Реферат тақырыбы: Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу. Оқу-тәрбие жұмысындағы эмоцияның рөлі



бет1/8
Дата23.10.2023
өлшемі76,73 Kb.
#120889
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8

Абай атындағы Қазақ-ұлттық педагогикалық
университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу. Оқу-тәрбие жұмысындағы эмоцияның рөлі

Орындаған: ХБК 2 топ студенті
Құлжанова Аружан
Жетекші: Талдыбай Акнур

Жоспар:


  1. Кіріспе

  2. Жоғары жүйке әрекеті

  3. Рефлекс және рефлекстік доға

  4. Жоғары жүйке әрекетінің топтары

  5. Жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттер

  6. Әртүрлі темпераменттегі балалармен өзіңді қалай ұстау керек?

  7. Әртүрлі темпераменттегі балалармен өзіңді қалай ұстамау керек?

  8. Оқу-тәрбие жұмысындағы эмоцияның рөлі

  9. Балалардың жоғары жүйке әрекеті

10. Қорытынды
11.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым - қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғарғы дәрежедегі қызметтер : ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз т.с.с ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы, физиолог И.М.Сеченовтың «ми рефлекстері» (1863 )атты еңбегі. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, -деп түсіндіреді. И.М. Сеченовтың бұл ілімін И.П.Павлов шартты рефлекс тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан.
Балалардың шартты рефлекстерінің маңызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И.П.Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз деп бөлгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысымен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер ете салысымен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменг і дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін қалыптаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет