2.2. Еркіндік пен шығармашылық – бұл адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүру тәсілі. Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Ал еркіндік осы шығармашылық таңдау жасай алуымен анықталады. Шығармашылық еркіндік – бұл еркіндіктің ең жоғары формасы. Шығармашылық – ол адам және қоғам үшін жаңа пайдалы, сапалы жаңа нәрсені ойлап шығаруы. Шығармашылық еркіндігі берілген қоғамның дамуы көш ілгері болады.
Шығармашылық еркіндігі адам өмірінің көптеген салаларын қамтиды: ғылыми, өндірістік-техникалық, шығармашылық, саяси және т.б. салаларының дамуына және жаңалықтарының ашылуына ықпал етеді. Философия шығармашылық ұғымының мәнін яғни адамзат дамуының әр кезеңіндегі шығармашылық ұғымының қалай өзгергенін көрсетеді.
Ағылшын ғалымы Г.Уоллес (1924) шығармашылықты процесті 4 фазаға бөліп қарастырды: дайындық, пісіп жетілуі (идеялар), жаңалық ашылуы, және тексеру. Осы процестің басты бөліктерін (пісіп жетілуі және жаңалық ашу) саналы-ерікті бақылауға алуға мүмкін емес болғандықтан бұл тұжырымдама шығармашылықты бесаналы және иррационалды факторға жатқызды. Шығармашылық бір бірін толықтырады. Өз ндивид өзобъектісіне берілгені соншалық өз-өзін бақыламайды, тек өз ойларының жалпы бағытын бақылайды: болжау, кездейсоқ шешімге келу, ашу, кездейсоқ шешім шығару сәттері сананың жарқын сәттері ретінде қабылданады.
Еркіндік – бұл таңдаудың болуы. таңдауыңыз көп болған сайын сіз соншалықты еркінсіз. Шынайы еркіндік ол шығармашылық қабілеті, жаңалық шығару қабілеті. Қарапайым тілмен айтқанда шығармашылық еркіндігі - бұл бар мүмкіндіктер арасынан қажеттісін таңдап алу ғана емес, сол жаңа мүмкіндіктерді жасап шығару. Адам өз алдына мақсат қояды, құралдарын өзі жасайды, әрекеттерді өзі анытайды. Алынған нәтиже тұлғаның қасиеттерін көрсетеді. Шағармашылық барысында адам алдында кездескен кедергілерді жеңіп өтеді, жаңалықтар ашады. Еркін адамға шығармашылыққа ден қояды. Шынайы еркіндік қана нағыз шығармашылыққа жол салады.