2.4 Футбол ойыны жайлы қызықты мәліметтер;
1.АҚШ-та бұл ойын футбол емес, соккер деп аталады.
2.Әлемдегі барлық футбол доптарының 80%-ы Пәкістанда жасалады.
3.«Ole-Ole-Ole»сөзі Испанияда пайда болды. Бұл сөз 8-ші ғасырда Испанияны басып алған арабтардың «Алла» сөзінен шыққан.
4.Ең ұзақ матч 1981 жылғы 1-3 тамызда екі ирландиялық футбол командалары арасында өтті. Жеңімпаз 65 сағат 1 минуттан кейін ғана анықталды.
5.Испанияның 2-ші Лигасында қызықты оқиға орын алды. Ойын аяқталуға 3 минут қалғанда ойыншылар төрешіні қоршап алып, наразылығын көрсете бастады. Төреші көп ойланбастан, қызыл қағазды барлық 22 футболшыға көрсетті!
6.Футбол 6 елде ресми түрде тыйым салынған, оның ішінде Ауғанстан, Кампучия және Гренландия
7.Тарихтағы ең ірі есеп, Мадагаскар чемпионатында тіркелді. «AS Adema» клубы, «Stade Olympique l’Emyrne» командасын 149:0 есебімен жеңді. Барлық голдарды қақпаға өз ойыншылары соқты. Бұлә рекетімен футболшылар, төрешінің әділетсіз шешіміне наразылығын көрсеткісі келді.
8.Итальяндық футболшы Фернандо Д’Эрколи, арбитр көрсеткен қызыл қағазды жеп қойған.
2.5 Футбол сабақтарындағы ойындар, ойындық жаттығулар
Дайындық бөлімі
-cпорттық жүріс
-жеңіл жүгіру
Жүгіру жаттығулары:
-оң және сол жақ қырымен жүгіру
-екі қолымызды алдыға қойып, сәл бүгіп, тіземізді қолымызға тигізіп жугіру
-екі қолымызды жамбасқа қойып аяқты кезек артқа бүгіп алақанға тигіземіз
-екі қол белде, аяқты алдыға, тізені бүкпей, түзу сермей жугіреміз
-екі қол белде, аяқты артқа, тізені бүкпей, түзу сермей жүгіру
-әр адымға қарғып секіре жүгіру
Терең тыныстап демалу
Жалпы дамыту жаттығулары:
-екіден қарама-қарсы тұрып, алақанынан ұстап, жеңіл қарсыласа қолды бүгіп жазу
-ақ сандық,көк сандық:
бір-біріне арқамен қарап тұрып, шынтақты айқастыра ұстап, 1-2 бірінші сандар, 3-4 екінші сандар еңкейіп арқалайды
-қолдарын иыққа қойып 1-2 оң жаққа 3-4 сол жаққа айналу
-қатарласа тұрып, бір қолдарымен бір-бірінің иықтарынан ұстап, аяқтарын жоғары серпіле сермеу
-қарама-қарсы тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, бірі оң, бірі сол аяқты көтеріп тұрып, отырып тұру
-қарама-қарсы арқаларын тигізе шынтақтарын айқастыра отырып тұру
-бірі қос иықтан қос қолмен басып екіншісі он рет секіру
Достарыңызбен бөлісу: |