Реферат Тақырыбы: Кәсіпорын қаржысының түсінігі, мәні мен мазмұны Орындаған: Қабылдаған



бет3/4
Дата18.10.2023
өлшемі260,75 Kb.
#117751
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Кәсіпорын қаржысы мәні мен мазмұны реферат

ІІІ.Қорытынды бөлім
Қорыта айтқанда, нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі және нарықта тұрақтылығы қаржы тұрақтылығына тәуелді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы қорларының жағдайын көрсетіп, ақша қаражаттарын маневрлендіріп және тиімді қолданып өнім сату және өндіріс процесстің үзіліссіздігін қамтамасыздандырады және кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жіктейді:
1) ақшалай ресурстармен айналым қаражаттарына қызмет көрсету;
2) ақшалай табыстарды бөлу;
3) кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметіне бақылау жасау. Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындардың экономикалық қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік ерекшеліктері, қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен астасуы, олардың өндірістік қорлар айналыммен тығыз байланысы, кейбір ғалымдардың пікірінше, халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындары қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан ерекшеленуіне әкеп соғады. Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы қатынастары ірілендірілген топтарда жинақталады; бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады: Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:
1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы, тұрақты толықтырылуы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар туындауы. Өндірістік қорлар — өндірістің серпінді элементі. Олар, өндірістің өзі сияқты, ұдайы қозғалыста болады; оның үстіне құн формалары үнемі өзгереді. Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде материалдық – заттық және ақша формасы қалады;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық қырларында ықпал жасау мүмкіндігі.
Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – халық шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға, бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар деп атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет