Реферат Тақырыбы: Жартылай өткізгіш құрылғылар, күшейту каскадтары. Электрондық және иондық құрылғылар



бет2/6
Дата07.12.2022
өлшемі202,45 Kb.
#55576
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Туралиев Нұртілек СӨЖ

1-сурет

2. Жартылай өткізгіштер.

Жартылай өткізгіш дегеніміз не?

Жартылай өткізгіштер — өзінің электрлік қасиеті жағынан өткізгіштер мен диэлектриктердің (мысалы, германий, кремний) арасынан орын алатын элементтер. Металдармен салыстырғанда жартылай өткізгіштер электр тоғын аз өткізеді, ол сәулелену кезінде жарық энергиясының ағымымен өзгере алады. Радиолампалармен салыстырғанда жартылай өткізгіштер құралдардың көлемі мен салмағы аз, электрлік және механикалық беріктігі жоғары болады, олар ұзақ уақыт қызмет ете алады және электр энергиясын аз пайдаланады.

Жартылай өткізгіштердің ерекшеліктері қандай?

Жартылай өткізгіштердің кәдімгі температурадағы электрөткізгіштігі металдардың электрөткізгішітігімен салыстырғанда аз. Өте төмен температурада олар диэлектриктерге ұқсайды. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі температура мен жарық әсерінен қатты өзгереді, яғни температура артып және жартылай өткізгіш неғұрлым қатты жарықталынса, оның электрөткізгіштігі де соғұрлым жоғары болады. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі оның құрамына өте аз шамада қоспалар енгізу жолымен басқарылады.

  • Диод - Екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр түрлі өтімділігі бар электронды аспап.

  • Варистор - Берілген кернеу өзгерісіне сәйкес кедергісі өзгеретін шала өткізгіш резисторлар.

  • Транзистор - Электр тербелісін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.

  • Интегралды микросхема - Өзара байланысты элементтерден тұратын және жартылай өткізгішті кристалдың ішінде немесе бетіне технологиялық топтау тәсілдерімен біріктіріліп орнатылған электрондық микросхема.

  • Тиристор - Көп қабатты құрылымды шала өткізгіштің монокристалды негізінде жасалған шалаөткізгіштік аспап.

  • Фоторезистор - Жұмысы ішкі фотоэффектіге негізделген, жарық әсерінен электрлік кедергісі кеміп, электр өткізгіштігі артатын шала өткізгіш аспап.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет