Реферат тақырыбы: Халықты қорғаудың негізгі прициптері мен қорғау әдістері Дайындаған: 2 курс студенті



бет5/9
Дата31.12.2021
өлшемі137,79 Kb.
#22572
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
титулька 3 тір

2.Панаханардың жіктелуі

1.Арапайым панаханалар

Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шыға беріс болуға тиіс.

Панахана (жапсарлас) Жеке тұрған панахана

Панаханалар су баспайтын учаскелерде терендетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем болмауға тиіс.

Панаханың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының ете беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау есебінен кол жеткізіледі.

Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус). орындардың жиынымен анықталады. Шағын — 300 адамға дейін, орта — 300—600 адам, үлкен — 600-ден астам адам.

Бейбіт уақытында панахана олардың қорғаныс ерекшеліктерін бұзбай өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға пайдалануы мүмкін.

Панахана онда жасырынған адам үшін қажетті санитарлық гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етуге тиіс: ауадағы көмір қышқыл газдың көлемі 1% (шекті жол берілуі — 3%), ылғалдылық 70% (шекті жол берілуі — 80%), температура 23 °С (шекті жол берілуі — 31 °С) аспауға тиіс.

Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тұрғызылуға тиіс. Олар: адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салынуы, су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болуы, пана-хана арқылы транзиттік-инженерлік коммуникацияның еткізілуіне жол бермеу.

Авариялық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кіреберістер мен шығаберістердің болуы.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Панахананың ішкі бөлімдері (қорғалатын дизель электростанцияларын, тамбур- шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м3 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5 м2және үш ярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биікгігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңцайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15 м болуға тиіс (шекті жол берілетін бшкгік кеміңце 1,85м).



Жасырынуға арналған бөлме бір неше бөлікке бөлінуге тиіс, адамдарды орналастыру үшін бір жөне екіярусты орындықтар немесе нарлар қойылады; төменгісі отыру үшін, үстіңгісі жату үшін. Жатуға арналған орын нар екіярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20% - ін, ал үшярусты орналасқан кезде 30%-ін құрауға тиіс.

Басқару нүктесіне арналган бөлме қорғалған электркөзі бар бөлмеге орналасады бір жұмыс істейтін алаң нормасы 2м2 болып белгіленген.

Санитарлық нукте (медпункт) сырқаттарды анықтау және оқшалау мақсатында жасырынатындардың жүріс тұрыстары мен денсаулық жағдайын түрақты бақылайды. Ғимараттың санитарлық ахуалын, азық-түлік пен ауыз суының сақталуы мен таратылуына санитарлық қадағалау жасайды. Ол ұжымдық дәрі-дәрмек қобдишасымен жабдықталады (1 тізбе — 100—150 адам; 2 тізбе 400—600 адам үшін). Звенода (топта) қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер болған жағдайда қосымша фельдшерлік, дәрігерлік қобдишамен жабдықталады.

Желдетілетін бөлме панахананың ішкі қабырғыларымен түйісуге және кіреберістер мен авариялық шығыберістерге жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылығы 150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне тікелей орналасуға рұқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет