АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Философия және философ қоғам мен адам өмірінде
Орындаған:Сман Бағдат
Тобы:АиУ 22-12
Қабылдаған: Чинара Абдусаматовна
Алматы 2023
Философия сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық (phileo - «сүю», «құштарлық», sophia - «даналық») дегенді білдіреді. Философия сохін бірінші болып қолданған ежелгі грек математигі және ойшылы Пифагор болды. Аңыз бойынша ежелгі грек қалалары билеушілерінің бірі одан өзінің кім екендігін сұраған кезде, Пифагор: «Философ» деп жауап берген екен. Билеушіге бұл сөз беймәлім еді, Пифагор оны былайша түсіндірді: «Өмір олимпиядалық ойындарға ұқсас: біреулер оған жарысу үшін, басқалары сауда жасау үшін, ал ең бақыттылары кәру үшін келеді. Өмірде де солай - біреулер даңқ пен байлыққа деген ашкөздікпен дүниеге келеді, ал философтар болса тек бір ғана ақиқат үшін жаралған». Осыдан философтың даңқ пен байлықты ойламайтындығы, бірақ заттар табиғатын (мәнін) зерделейтіні және аңдайтыны келіп шығады.
Бастапқыда философилық даналық дәстүрлі өмір салты, нормалар мен ұғым дар рөтінде көрініс береді. Философияның алғашқы өскіндері әдеттегі, дәстүрлі һатриархалдық қағидалардың әділеттігі мен шынайылығына күмән келтіру негізінде өніп шықты.Тұтастай алғанда, философия ережелері мен әдістері енді табиғи және әлеуметтік шындықты түсіндіру үшін жеткіліксіз болып табылатын мифологиялық - діни сананың дағдарысы кезеңінде пайда болды. Бұл кезде ақиқатты жалпы қабылданғаннан, шынайыны көзге ұрынатыннан бөліп алу, сондай-ақ жаңа өмірлік бағдарлар құру кажеттілігі туындады. Бұл міндеттерді шешуге әрекеттену философияны дүние мен адам туралы еркін,сыни тұрғыдан, зерделі ойлау ретінде дамытуға әкеледі. Ашғашқы ұлы философтар бұдан 2,5 мыңдай жыл бұрын өмір сүрді. Жалпы адами тың әртүрлі дәуірлерінде «философия» сөзіне бірыңғай мағына берілген емес. Алайда бұл сөздің шығу тегінің өзі барлық шынайы философияның нақты белгілерін сәтті бейнелеп тұрғандығын мойындаған жөн. Ежелгі Шығыста дана-философты ақиқат пен мәңгіліктің үйлесімін зерделейтін адам ретінде түсінді. Бұл жерде даналықты «барлығынан» бас тарту ретінде қабылдаудың дәстүрлі түсінігі дамыды. Ерекше жаратылған адам ретінде «дана» дүниеге тиесілі емес және тіршілік күйбеңінен тым қашық деген пікір басым болды. Дана байсалды және алаңсыз, өйткені дүниедегі қандай нәрсе болса да, оны алаңдата алмайды.
Ежелгі трек философиясында даналық түсінігмен білім мен мінез құлықтың ең жоғарғы мұраты байланыстрылды. Ол адамды мәңгілік пен шексіздікті ақылмен ұғынуға, толып жатқан сан алуан өтпелі құбылыстарды шыдамдылықпен қабылдауға үйретеді. Нақ сол өмірді лайықты және бағалы етеді. Даналыққа ұмтылушы адам әрқашан заттар табиғатымен келісімді түрде әрекет етуі тиіс. Сондықтан да білімнің бәрі даналық емес, Гераклит әділ атап көрсеткендей «көп білім ақылға үйретпейді», даналықты арттырмайды.
Ұлы Арнстотель бізге дана түсінігін ұғына білуіміз үшін көптеген өсиеттерін қалдырды. «Біріншіден, дананың, жеке алып қарағанда, әрбір зат туралы білімі жоқ болса да, біз ол туралы мүмкіндігінше көп біледі деп ұйғарым жасаймыз. Екіншіден, біз адам үшін қиын және қол жеткізу оңай емес нәрсені танып білуге қабілетті адамды дана деп есептейміз. Үшіншіден, біз барлық ғылымда себептерді айқындауды үйретуге неғұрлым қабілетті және неғұрлым дәлдік танытатын адамды дана деп есептейміз. Төртіншіден, ғылымдар арасында көмекші ретінде көп мөлшерде үстемдік ететіндеріне қарағанда, өзі және таным үшін қалаулы болатындары көп мөлшерде дана болады». Аристотельдің пікірінше, дана адам рақаттануды емес, азапты болдырмау жолын іздеуі тиіс.
Жақа уақытта француз философы және ғалымы Рене Декарт мынаны атап көрсетті:«Даналық ретінде істеріндегі ізгі зерделілік қана емес, сондай- ақ адам танып біле алатынның бәрін жете білу түсініледі. Бұл білім өмірдің өзін бағыттайды, денсаулықты сақтауға, сондай-ақ барлық ғылымдардағы жаңалықтарға қызмет етеді». Декарт даналықтың бірнеше баспалдағын ажыратуды ұсынды. Бірінші баспалдақ ойлап-толғанусыз-ақ меңгерілуі мүмкін айқын ұғымдарды пайдалана білушіліктен көрінеді. Екіншісі сезімдік тәжірибе мәліметтерін қамтиды. Үшіншісі бізді басға адамдармен қарым- қатынас жасау неге үйрететіндігін есепке алумен көрініс береді. Төртінші баспалдақ жақсы өсиеттері бар кітаптарды оқу негізінде игерілетін біліммен байланысты болады. Даналықтың ең жоғары тұрған бесінші баспалдағы алғашқы себептер мен ақиқаттық бастамаларды іздестіруге бастайды. Даналықта адам өмірінің жоғары игілігі көрініс табады. Философия бұған дейін беймолім болып келген ақиқатты табуда бастан өткізетін әдеттен тыс рақаттануға жетелейді.
Осылайша терминнің этимологиялық мәніне сәйкес философия «даналыққа құштарлық» немесе даналықты сүю болып табылады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, философияның мәні адамның жетілдірілген білімге деген мәңгі қажетсінуін қанағаттандырудан құралады, мұндай білім
даналдық болып табылады. Сонымен даналық дегеніміз - терең ойлылық, қолжетімдігі қиын нәрсені танып білу, әмір тіршілігінің жаңа бағдарларын дайындау, оның басты құндылықтарын анықтау шеберлігі. Бұған қоса философия дегеніміз осы түсінікке сәйкес, даналықтың өзі емес, тек қана даналықты іздеу, оған ұмтылу ғана болып табылады, мұны құштарлық күшінің мағынасында сүйіспеншілікке теңеуге болады.
Философияның адам мен қоғам өміріндегі орны аса зор:
1) философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оку орнында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.
2) Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді.
3) Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тигізеді.
Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдардың көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күшті әсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонан соң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп, философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.
Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге адамгершіліктік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасында білім алушы жастардың қарапайым индивид-пенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік үрдістерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр.
Философия пәні бойынша бакалавриат сатысына арналған бағдарламада негізгі назар философия тарихын зерттеуге аударыла бастады, бұлқадам дұрыс депойлаймыз.К.Ясперстің (1883-1969) пікірінше, "философия тарихы -философиялық пайымдаудың маңызды элементі. Өткенге,тұтастың ең биік дүние-туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойыңдағы айқындық пен кеңдік мүмкіндігін анықтауға болады".
Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі – ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше,оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір,көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау үрдісін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік "Менін" көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.
Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері,басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философиялық тұлғалардың, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, "философия кеңістігіндегі субстанциялардың" қайталанбас дүние-сіне үңілу, жеке өмірі мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір өмірбаяндық кезеңдеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді.Мысалы, Сократ, Кант, Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы, филәсофиялық ізденіске деген күштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары, тағдыры, мінез-құлқы,өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмірмәндік түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті.
Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелерінің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз,әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес,басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға,мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну – индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар.
Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия - рухтың жоғарғы еркіндігі саласы және философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.
Еркіндік мәселесі - философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған,маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған "мәңгілік" мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық,сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді.
Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап өткім келеді.Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.
Ойымызды қорыта келсек, философия ғылымы адамға өзі өмір сүріп отырған орта табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жүйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |