ҚОРЫТЫНДЫ 75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Азаматтар мен оқушы жастардың денсаулыған сақтау және дамыту Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында белгiленген «Қазақстан – 2030» стратегиялық нұсқалы бағыттарының бiрi болып табылады [1].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы бойынша 2002 жыл Қазақстанда Денсаулық жылы болып жарияланды. Біздің қоғамымыздың, елiмiздiң болашағы байланысты болып отырған жеткіншек ұрпақтарымыздың салауатты өмiр салтын құрулары ғалымдарды, дәрiгерлердi, ата-аналарды және бiлiм беру жүйесiнде қызмет ететiн педагогтарды күннен-күнге көп толғандырады. Оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерiнiң сайдың тасындай сау өмiр сүрiп, еңбек етуiне байланысты. Сондықтан бұл мәселеге мемлекеттiк тұрғыда мән берiлiп отырганы бекерден бекер емес. Әсiресе, жас ұрпактьң ауырмай, сырқамай ер жетiп, мұраларының биiгiне жасқанбай қол созып, күрескерлiк қалыппен алға басуынан артық ғанибет бар ма! [2].
Қытай дәрігерлері жастарға көк шайды ішкізіп әлек, Украина Президенті «сыраға салынған» ұрпақты жөнге салмақ, Оңтүстік Кореяда ғаламтордың «торына» түскен балалар болашағына алаңдаса, Германияда кәмелетке толмағандар арасында «тері рагы» ауруы белең алып кетті. Ертеңіміздің жалғасы жастар. Ал жастардың денсаулығы жақсы болмаса, ертеңгі күннің жарқын болуы да шамалы. Соңғы жылдары әлемнің әр елінде биліктегі азаматтар жастардың денсаулық проблемалары жайлы мәселелерді жиі қозғайтын болды. Соның ішінде жасөспірімдер арасында ауру түрлерінің көрсеткіштері жоғарылауда. Қоршаған ортаның ластануы, денсаулыққа зиянды әсер ететін экологиялық проблемаларды, бұрыннан белгілі аурулар түрі көбейіп кетті. Біз «Жаңа ғасырда жаңа ауруларға» шалдығатын болып жүрміз. Техника дамыған сайын адамның өмірі жеңілдей түседі. Адам өмірі жеңілдеген сайын денсаулығы нашарлайтын үрдіс байқалады. Бұл қазіргі уақыттың айқын ақиқаты болып отыр[3].
Сондай аурулардың бірі, жаңа ғасыр жаңа ауруы – интернет-тәуелділік. Интернетке тәуелділік дегеніміз ауру ма? деген сұраққа сан түрлі жауап алуға болады, яғни, тартысқа толы сұрақ. Егер алкагольді ішімдіктерге тәуелділікті ауыр екендігін бұрыннан-ақ білсек, интернетке тәуелділікті де аурулар қатарына жатқызуға болады ма? Қанша дегенмен де ұқсастықтары баршылық қой. Бұл сұрақ бойынша да ғалымдар екі жақты тұжырым айтады.
Бірінші жақ Нью-Йорктік ғалым Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша 1995 жылғы енгізген Интернетке тәуелділік терминін (internet addiction disorder, қысқаша IAD) жақтаушылар. Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша мұндай тәуелділік психикалық проблема ретінде сипатталған. Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратындығы тілге тиек етілген. Ал екінші жақтың өкілдері Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екендігін алға тартады, яғни, алдыңығылардың тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі,ауоуға тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.
Bernad Batinic, (ғалым, Гисен университеті (Германия), Психология факултеті) өз ойын былайша жеткізді: ”Интернетке тәуелділік проблемасы бар. өздерін интернет пайдаланудан алшақ ұстай алмайтын немесе интернет пайдалануды доғара алмайтын адамдар бар. Бірақ қалыпты адамдар мен тәуелділікке бой алдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды нақтылау да қиын болып отыр”. Турасында, ол кісі Интернетке тәуелділіктің арту кезеңінде ешқандай да автоматты түрде жүретін құбылыстың болмайтындығына сенімді: ”Интернетке тәуелді болу үшін алдын ала қандай да болмасын психикалық кемістіктер болуы шарт. Мысалы, алкагольді ішімдік ішетіндердің барлығы бірден алқаш бола қоймайтыны секілді.” — деп, өз ойын нақтылады.
Қазіргі таңда Еуропа аумағында 100 000 астам адам осы тектес проблемаларға тап болып отырғанға ұқсайды. Көбі интернет атаулыға түгелдей тәуелді, не болмаса интернетте шамадан тыс уақыт жоғалтып қоятындары да болады[4].
Қоғамдағы өсіп келе жатқан компьютеризация және «Интернетизациямен» байланысты шетелде 1980 жылдарда бастау алған Интернетті патологиялық пайдалану проблемесы өзекті бола бастады. Яғни «Интернет-тәуелділік» туралы айтылып отыр (синонимдері: интернет-аддикция, нетаголизм, виртуалды аддикция, Интернет әрекет-қылықтық тәуелділік, Интернетті артық (патологиялық) қолдану). Griffiths,1995 көсетуі бойынша Жоғары технологиялармен байланысты бейхимиялық (әрекет-қылықтық) аддикцияның жаңа формаларын белгілеу үшін М.Грифитс «технологиялық тәуелділіктер» терминін ұсынды, ол оны пассивті (Мысалы, теледидардан тәуелділік) және активті (Интернет-ойындар) деп бөлді.
Соңғы екі онжылдық ондаған миллион адамдардың кәсіби әрі күнделікті өмірінде Интернеттің кең түрде таралуымен ерекшеленеді. Интернет арқылы өмірдің барлық аспектілері жайлы ақпарат алынады, сауда, қарым-қатынас, сексуалдық және ойындық құмарлықтар жүзеге асырылады. Y.Amichai-Hambuger, E.Ben-Artzi (2003)мәліметтерінде израильдік психологтар «өмір аспектілерінің ішінде Интернет тимей өткені жоқ» деп дәл айтқан болатын[5].
Интернет-тәуелділігі феномені көптеген ғалымдарды алаңдатуда және осы мәселе төңірегінде медицина, әлеуметтану, физиология педагогика, экология және т.б. көптеген ғылымдар саласындағы зерттеу жұмыстары үлкен алаңдатушылықты атап көрсетеді.
Қазіргі шақта компьютер біздің өмірдің таптырмас бөлігі, алайда кей кезде біз осы түсті металдың қымбат бөліктерінің еңбекке қабілеттілігінен тәуелді болатындығымызды әрқашан да мойындамаймыз. Қазіргі кезден компьютерлік желілер қызметтің банкілік іс, қауіпсіздік жүйесі, медицина, өндіріс, ғылым сияқты және тағы басқа маңызды салаларға ендірілген. Мұндай сфераларда қателіктер жіберілмейді, ал жіберіліп қойса, қымбат бағамен түзетіледі. Адамның компьютерден тәуелділігі мұнымен шектелмейді. Калифорниялық бір ер кісі Online-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай, өзі отырған қара шаңырақты да осы интернеттің жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: ”Мен үшін интернетте отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен интернеттен көп достар таптым”. Жоғарыда аталып өткен оқиға Интернетке тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар уақыт өткен сайын жауыннан кейінгі саңырау құлақтарша қаптап келеді[4].
Сонымен компьютер, бұл зат біздің өмірге салыстырмалы жақында еніп, онда мәңгіге бекітілді. Ендігі бір де бір кәсіпорын, бір де бір оқу орны компьютерлік технологияларсыз өз ісін жүргізбейді[6]. Бір жағынан компьютер өмірді айтарлықтай жеңілдетті, екінші жағынан адамзат компьютерлік ойындар мен Интернеттен тәуелділіктің қалыптасуы сияқты глобальды проблемалармен ұштасып отыр.
Қазіргі кезде жастардың белгілі бір бөлігі компьютерлік Интернет тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсінуі қажет.
Өркениеттілік компьютерлік желілердің негативті әсері кәмелетке толмағандардың қылмыстық бағдарларын және тәуелділікті қалыптастыруы ерекше қауіп тудырады[7]. Оның қауіптілігі мынада: тұрақты тәуелділіктің дамуы, мұнда кәмелетке толмаған бала тек қана Интернеттегі жұмыс жайында ойлайды, егер үйде Интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса компьютерлік клубқа түсу үшін туыстарынан ақша «тасиды», Интернетте тым көп уақыт отырады (мектептегі сабақтарынан жиі қалады, ұйқысы қанбайды, және т.б.).
Сондықтан да аталған тақырып қазіргі таңда еліміздің болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу мәселелері арасындағы ең өзекті мәселелер қатарына жатады деп толық сеніммен айта аламыз.
Зерттеудің обьектісі: Интернет-тәуелділігі және оның жасөспірім шақтағы көріністері.
Зерттеудің пәні: Интернет-тәуелділігіне жағдай жасайтын факторлар, оның белгілері және механизмдері, жасөспірім жастағы балаларға интернет-тәуелділіктің ықпалы.
Зерттеудің мақсаты: Интернет-тәуелділіктің пайда болу себептерін, кезеңдерін, белгілерін, механизмдерін және жасөспірімдердің дара ерекшеліктерін ескере отырып, жасөспірімдердің интернет тұтынушысы ретіндегі виртуалды және интернет-тәуелділігінің алдын алу және жою жолдарын қарастыру.
Зерттеудің болжамы: Егер интернет-тәуелділіктің пайда болу себептері, кезеңдері, белгілері, механизмдері және жасөспірімдердің дара ерекшеліктері ескерілсе, онда жасөспірімдердің виртуалды және интернет-тәуелділігін болдырмай, оның алдын алуға болады.
Зерттеудің міндеттері:
Интернет–тәуелділігінің пайда болу себептері, кезеңдері, белгілері мен механизмдерін ашу;
Жасөспірімнің жас ерекшеліктері негізінде интернет тұтынушысы ретіндегі психологиялық аспектілерін түсіндіру;
Жасөспірімдердің бойындағы тәуелді әрекет-қылықтың алдын алу шараларын қарастыру, тиімділігіне көз жеткізу.
Зерттеудің кезеңдері:
І кезеңінде интернет-тәуелділік мәселесі бойынша ақпараттар, материалдар, теориялық әдебиеттер жинақталды. Ғылыми аппарат айқындалды.
ІІ кезеңде интернет–тәуелділігінің пайда болуы, дамуы, оның кезеңдері, белгілері мен механизмдеріне байланысты материалдарға теориялық талдау жүргізілді. Жиналған материалдардың қажеттілерін іріктеп алдым.
ІІІ кезеңде теориялық-ғылыми мәліметтерді тәжірибелік-зерттеу жұмысында қолданып ой қорытындыланды.
Зерттеудің базасы: Тәжірибелік зерттеу жұмысы Тараз қаласының Тараз «Парасат» колледжіндегі 4 курс білімгерлерімен өткізілді.
Зерттеудің әдістері: зерттеудің өзекті мәселелеріне философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік әдебиеттер тұрғысынан талдау жүргізіп, педагогикалық ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты теориялық тұрғыдан қарастыру, интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасы, К.Леонгардтың тест-сұрақшасы, мақсатқа сай тәжірибелік-экспериментті жүргізу, оның нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу және қорытындылау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлім, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |