Реферат Тақырыбы: Көпатомды спирттер. Химиялық қасиеттері



Дата16.10.2023
өлшемі124,89 Kb.
#116224
түріРеферат
Байланысты:
О.Х 7 реферат




Химиялық пәндер кафедрасы
Реферат

Тақырыбы: Көпатомды спирттер.Химиялық қасиеттері.


Орындаған:Абдіхалық Қойшыбай
Тобы В-ФКБ-02-21
Қабылдаған:Жансая Қалдарбековна
Шымкент-2022ж.

Жоспар.


I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
А)Көпатомды спирттердің химиялық қасиеттері;
Б)Жеке өкілдері және олардың қолданылуы;
III.Қорытынды.
IV.Қолданылған әдебиеттер.
Көпатомды спирттер
Көпатомды спирттер.Көп
атомды спирттер көмірсутектердің
құрамында бірнеше гидроксил тобы
бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль 
С2Н44(ОН)2, глицерин С3Н5(ОН)3,
ксилит С5Н7(ОН)5, сорбит С6Н8(ОН)6,
т.б. жатады. Екі гидроксил тобы бар
спирттерді гликолъдер немесе алкандиолдар
деп атайды. Жалпы формуласы: СnН2n(ОН)2.
Аталуы. Халықаралық атаулар жүйесі
бойынша сәйкес қаныққан көмірсутек атына
диол немесе триол жұрнағын қосып,
гидроксил тобы байланысып
тұрған көміртек атомының нөмірі көрсетіледі.

Глицерин
Глицерин СН2ОН — СНОН — СН2ОН — тәтті


дәмі бар түссіз, қоймалжың сұйықтық. Суды
жақсы сіңіретін, гигроскопиялық зат. Сумен кез
келген мөлшерде араласады. Атмосфералық
қысымда 290С-та қайнап, ыдырай бастайды,
сондықтан оны белгілі бір қысымда айдайды.
Глицеринді өнеркәсіпте пропиленнен алады.
Көп мөлшерде химия және тамақ
өнеркәсібінде қолданылады. Глицерин
гигроскопиялық зат болғандықтан, теріні
жұмсартатын қасиетіне байланысты
парфюмерияда, былғары өнеркәсібінде
пайдаланады. Сонымен қатар глицерин
қопарылғыш заттар және дәрі-дәрмектер
өндіруде медицинада қолданылады. Дикарбон
қышқылдары және олардың туындыларымен
глицеринді әрекеттестіріп, полимерлі қосылыс
— полиэфир алады.
Көпатомды спирттердің алыну әдістері.
Құрамында бірнеше гидроксилді тобы бар болатын көмірсутектердің туындыларын, біратомды спирттерді алатын әдістермен де болады, ол үшін әуелгі зат ретінде дифункционалды туындыларды пайдаланады. Мысалы, әртүрлі көміртек атомында галогені бар, дигалогенді туындыларды гидролиздеу арқылы, гликолдерді алады:




Бұл реакцияны, қалыпты жағдайда калий перманганатының сулы ерітіндісімен алкендерге әсертіп жүргізеді (Вагнер реакциясы);
Алкиндерді гидроксилирлеу

Физикалық қасиеттері


Диолдардың гомологиялық қатарының төменгі мүшелерінің тұтқыр сұйықтық, жоғарысы- кристалдық зат. Сұйық гликолдар, біратомды спиртпен салыстырған, тығыздылығы үлкен болып, балқу температурасы едәуір жоғарылау келеді, олар суда жақсы ерімтал. Үшатомды спирттер- аса тұтқыр сұйықтық немесе қиын кристалданатын қатты зат. Алифаттық көмірсутектердің гидроксилдік туындыларының тұтқырлығы біратомды спирттер “ гликолдер ” глицериндер қатарында артады. Бұл молекула аралық сутектік байланыстардың түзілуі есебінен молекулалардың ассоциациясының күшеюі салдары болып келеді.
Бірнеше ОН- топтпры бар көмірсутектердің гидроксилдік туындыларының өзгеше ерекшелігі, олардың дәмі тәттілеу болуы , ол әдетте молекуладағы гидроксилдік топ саны көбейген сайын күшее түседі.

Химиялық қасиеттері


Екіатомдық спирттер біратомдық спирттер түсетін реакциялардың бәріне де түседі, айырмашылығы сол, ол тек бірден не екі гидроксилді тобы, не біреуі ғана түсуі мүмкін. Үшатомды немесе одан да көпатомды спирттен реакцияға қатынасқанда, олар үшін әртүрлі және саналуан өнімдердің түзілуі әбден мүмкін. Мысалы, глицерин туындылардың үш қатарын түзеді: моно-, ди- және триорынбасқандар. Мұндайда моно- және диорынбасқандар үшін құрылымдық изомерлері болуы мүмкін, ол орынбасарлардың әртүрлі орынға орналасуымен байланысты.

Қолданылған әдебиеттер



1. Қ. Н. Дауренбеков, Қ. М. Серимбетова, А. Ш. Өмірқұлов Химия : оқу құралы /. - Шымкент : Әлем баспаханасы, 2019. - 272 бет.
2. Ә.Қ. Патсаев, С.А. Шитыбаев, Қ.Н. Дауренбеков. Бейорганикалық және физколлоидтық химия: оқулық/– Алматы: Эверо, 2011. -392б.
3. Ә.Қ. Патсаев, Т.С.Сейтембетов, С.А. Шитыбаев, Қ.Н. Дауренбеков. Биоорганикалық химия: оқулық/– Алматы: Эверо, 2012. -449 б.
4. Патсаев Ә.Қ., Дәуренбеков Қ.Н. Биоорганикалық химия пәнінен тәжірибелік-зертханалық сабақтарына қолданба: оқу құралы. Алматы, Эверо, 2012.-324б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет