Реферат Тақырыбы: Инженерлік жасырылу іс-шаралары Тексерген



бет2/3
Дата23.11.2022
өлшемі48,26 Kb.
#52157
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Мина далаларын өту тәсілдері

Негізгі бөлім
Инженерлік жасырылу іс-шаралары

Мониторинг дегенiмiз не латын тiлiнен аударғанда (напоминающий, еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.


Жалпы мониторинг дегеніміз
- Белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті.
- Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.
- Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.
Мониторинг – пән мазмұнына, ғылыми мамандығына байланыссыз ойлау қызметiнiң әмбебап (универсальды) типi.
Мониторингтiң атқаратын қызметi
1. Әрекет барысына түзетулер енгiзу.
2. Елеулi проблемаларды, олардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету.
3. Аралық мiндеттерiн орындалу сапасын анықтау, түпкiлiктi нәтиженi болжау.
4. Сауатты түрде басқарушылық шешiмдер қабылдау.
Мониторингтiң түрлерi:
- Педагогикалық;
- әлеуметтанымдық;
- психологиялық;
- медициналық;
- экономикалық;
- демографиялық.
Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг қызметi:
- Мақсаты
- Ұйымдастыру.
- Ақпарат өңдеу.
- Шешiм қабылдау.
- Болжам жасау.
Мониторингтiң негiзгi мiндетi – мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.
Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар
- Ақпараттың толықтылығы.
- Нақтылығы.
- Объективтiлiгi.
- Үздiксiздiгi.
- Уақытында орындалуы.
- Құрылымдылығы, үздiксiздiгi.
- Мониторингтiң әр түрiне арнайы жасалуы.
ІІ.Педагогикалық мониторинг туралы
Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттардан жүзеге асырылады: 1)ақпараттың мазмұны. 2)ақпараттың сапасы. 3)ақпаратты басқаруда пайдалану.
Ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары.
– Объективтiлiгі. – Нақтылығы. – Толыққандылығы. – Жеткiлiктiлiгi. – Оңтайлылығы.
– Жүйелендiрiлгендiгi. – Оперативтiлiгi. – Түсiнiктiлiгi.
Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг - қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату.
Г.А.Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.
Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар:
Мониторингтiң педагогика теориясына жәнепрактикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болыптабылады:
-Педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер.
-Педагогикалық менеджмент.
-Педагогикалық диагностика.
-Педагогикалық тестiлер.
-Бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы жеткен жетiстiктер.
-Шығармашылық қабiлет.
Мониторингтiң негiзгi объектiсi – бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк.  Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болыптабылады.
Педагогикалық – психологиялық нәтиженiң сандық, сапалық бағалау өлшемi болып, оқу процесiндегi күтiлетiннәтиже мен қызмет шарты белгiленген норм, эталон қабылданады.
Норма мониторинг үшiн ең негiзгi шарт, өйткенiнәтиже осы нормамен салыстырылады.
Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiндежетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрiоқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтанда педагогикалық диагностика педагогикалықмониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.
Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйеқызметiнiң нақты нәтижесi мен мақсат арасындағынормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес, мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге жету жолдарын түзетушi мәлiметтерменқамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг – үздiксiз процесс. Мониторинг жүйесi оқужылы басталмай тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау ұқсастығы мақсатында, жұмыс жоспарына, штат кестесiне қатысты. Мониторингтiң көп аспектiсiбағалауға ұқсайды. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығында, сонымен бiрге жиналған ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығында.
Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердіңбіліктілігін арттыру және оларды аттестациялау. Әдістемелік жұмыс – мұғалімнің кәсіби, ғылыми-теориялық, мәдени деңгейін көтеруге бағытталған кешендіүрдіс.
Әдістемелік жұмыс үздіксіз білім берудің құрамдасбөлігі. Әдістемелік жұмыс бұл өзін-өзі жетілдіру үшінұйымдастырылған топтық, жеке және ұжымдық кешендіүрдіс. Ол оқу-тәрбие үрдісін басқарудың, мұғалімдердіңжоғары әдістемелік мәдениетін, еңбек сапасыныңнәтижесінде тәрбиелеудің маңызды әдіс-тәсілі болыптабылады. Әдістемелік жұмыстың талаптары көптегенғылыми еңбектерде қаралады.
Ю.К.Бабанскийдің «Методическая работа в школе: организация и управление. Рекомендации для руководителей школ. М., 1988» еңбегінде зерттеліпкелтірілген. Олар: әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенділігі, шығармашылығы, теория мен практиканың бірыңғайлығы.
Әдістемелік жұмыс оқу жылына жоспарланып, екіайда бір отырыс жүргізіледі. Онда озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері, ашық сабақтар талқыланады, сабақтыңтүрлері, дөңгелек стол, іс ойындар, сынып аралықсабақтастық т.б. қаралады. Ғылыми конференциялар, педагогикалық оқулар дайындап өткізу, жаңа келген жасмұғалімдермен жұмыс жүргізіледі. Әдістемелік жұмыспедагогикалық үрдістің құралы ретінде қарауымызғабайланысты оның ғылыми еңбектерде критерийлері(белгілері) анықталған.
Бірінші критерийі (белгісі)– нәтижелілігі. Бұл арадаәрбір оқушының жеке басының ерекшелігі ескеріледі жәнеоқу мүмкіндігіне қарай оқушының «жақын даму зонасын» анықтауға бағытталады.
Екінші критерий (белгісі) – уақытты тиімді пайдаланбілуі, экономия жасау, оқу тәрбие үрдісінде мектепте мұғалімнің шеберлігінің өсуі уақыттың тиімдіпайдалануынан шығады.
Үшінші критерий (белгісі) – мұғалімнің өз еңбегінеқанағаттану. Егерде мектепте моральдық –психологиялықжағдай қалыпты болса, жауапкершілік, міндет, қызығушылық мотивтері үнемі мұғалімнің жұмысындақалыптасатын болса, онда мұғалімнің табысты жетістіккежетуге әбден болатыны анық. Мектепте әдістемелікбірлестіктердің түрлері: пән мұғалімдерінің бірлестіктері, бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестіктері, сыныпжетекшілердің әдістемелік бірлестіктері. Әдістемелікжұмыстың мазмұны келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
• мұғалімнің мәдени дайындығы;
• кәсіби-білім деңгейі;
• мәдениеттілігі;
• диагностикалық қабілеті;
• ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметі.
Мектептегі әдістемелік жұмыстар көптеген факторларғабайланысты өзгеріп
отырады. Олар: білім беру саласындағы заң актілері мен құжаттары; мұғалімдердің педагогикалық мәдениетініңдеңгейінің өсуі, диагностикалық жұмыстар, мектептегіморальдық-психологиялық жағдайлар, т.б.
Педагогикалық ұжымға ықпал жасау бұл шығармашылықбелсенділік ортаны жасауға, оларда жайлы психологиялықрайлы қалыптастыру мақсатында педагогикалық ұжымғаықпал жасау тәсілдері. Осы мақсатта көптеген көңілмынадай мәселелерге бөленеді, ұжым мүшелерініңарасында қоғамдық және педогогикалық жұмыс көлемінқалай қолайлы дұрыс бөлу, сабақ кестесін жасау, олардыңуақытында ұқыпты қарау еңбекті ғылыми ұйымдастыруды Е.Ғ.У. ендіру, қайсылары жоғарыда көрсетілгендей табыстышешуге мүмкіндік жасайды. Осы міндеттерді табыстышешуге бағытталған педагогикалық ұжымның жұмыстәжірибесінде осы қосымша арнайы әдістер анықталған. Оларға жататындар мыналар: келешегі мол саланы ұсыну, мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, бірыңғайталап, дәстүрлер, қайсылары белсенділікті көтеруге, өзаракөмекке еңбек ұжымдары мүшелерінің арасындағыжолдастыққа бағытталған.
Болашақ бағытты ұсыну. Бұл ұжым мүшелерінің мектептегіпедагогикалық үрдісті жетілдіруде мұғалімшығармашылдығының жөнге келтіру жағдайын жасаудағыіздену қызметіне тарту тәсілдерінің бірден бірі. Бұл жұмыс, еңбектің ұжымдық шығармашылдық жолымен, ұжымжұмысын жалпы мектептік методикалық белгілі тақырыпбойынша ұйымдастыру, барлық жұмысты келешегі мол жоспарлау жолымен жүзеге асырылады.
Мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру. Мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, мұғалімдердің өзара бірін – бірі ғылыми теория, әдістемелік жағынан байыту, өзара көмектесу жәнебірлескен қызметті асыру нәтижелілігі.
Қазіргі мектепте мұғалімдердің ынтымақтастығын мынадайтүрлері кеңінен өріс алды: жас мамандардың сынақ ісі, озаттәжірибе мектебі, жетекші, өзара сабаққа қатысу сияқты т.б. оқу-тәрбие оқулары.
Бірыңғай талаптар. Бұл әдіс мұғалімдерге және оқушылрғабіріңғай талаптарды жалпы келісу жолымен жүзегеасырылады. Алдыңғы қатардағы мектептерге қойылатынбіріңғай талаптардың тізімі жасалуда.
Дәстүрлер. Дәстүрлер ұжымдық құндылықты бекітутәсіліне жатады. Іс жүзінде кең көлемде осы әдістіңмынадай әртүрі қолданылады: мейрамдарды бірге өткізу, салтанатты мәжіліс, көркемөнерпаздар концерті, ардагерлермерекелері, озат мұғалімдерге құрмет көрсету, жасмамандарға арналған кештер т.б.
Дәстүрлер ұжымның даму дәрежесін көрсетеді, оны бекітеді, оның өмірін көбірек тиянақты, бекім жасайды. Эмоцияға бай, ал адамгершілік мөлшерімен өлшемі тымұтымды әсерленеді.
Жоғарыда айтылған сияқты, әлеуметтік басқарудың кез-келген үрдісі мақсатқа сәйкес бағытталған сипат алады. Бірақ, мақсат жүйенің болашағын жобалау ретінде, тек бұл жүйенің болып өткен қызметінің қорытындысын талдау, қашан әлі шешімі қабылданғанға дейінгі қалыптасқан келелі мәселелер қисынға келтірілуі мүмкін. Бұл, демек, әртүрлі басқару циклі мәліметтерді қабылдаумен аяқталады, қайсысы жаңа басқару циклі үшін алғашқысы болуында. Мектепті басқаруда педагогикалық талдаудың, оның мәнінің дербес функциясының бар болуын, ролін және орнын Ю.А.Конаржевский сендіре көрсетеді.
Әрине, мектепті басқарудың іскерлік қызметіне бақылау қай жерде аяқталады және қай талдану басталатынын айыру өте қиын. /қайта жоспарлау аяқталады және қайта ұйымдастыру басталады сияқты/. Бірақ бақылау кері байланысты қамтамасыз етеді, кері мәліметтің бірден бір негізгі жолына қызмет етеді, сонымен басқару қызметінің қорытындысын /нәтижесін/ тану үшін белгілі жағдай жасайды, танымның өзін педагогикалық талдауға айналдырады. Егер бақылау «Не болды ?» деген сұраққа жауап берсе, онда педагогикалық талдау – «Бұл неліктен болды ?» деген сұраққа жауап береді. Ал бұған жауап, жат оқиғаның біліну себептерін жою немесе анықталған жағымды оқиғаны дамыту мақсатын көздейді


2.2.
Білім беру процесін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық , қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзетушілік қызметтер атқарады. Енді осы қызметтердің әрқайсысына тоқталайық.
Педагогикалық процестің нәтижесін айқындай отырып, обьектінің жағдайы жөнінде мәлімет алу, кері байланысты қамтамасыз ете отырып, нағыз білім беру процесін, оның қиындығын, бұрмалануын анықтау педагогикалық мониторингтің ақпараттық қызметі болып есептеледі. Жинақталатын ақпарат толық, нақты, әділ, дәл мерзімді болу керек.
Мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі оқытушылардың білімгерлерді оқытуға, тәрбиелеуге қызығушылығын дамытады, балаларды жан-жақты тануға түрткі болады, әрі өзінің педагогикалық еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандырады және оқытушы әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.
Мониторингтің қалыптастырушы қызметі нәтижесінде білімгердің «дамуының жақын аймағына» ықпал ете отырып, білімгер тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды. Әрбір жеке білімгерге қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін таңдауға, білімгердің педагог назарынан шығып қалмауына ықпал етеді.
Оқу процесінде болжанбаған, кездейсоқ нәтижелерді табу және белгілеу, білімгерлердің жат әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шара қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.
Мониторингтің барлық қызметтері оқыту мен тәрбиелеу әрекетін басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген. Мониторинг бес кезеңмен жүргізіледі. (кесте)
Білім беру мекемелері жұмысына педагогикалық мониторинг жүргізудің алғашқы кезеңі мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан басталады. Мақсат өзекті, нақты, іске асатындай болуы керек екендігі ескеріледі. Бұл кезеңде негізгі көрсеткіштер мен критеррийлер анықталып, диагностикалау әдістері таңдалады. Диагностикалау әдістерін формальді әдістері (тесттілер, анкеталар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант деп бөлуге болады.
Мониторинг процесінің барлық қызметі мен кезеңдері, яғни оның барлық құрылымдық және қызмет элементтері бір-бірімен байланысты және педагогикалық мониторингтің тұтас циклін құрайды. Осы компоненттердің кез-келген педагогтардың әрекет жүйесінде болуы педагогикалық мониторингтің толық жүйесін жүзеге асырылуы «оқытушы - білімгер» жүйесіндегі педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


2.3

Еліміздің егемендік алып, туымыз көкте желбіреген уақытта қоғамдық өмірдің барлық, оның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан модернизациялау мен ізгілендіру білім беру мекемелерін осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.


Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеп, білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену шарттарына сәйкес білім жүйесін жаңартуды талап етеді.


Мемлекеттік бағдарламада мынадай міндеттер қойылған: білім саласын дамытуды ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша бірыңғай жүйе негізін қалау және білім беру ұйымдары мен ондағы оқу үдерістерін тиімді басқару үшін салалық ақпараттық жүйені құру.


Бұл бағдарламада жалпы білім беруде мониторингтік жүйені дамыту, білім сапасын бақылаудың және бағалаудың ұлттық моделін жетілдіру, бейінді білім беруді жаппай жүзеге асыру, 12 жылдық білім беруге көшу сияқты мәселелер күн тәртібіне қойылған.


Бағдарлама, бірінші кезекте, білім берудегі сапа менеджементі жүйесіндегі, педагогикалық мониторингті жетілдіре отырып, «барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу» талабын қояды. Мониторингтік зерттеулер – білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі бақылау, нәтижелерін өңдеп, талдау, ақпараттарды сақтау, жинақтау және тарату арқылы білім беру жүйесін дамыту үшін болжамдар жасау және басқару тетіктерін жетілдірумен айналысатын болады.


Қазіргі уақытта тек мұғалім ғана емес, оқушы (студент, магистрант) да жоғары балл жинап, күнделікті материалды терең меңгергенде ғана сапалы білім алу мүмкін екендігін жақсы түсінеді. Осыған орай, бағдарламаның «Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі» тарауында «білім беру нәтижелерін басқарудың базасы және даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі» деп жазылуы өте орынды.


Қазіргі ХХІ ғасырда білім беру үрдісін ақпаратпен қамтамасыз ету құралы – білім сапасын мониторингілеу және диагностикалау болып отыр. Ал, педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.


Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттар арқылы жүзеге асырылады:


ақпараттың мазмұны;


ақпараттың сапасы;
ақпаратты басқаруда пайдалану.
Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг – қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату болып табылады.

Г.А. Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.


Педагогикалық мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:


педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер;


педагогикалық менеджмент;
педагогикалық диагностика;
педагогикалық тесттер;
бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы жеткен жетiстiктер;
шығармашылық қабiлет.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсi бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк болып табылады. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.

Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.


Ал педагогикалық диагностика бұл бақылау түрлерінің бір жүйесі. Онда өлшемдік тетіктердің көптеген түрлері бар. Педагогикалық диагностика — педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз – белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.


Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезімізде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілері, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностикалау педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.


Педагогикалық мониторингті зерттеген В.А. Болотов, В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, В.И. Гинецинский, А.Н. Дахин, В.М. Монахов, А.М. Новиков, Л.С. Подымова, В.А. Сластенин, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко, Н.О. Яковлевалар өз еңбектерінде педагогикалық мониторингтің нәтижелері мен құрылымын және түсініктемесін талдай келе, қазіргі педагогикалық ғылымда және тәжірибеде осы күнге дейін мониторингке деген жүйелі тәсілдемелердің құралмағанын, ал ол, бір жағынан, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік бағыттарын, екінші жағынан, практикалық педагогикалық қызметтің теоретикалық негізділігін едәуір төмендетеді.


Білім берудегі мониторинг – бұл педагогикалық және басқарушы категория, өйткені ол ақпарат теориясының негізгі қағидаларынның көшірмесін жасамай, оны педагогика, психология және басқару тіліне аударады.


Мониторинг деректерін бастапқы жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыру қолданылған әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалауға, оларды түзетуге мүмкіндік жасайды. Әрине, мониторингті тәжірибелі қызметкерлердің жүргізгені дұрыс. Мониторингті жүргізу арқылы деректер базасы құрылады , олар берілген топтағы оқушылардың (қызметкерлердің, студенттердің, магистранттардың ) ары қарай дамуын терең талдауға және дер кезінде түзетулер жүргізуге мүмкіндік береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет