Хлор Табиғатта таралуы Хлор табиғатта активті элемент болғандықтан тек қосылыстар күйінде кездеседі. Негізінен сілтілік және сілтілік-жер (II) металдарының хлоридтері күйінде; олар карналлит KC1*MgCl2*6Н2О, сильвинит NaCl*KCl, бишофит MgCl2*6Н2О, галит тас тұзы NaCl, т.б.
Атом құрылысы Хлор III периодтың, VII топтың негізгі топшасының элементі, 35,417С1 ядросындағы протон сандары 17, яғни ядро заряды +17, электрондар саны 17, нейтрондар саны 18. Хлор атомының электрондық формуласы: ls22s22p63s23p5, валенттілік электрондары 3s23p53d0.
Алынуы. Өндірісте хлорды ас тұзының балқымасын электролиздеу арқылы алатындығын айтқанбыз. Осы әдіспен жұмыс істейтін зауыт Павлодарда орналасқан.
Зертханада концентірлі тұз қышкылына марганец диоксидін (МnО2) қосып, тотықтыру арқылы алады.
Молекула құрылысы Хлор молекуласы да басқа галогендердікі сияқты екі атомды. С12 молекуласы хлордың 3р-деңгейшесінде орналасқан дара электрон бұлттарының қабысуынан болады, арасына бір байланыс түзіледі.
Физикалық қасиеттері Хлор - сарғыш-жасыл түсті тұншықтырғыш улы газ. Онымен тек тартпа шкафтың ішінде жұмыс жасау керек. Хлор ауадан 2,5 еседей ауыр. (Daya = М(С12)/М(ауа) = 71/29 = 2,45), сондықтан оны ауаны ығыстыру арқылы жинайды, ыдыстың аузын жоғары қаратып ұстауға да болады. Суды ығыстыру арқылы жинауға болмайды, себебі хлор сумен химиялық әрекеттесіп, хлор «суын» түзеді.
Химиялық қасиеттері Хлор бос күйінде едәуір белсенді зат, алайда оның белсенділігі фторға қарағанда төмен. Хлор оттегі, азот және бекзат газдардан басқа жай заттардың барлығымен дерлік әрекеттеседі, ол үшін жылу немесе жарықтандыру қажет.
Н2 + С12 = 2HC1
Бұл реакцияны былай жүргізуге болады: екі сынауықтың біріне Н2, ал екіншісіне С12 толтырып аламыз да, хлоры бар сынауықтың үстіне сутегімен толтырылған сынауықты төңкеріп, олардың ауыздарын түйістіріп алып, араластырып, спирт шамының жалынына ұстағанда реакция жүреді де HC1 газы пайда болады.
Енді осы сынауықтарды су құйылған ыдысқа төңкерсек, сынауықтардың бойымен судың көтеріле бастағанын байқаймыз, себебі HC1 газы суда еріп, тұз қышқылын береді. Оны метилоранж тамызу арқылы анықтауға болады (қызарады).