Реферат тақырыбы. Жас ерекшелік жіктеме Акселерация түсінігі. Орындаған Манарбек Х



бет2/2
Дата17.10.2023
өлшемі45,83 Kb.
#117448
түріРеферат
1   2
Акселерация — жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.
Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі.
Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады.
Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.
• Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы – орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі - ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады.
Акселерация құбылысы ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Оның себебі Е. Кох (1953) рахит ауруларының алдын – алу үшін берілетін Д-витаминінде деп есептеледі. Сонымен қатар урбанизациялық процестің де акселерациясы үшін маңызы зор болып есептелінеді; көшедегі жүріс жылдамдығы: қаланың шуы, киноның, театрдың, теледидардың және басқа ақпараттық мәліметтер әсері; дене тәрбиесі, спорт, медициналық көмек, әлеуметтік жағдайлар әсері. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның сәулелік (радиациялық) жағдайларының әсерін де естен шығаруға болмайды. Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио толқындық және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де зерттеуді қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше факторлардың ыңпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер


1. Ильина Т.А. Педагогика оқу құралы. Алматы 1977.
2. Қоянбаев Ж.Б., Іоянбаев Р.М. Педагогика. Астана 1998.
3. Қоянбаев Ж.Б. Педагогиканы оқудың кейбiр мәселелерi. Алматы 1978 ж.
4. Харламов И.Ф. Педагогика. М., 1990 г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет