Реферат Тақырыбы: «Математиканы бастауыш мектепте оқыту теориясы»
Орындаған: Мадиомарова М
Топ- 1301-12
Қабылдаған: Онтуганова Ш
Мазмұны
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
Математиканы бастауыш мектепте оқыту теориясы 2.1 Математиканы оқыту әдістемесі
2.2 Бастауыш мектепте математика пәнінің тарихы
2.3 Бастауыш мектепте математиканы оқыту
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі».
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Жоғарғы білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестіктердің қатысуымен ең жоғары шығармашылық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет.
Білім беру жүйесін дамытуда ынталандыру мақсатында және сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту мемлекеттік жекеменшілік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет –делінген.
Ал, оның негізі бастауыш сыныпта қаланбақ. Осы орайда оқушыларды математика негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектепте текстілі есептер шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейтесті мәселе.
Негізгі бөлім
Есептің маңызы және ерекшелігі. Есеп туралы жалпы түсінік. «Есеп» ұғымын айқын түрде енгізу. Бастауыш мектепте оқушылар алғаш рет 1-сыныптағы «Нөмірлеу» такырыбында «есеп» терминімен және оның құрама бөліктерімен, сондай-ақ есепті шешу процесінің негізгі кезеңдерімен таныстырылады. Ал төрт жылдық бастауыш мектептің бағдарламасы бойынша, бұл мәселе «10 көлемінде қосу мен азайту» тақырыбы оқытыла бастағанда енгізілді. Мұның өзі 6 жастағы балалардың жас ерекшелігінен және есепті енгізуге арнайы дайындықтың қажеттілігінен туындап отыр. Басты мақсаты — есеп терминін енгізу есептің құрама бөліктерімен (шарты, сұрағы), оны талдау және шешудің негізгі кезеңдерімен (есепте не белгілі, не белгісіз, белгісізді қалай табады, шешуін жазу, есеп сұрағына жауап беру) таныстырып, оны шығару барысында орындалатын іс-әрекеттің үлгісін көрсету. Мұнда оқушылар назарын есептің мәнді ерекшелігіне аударған жөн. Ол есеп тексін мұғалімнің хабарлауынан кейін, оның құрама бөліктерін, яғни шарты мен сұрағын бөліп көрсетіп, сұраққа жауап беру үшін қандай да бір арифметикалық амалды орындаудың кажеттігін окушылардың сезінуін қамтамасыз ету. Ол үшін мұғалім тақта алдына бір оқушыны шақырып алады да оның қолына қағаз жәшікті ұстатады. «Дананың қолындағы жәшікте 4 кітап бар еді (кітаптарды көрсетеді) — оны біз білеміз. Мен оған тағы 2 кітап беремін (көрсе-теді). Дана бұл кітаптарды да жәшікке салды — мұны да біз білеміз. Жәшіктегі кітаптар нешеу болды? Бұл жөнінде әлі ешнәрсе айтылған жоқ, бұл белгісіз». Балалар, біз ссеп құрастырдық. Есепте не белгілі, не белгісіз екенін айыра отырып, оны қайталап шығайық.
Мұғалім: Бізге не белгілі?
Оқушы: Жәшікте 4 кітап болғаны және мұғалім тағы 2 кітап бергені (сәйкес цифрлы карточка көрсетіледі немесе қалталы полотноның бір қатарына қойылады).
Мұғалім: Есепте нелер белгілі болса, ол — есептің шарты (оны оқушылар қайталап айтады).
Мұғалім: Есепте не сұральш отыр?
Оқушы: Жешіктегі барлық кітап нешеу болды?
Мұғалім: Бұл — есептің сұрағы, ал сұрақсыз есеп болмайды. Сонымен есептің шарты мен сұрағы болады. Енді есептің сұрағына жауап беру керек.
Мұғалім: Балалар жәшікте канша кітап бар еді? (Оқушылар зат пен санды сәйкестендіреді): «4 кітап — 4 саны».
Мұғалім: Не өзгерді?
Оқушы: Жәшікте 4 кітап бар еді, оған тағы 2 кітап салынды, яғни жәшікте 4 және тағы 2 кітап болды.
Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың әдістемелік ерек-шеліктерін сипаттайтын әдістемелік ере-желер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскер-лік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.
Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгер-уімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.
1) Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту;
2) Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау;
3) Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру;
4) 10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру;
5) «Теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру)
6) Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету;
7) «Шама» және «сан» ұғымдарын оқытуға дайындық ретіндегі заттардың ұғындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі – 1 см-ді енгізу сияқты ұғымдарды меңгеру;
8) Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір-біріне қатысты орналасуымен және амалдар мен әрекеттің өту ретімен кеңінен таныстыру;
9) Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретінде фигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден қалыптастыру;
10) Дәптермен жұмыс істеу: оның беттерін шамалай алу, жаза білуге дайындық ретінде қарапайым элементтерді жазуға үйрету.
Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Оқушыны мектепке оқытуға бейім-деу: өзіңмен тең санап, әңгімеге тарту арқылы тілін дамыту (мұғалімнің шыдамдылығы, қамқорлығы, сүйіспе-ншілігі қажет); оларды зейін қоя тыңдауға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға, сұрақтарға жауап беруге үйрету.
2.1Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) — педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» — «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Сондықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу қажет.
Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді.
Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) — педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» — «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.