Өндірістік гимнастиканың кешендерінің топтамасы: Отырып жұмыс істейтіндер үшін:
Бастапқы қалыптан – орындықта отырып және оған қолдарымен сүйеніп аяқтың ұшына тұру, созылып, қолдар жан-жақтарға және жоғары – дем алу, түсіру – дем шығару.
Бастапқы қалыптан – орындықтың қасында тұрып, қолдар орындықтың арқасында, оң аяқты артқа тастап, қолдарды жан-жақтарға ажырату – дем алу, бастапқы қалыпқа қайту – демді шығару.
Бастапқы қалыптан – орындықтың қасында тұрып, қолдар орындықтың арқасында, оң аяқты алшақ қойып, сол қолды бастан жоғары көтеріп, оң жаққа иілу – дем алу, бастапқы қалыпқа қайту – демді шығару.
Бастапқы қалып – орындыққа арқамен тұру, қолдарды денені жағалай қою, аяқтар бірге, қолдарды жоғары көтеру – дем алу, еңкейіп, қолдарды төмен және артқа түсіру, оларды орындыққа дейін жеткізу – демді шығару.
Бастапқы қалып – негізгі тұрыс орындықтың артында тұру, орындықтың арқасына қолдарды созып ұстап отыру– демді шығару, тұрып – дем алу.
Бастапқы қалып – орындыққа арқасына арқаны қаратып, қолдар алдыда.
1 – денені оңға бұру, қолдарды орындықтың арқасына тигізу – демді шығару;
2 – бастапқы қалып – 3,4 дем алу – тура сол басқа жаққа.
Бастапқы қалып – орындықтың шетіне отырып, қолдармен орындыққа тірелу.
«Қайшы» жоғарыға – төменге. Еркін тыныс алу.
Бастапқы қалып, орындыққа отырып, оған сүйеніп, аяқ алдыға жазу.
1 – қолдар жан-жаққа және жоғары – дем алу
2 – бастапқы қалып – демді шығару
3–4 – сол жақпен дәл сондай
Бастапқы қалып – орындыққа қырымен тұру, сол қол орындықтың арқасында.
1 – оң аяқты шет жаққа апару, оң қолды алдыға көтеру –дем алу.
2 – бастапқы қалып қайту – демді шығару;
3–4 – тура солай сол жақ аяқ-қолмен (3 – 4 реттен).
2) Ақыл – ой еңбегімен жұмыс істейтіндер үшін өндірістік гимнастика Бастапқы қалып – негізгі тұрыс.
1 – қолдарды жоғарға құлып тәрізді бекіту – дем алу;
2 – бастапқы қалып – демді шығару, 3 – 4. тура сол, еңкейіп.
Бастапқы қалып – негізгі тұрыс.
1 – оң аяқ шетке қарай қойып аяқ ұшына көтерілу, қол бас артында – дем алу.
2 – бастапқы қалып – демді шығару.
3, 4. – тура солай сол жақпен (әр бір жаққа 4 – 5 реттен)
3. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс.
1 – қолдар алдыға алақан төмен қарап (білекті босаңсыту);
– отырып, қолдарды төмен;
3 – аяқтың ұшына тұру, қол артта;
4 – бастапқы қалып (6 – 8 р.)
4. Орында тұрып аяқтың ұшымен секіру, қолдар белде. (10 – 15р.)
5. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс, қолдар жан-жақтарға.
1 – денені оңға бұру;
2 – тура солай сол жаққа (әр бір жаққа 5 – 6 р.).
6. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс.
1 – қолдарды жоғары көтеріп, артқа иілу – дем алу;
2 – алдыға еңкею, қолдар белде – демді шығару (4 – 6р.).
7. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс, қолдар кеуде алдында.
1 – түзу оң қолды шет жаққа – дем алу;
2 – бастапқы қалып – дем шығару;
3, 4 – тура сол бірақ басқа жаққа (әр бір жаққа 6 – 7 реттен)
Сабақтың басында және аяғында – жай жүру.