Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Реферат
Тақырыбы: Жарық интерференциясы. Когерент толқындар туралы. Уақыттық және кеңістіктік когеренттілік. Юнгтің тәжірибесі.
Орындаған: Жанаөмірова.С.Ж.
Қабылдаған:Тунгушбекова.М.К.
Қарағанды 2021
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Жарық интерференциясы...................................................................................4
2.Когерент толқындар туралы...............................................................................6
3.Уақыттық және кеңістіктік когеренттілік.........................................................8
4.Юнгтің тәжірибесі............................ ..................................................................9
Қорытынды............................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................13
Кіріспе
Кеңістікте бір немесе бірнеше когерентті толқындар қабаттасқанда оның бір нүктелерінде тербелістер күшейеді, келесі бір нүктелерінде әлсірейді. Осы құбылысты интерференция дейді.
Егер тербеліс көздері бірдей жиілікпен, бірдей бағытта, бірдей фазада не тұрақты фазалар айырмасында тербеліс жасаса, ондай көздерді когерентті тербеліс көздері деп атайды.
Егер жарық – толқындар ағыны болып табылатын болса, онда жарықтың интерференция құбылысы байқалуы тиіс. Бір-біріне тәуелсіз екі жарық көзін, мысалы, электр шамын, пайдаланып интерференциялық көріністі (жарықтаудың максимумы мен минимумының алмасып кезектксуін) шығарып алуға болмайды. Тағы бір шамды жаққанда беттің жарықталуы ғана күшейеді, бірақ жарықталудың максимумы мен минимумының кезектесуі жағдайын туғызбайды.
Не себепті бұлай болатынын және қандай жағдайларда жарықтың интерференция құбылысы байқалатынын айқындайық.
Жарық толқындарының когеренттік шарты. Мұның себебі алуан түрлі жарық әр түрлі жарық көзі шығаратын толқындардың бір-бірімен үйлеспейтіндігінде. Тұрақты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін үйлесімді толқындар болуы қажет. Олардың толқын ұзындықтары бірдей және кеңістіктің кез келген нүктесіндегі фазалар айырымы тұрақты болуы қажет. Толқын ұзындықтары бірдей және фазалар айырымы тұрақты болып келетін мұндай үйлесімді толқындарды когерентті толқындар деп аталады. Екі жарық көзінен ұзындықтары бірдей дкрлік жарық толқындарын шығарып алу қиын емес. Ол үшін толқын ұзындықтарын аса қысқа интервалмен жіберіп тұратын жақсы жарық сүзгісін пайдалану әбден жеткілікті. Алайда бір-біріне тәуелсіз екі жарық көзінен шыққан жарық толқындарының фазалар айырымының тұрақты болуын жүзеге асыру мүмкін емес. Жарық көзі атомдары жарықты бір-біріне тәуелсіз ұзындығы бір метрдей синус-ойдалық толқындардың жеке-жеке «үзіктері» (цугалар) түрінде шығарып таратады. Екі көзден шыққан толқындардың үзіктері бірінің үстіне бірі келіп түседі. Осының нәтижесінде кеңістің кез келген нүктесіндегі тербелістер амплетудасы уақыт өтумен, дәл осы мезетте әр түрлі жарық көзінен шыққан толқындардың үзіктері бір-біріне қатысты фаза.
Достарыңызбен бөлісу: |