Рефлекторлық доғаның қозу жүретін жолдары Рефлекторлық доғадағы сезім мүшесінде пайда болған қозу орталыққа барып, одан жауап келген жол тура байланыс жолы деп аталады.
Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторында пайда болған қозудың қайтадан орталыққа барған жолын кері байланыс жолы деп атайды.
Шартсыз рефлекс
Шартты рефлекс
1 Туа пайда болған .
1. Жүре пайда болған.
2. Тұқым қуалайды.
2. Тұқым қуаламайды.
3. Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады.
3. Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады.
4. Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар қажет емес.
4. Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар қажет.
Шартты рефлекстердің түрлері
Тітіркенетін рецепторларына байланысты:
1. Экстрорецепті рефлекстершартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.
2. Проприорецепті рефлекстерқаңқа бұлшық еттерін тітіркендіргенде пайда болады.
3. Интерорецепті рефлекстерішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады.
Туатын қызметтің түріне қарай: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер.
Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай: оң және теріс немеcе жағымды және жағымсыз деп бөледі.