«Тайсойған» полигоны
Маңғыстаудың соры – «Қошқар ата» уран қалдықтарын сақтау қоймасы. Ол терең сай, оған СССР дәуірінде радиоактивтік қалдықтарды, бұрынғы химия-гидрометаллургиялық зауыттың өндірістік қалдықтарын, одан қала берді фосфоридтерді тастаған. Қазір МАЭК пен қаланың шайынды сулары сонда жиналады. Кейін 130 гектарға жайылған көл пайда болған. Зауыт жұмысы тоқтаған соң ол құрғап, тартыла бастады.Ал улы қалдықтар желмен қоршаған ортаға, Каспийдің арғы бетіне дейін тарай бастады. Біз алдымен «Қошқар ата» қоймасының төңірегіндегі тіршілік көздерін - теңіздегі балықтар, жәндіктер, құрлықтағы жылан, кесіртке тәрізді тіршілік иелерінің ағзасын жан-жақты зерттедік және зерттеуге доминантты түрлерін, яғни тұрақты түрде мекендейтіндерді алдық. Зерттеу қорытындысы олардың бәрінде рак клеткаларының қайта тууы болатынын көрсетті. Ал ағзада хромосома саны өзгеріп, гиперплоидтар көбейген соң ісікке айналады.
Қошқар ата
ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі болып табылады. Алайда қазіргі таңда ТМД – дағы осы бір аса ірі ғарыш кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалып отыр.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерлерін тигізуде:
— ұшу процесінен кейін, атомосфераның табиғи режимі бұзылады;
— атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;
— атмосфераның озон қабатын бұзады;
— территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды;
— қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
— ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.
Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |