1.1.Инерциалды және инерциалды емес санақ жүйелері Ньютонның бірінші заңы. Инерциалдық санақ жүйелері Материялық нүкте (дене) басқа денелер тарапынан күш әсер етпейінше өзінің тыныштық күйін немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс күйін сақтайды. Дененің тыныштық күйін немесе түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс күйін, яғни жалпы айтқанда қозғалыс күйін сақтау қабілеті оның инерттілігі деп аталады. Сондықтан Ньютонның бірінші заңын инерция заңы дейді. Ньютонның бірінші заңы, материялық нүкте басқа денелер әсері болмағанда өзінің қозғалыс күйін сақтайтын инерциалды санақ жүйелерінің болатынына меңзейді. Ньютонның бірінші заңы орындалатын санақ жүйесі инерциалды санақ жүйесі деп аталады.
Инерциялык емес санак жүйе- лерінде әдеттегі күштерден басқа инерция күштері әсер етеді. Бүл күштер карастырылып отырған де- неге карағанда эркашан да сырт бо- лады. Олай болса, инерция күштерін жүйеге әсер ететін күштер катарына қосу қажет.
Тұрақты бұрыштық жылдам- дықпен айналатын инерциялык емес координаталар жүйесінде центрден тепкіш инерциялық күш центрлік күштер қатарына жатады, ал олар әркашан потенциалды болады. Екін- ші жағынан, Кориолис күші бөлшек- тің жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан, жұмыс істемейді. Сонымен, түрақты жылдамдыкпен айналатын инерциялық емес санак жүйесінде тек кэдімгі потенциалдык энергиямен катар, инерция күштері- мен байланысты потенциалдық энер- гияны ескергенде ғана энергияның сақталу заңы орындалады. Егер инерция күштерінің жүмысы еске- рілсе, энергияның сакталу заңын ілгерілемелі қозғалған инерциялык емес санақ жүйесінде де бүрынғыдай тұжырымдауға болады.
Дэл осылай импульстің жэне оның моментінің өзгеруін карастырғанда, теңдеулерге инерция күштерін және
олардың моменттерін енгізу керек. Бүл шамалар сакталу үшін инерция күштері инерциялык санақ жүйе- лерінде кәдімгі күштердің сақталу заңдары түрғысынан карағанда канағаттандыратын шарттарға толық сәйкес болулары кажет.
Қорытынды Материялық нүкте динамикасының негізгі заңы классикалық механикадағы себептілік принципінуағыздайды, яғни материялық нүктенің уақыт өтуіне байланысты қозғалыс күйі және кеңістіктегі орны өзгерісі мен оған әсер етуші күш арасындағы бір мәнді байланыс барын, яғни материялық нүктенің бастапқы күйін біле отырып оның кез келген келесі мезеттердегі қозғалыс күйін есептеп алуға мүмкін болатындығы шығады.