , отырып, түрегеліп тұрып әр түрлі жағдайда жасалады. Көлбеу жазықта жатып омыртқаны созуға болады. Ұзақтығы 30-45 минутқа созылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет