Реферат Тақырыбы: Жер кадастрының ғылыми негіздері Орындаған: Іңкәрбаева Ажар Қабылдаған: Жолдасова Макпал



бет1/5
Дата04.05.2023
өлшемі42,75 Kb.
#89912
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ðåôåðàò Òà?ûðûáû Æåð êàäàñòðûíû? ?ûëûìè íåã³çäåð³ Îðûíäà?àí ²?


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті



Реферат
Тақырыбы: Жер кадастрының ғылыми негіздері
Орындаған: Іңкәрбаева Ажар
Қабылдаған: Жолдасова Макпал
Тобы: АП226k4

2022-2023 ж.ж
Жоспар
Кіріспе

  1. Жер кадастры туралы түсінік және мазмұны

  2. Жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы

  3. МЖК жүйесіндегі автоматтандырылған ақпараттар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарына ие. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га кұрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 кала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республика территориясында 8 табиғи-шаруашылық аумақ пен 2 табиғи-шаруашылық облыс бөлініп отыр. Жерлердің көбі шөл (112,2 млн. га), шөлейт (37,3 млн. га) және дала (62,4 млн. га) аумақтарында. Барлық жер қоры жеті санатқа (бөлінеді, оның 34,4%-ы - ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, 43,9%-ы - мемлекеттік қордағы жерлер, 7,5%-ы - елді мекендердің жерлері, 4,1%-ы - өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер, 4,0%-ы - орман, 1,3%-ы - су қорлары, 0,55 %-ыерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері. Республикамыздың табиғи шаруашылық жағдайы бірдей емес және әкімшілік бөлімдері көп.
Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайлары айқындайды. Оқулықта автор республиканың ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың жер қатынастарының көне заманнан бастап Ресейге қосылғанға дейінгі дамуын сараптады. Ұзақ мерзім бойы жерге (жайылымдарға және шабындыктарға) феодалдық жеке және феодалдық-рулық (тумалық) меншік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне (егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда) көне заманнан бері жеке меншік орнатылған. Ресейге косылғаннан бастап 1917 жылга дейін Қазақстанда Ресейдің жер қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты жүзеге асырылды. Кеңес үкіметі уақытында республиканың барлық жерлері мемлекеттік меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды.
1990 жылдан бастал Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды. Қазақ ССР-нің жаңа Жер кодексі енгізілді, «Меншік туралы», «Қожалық шаруашылығы туралы», «Қазақ ССР-де жер реформасы туралы» т.б. заңдар қабылданды. Республика Конституциясына (1995 ж.) мемлекеттік жер меншігімен қатар жерге жеке меншік енгізілді. «Жер туралы» (1995 ж.) Президентіміздің 2003 жылғы ҚР «Жер кодексі» Жарлықтарында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілді, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілді, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілді.
Жер реформасының дамуы жағдайында республикада жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесін кұру өте қажет. Кәзіргі уақытта барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын Республикалық жер ресурстарын баскару агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру жер катынастарын өзгертудің мемлекеттік басты құралы болып саналады, бірақ профессор Ж.Т.Сейфуллин енбектерінде көрсеткендей, реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді.
Жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесінің негізі болып Қазақстанның мемлекеттік жер кадастры
саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көп функционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты – құқықтық, қаржылық және көп функционалдық. Ал көп функционалдық кадастрдың атқарушы, орталық негізі – автоматтандырылған ақпараттық жүйе, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады. 
Сондықтан, жер кадастрының жаңа жүйесі негіздерін ғылыми дәлелдеп көрсеткен оқулық жоғары және орта оқу орындары студенттеріне, мұғалімдерге және жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесі, жергілікті атқару органдары мамандарына керекті құрал болады деп сенеміз.
Жер кадастр – мемлекеттің устаған жерлердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүесі, жер қатынастарды реттеуге усынылған, жерлердің қуқықтық, шаруашылықтық және табиғаттық жағдайы /техникалық, экономикалық және қуқықтық жағдайы туралы сүреттеме/ туралы ақпаратты қурайды. Жер кадастрдың қурулуының мақсаты жоғары акімшіліктерді, жылжымайтын мүліктін және жер учаскелердің нарығын жерлер туралы толық ақпаратпен камтамасутыру, нарықтық қатынастарды жетілдіру және өркендету, бюджетке түсімді көбейту. Мемлекеттік жер кадастрырдың жүргізүі топография-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және де басқа изденістер мен зерттеулердің мәліметтері мен негізделеді.
Жер кадастр – жерге орналастыру және кадастр мамандықттарың басты фундаментальдық ғылымі-техникалық пәні болады, онда мынадай сурақтар қаралады:
-Жер кадастрдың және жылжымайтын мүліктін қуруының және жүргізуын теориялық негіздері, бул пәннің басқа ғылымның салаларымен байланысы, республиканың жер қорының сипаттамасы; жер және қалалық кадастрдың жоспарлау және үйымдастыру принциптері; қала, аудан, елді мекендердің шеғарасы ішінде жер учаскелердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі;
-Мемлекеттік, коммерциялық мекемелерге және азаматтарға жерлерді мемлекеттік тарапынан берудің тәртібі және керекті қужаттардың қурамы; - кадастрлық есептілік объектілерін шығару принциптері;
-Қалалардың және басқа елді мекендердің шекарасын орнату, тарихтық, табиғаттық қорғау режимдерін сақтау үшін бөлінген жерлердің шекарасын орнату тәртібі, принциптері және эдісі;
-Жерлер мен жылжымайтын мүліктерді бағалау әдісі және оған қужаттарды дайындау тәртібі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет