Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Реферат Тақырыбы: "Ғабит Мүсірепов - сөз зергері"
Орындаған: М-20-3 студенті Нуртазина Айым
Тексерген: Анламасова Ырсалды Жиентайқызы
Қарағанды, 2021 жыл
Жоспар: I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім Өмірі мен өнернамалық жолы
Шағын жанрдағы шалқар шындық
Ғабит Мүсірепов әңгімелерінің кейбір көркемдік ерекшеліктері
Жазушы туралы ой маржандары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға. Оның әйгілі әңгіме, пъеса, романдары ел өмірінің ең бір елеулі кезеңдерін – дала азаматының рухани өзгерісін, қилы – қилы қия белін бейнелейді. Көр үнді, көп дауысты мұрасын зерделесеңіз, үлкен қаламгерді ерліктің жыршысы деп бағалар едіңіз. Көз алдыңыздан ылғи бір көтеріңкі рухты – ерлігі де, елдігі де берік жайсаң жандар тасқыны өтіп жатады. Ғабең – таза сезімді, азаматтықты жырлап өткен ақын жанды қалам иесі.
Ғабең – ақиқат ғұмыр кешкен, қиын – қыстау сәтте азаматтық ер тұлғасынан айнымай, алыс – жақынды болжап, адалдықтан ауытқымай өткен абзал жазушы. Артына қалдырған мұрасы туған әдебиеттің биік мәдениетіне, философиялық тереңдігіне, байтақ өрісіне, рухани маңызына айқын айғақ.
Мүсірепов – ана тіліміздің ел таныған шебері. Оның зері мен өрнегі, мүдіріссіз жазу мәнері тіліміздің сұлулығы мен икемдігін бай мүмкіншілігін паш етіп, шексіз ләззатқа бөлейді.
Халықтың рухани байлығы – шын мәніндегі көркем әдебиетті жасайтын тек қана табиғи ұлы дарындар екені талассыз шындық. Қазақ халқының ХХ ғасырдағы өскен әдебиетін бүкіл әлемге танытқан да сол алып дарындар болатын. Туған елінің ХХ ғасырдағы көркем әдебиетін саф алтындай талай – талай шығармаларымен байытып, абыройын биіктеткен Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин сияқты алыптар тобының қатарында тұрған – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов те бар. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсірепов артына мол әдеби мұра калдырды. Ғабең көзінің тірісінде-ақ аса дарындылығымен, талғампаздығымен, шығармашылық шеберлігімен халкының зор құрметіне бөленген болатын. Жазушының шын өмірі өзі мәңгілік ғұмырға кеткеннен кейін басталады. Сөз зергері атанған Ғ. Мүсіреповтің інжу-маржандай кұлпырған көркем шығармалары қазірде окырмандар жүрегіне жол тауып, ізгілік дәндерін себуде; өмірдің кұпияларына терең бойлатып, асқақ идеалдарды уағыздауда; жүректерге жалын, рухани куат беріп жарқын болашақтарға бастауда; эстетикалык ләззат кұйып, адамдардың бакытты өмір сүруіне көмектесуде. XXI ғасырға қадам басқан қазақ әдебиетін Ғ.Мүсіреповсіз көзге елестету қиын.
Ғабит Мүсірепов ең алдымен, жазушы. Оның каламынан шыққан «Оянған өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне», ана такырыбына жазған әңгімелеріқазақ әдебиетінің алтын корына косылған асыл дүниелер. Жазушы шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, арман-аңсары кемел көркемдікпен шебер бейнеленді; сөз өнерінің асқан шебері ретінде академик-жазушы атанды.