Есту мүшесінің гигиенасы
Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей қорғаныштық қызмет аткарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей, керең болып қалуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауық-ауық тазалап тұрған жөн. Құлыңты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін.
Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Мас адам дыбысты естігенімен, кай жақтан шыққанын бағдарлай алмайды. Тәлтіректеп барып колайсыз жағдайға ұрынуы мүмкін.
ІІІ. Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" 3 том
Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
Рақышов «Адам анатомиясы» А., Рауан, 2003.
Тебенова К.С. Дамуында ауытқуы бар балалар. Оқу құралы. Қарағанды 2003
Пузанова В.П. Лапшин В.А. Основы дефектологии. Уч. пособ. М., 1990
Малдыбаева А.О. Орынбаева Э.Ә. Дефектология негіздері. Шымкент 2007
Намазбаева Ж.И. Дефектология негіздері. Алматы. 1993
Достарыңызбен бөлісу: |