ІІ.Негізгі бөлім 1.Жарақат.Жарақаттану түрлері Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы -- бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында). Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бірнешеге жіктейміз. Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді: 1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану; 2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану; 3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану); 4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар); 5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану; 6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары. Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда -- жаралану, көшеде -- сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады. Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар. Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі -- зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен салыстыру сот травматологиясы мәселелерін шешуге көмектеседі. Мәселен, сот медицинасының мамандары мөлшерленген динамикалық және статикалық күш түсіру жағдайында бас сүйегі мен омыртқалардың зақымдануын модельдеу жөнінен кешенді түрде көп жүмыс жүргізді. Бұл жұмысқа олармен бірге травматологтар, анатомдар, физиологтар, спорт және авиация медицинасының мамандары, инженерлер мен математиктер қатысты. Денені автомашина басып кеткенде немесе соғып кеткен кезде автомобиль кабинасы ішінде, сондай-ақ жазық жерге құлаған жағдайда баспен соғылған кезде алынатын жарақат сияқты бас сүйегі мен омыртқалар зақымдануының бірқатар модельдері жасалды. Бүл әдістемелер соғылысу шапшаңдығына, соққылардың күшіне, пайда болатын салмаққа, бастың және соғылысатын беттерінің серпімділік қасиеттеріне (қалпына келу коэффициенті) қарап, қозғалып келе жатқан дененің басы мен омыртқасының зақымдануьш туғызады. Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.