Байланысты: Мектептанудың негізгі мәселелері, Білім беру қызметінің принциптері мен əдістері
Маркетингтік зерттеулердің сатылары: Зерттеудің негізгі мəселелерін анықтау жəне басты мақсаттарын құрастыру. Ең алдымен іздестіру мақсаттары белгіленеді, олардың көмегімен мəселелер анықталып, нақтыланады. Одан əрі ахуалдың жəне жекелеген маркетингтік факторлардың бағасын болжайтын сипаттамалық мақсаттарды белгілейміз. Жəне соңғы мақсаттар, бұл болжамдарды, мəселелерді шешу жолдарын тексеруді қарастыратын эксперименталды мақсаттар.
Ақпарат көздерін таңдау. Ақпарат жинау тəсілдері мен субъектілері қоса көрсетілген бастапқы мəліметтер. Ақпарат көздері қоса көрсетілген кейінгі мəліметтер.
Бұрынғы деректердің негізінде ақпарат жинау, соның ішінде социологиялық жəне лабораториялық эксперименттердің нəтижелері.
Жиналған мəліметтерді талдау: айнымалылардың орташа мəндерін, факторларды корреляциялау коэффициенттерін анықтау, қозғалысты айқындау жəне т.б.
тұрғындар үшін жоғарғы білімге қолжетімділік, жоғары оқу орындарының дамуына қосымша ресурстар тарту үшін нарықтық бəсекелестік жағдайында белсенді маркетингтік қызметті жүзеге асыратын оқу орындарын мемлекеттік басқару жағдайында қамтамасыз етілуі мүмкін;
нарық жағдайындағы жоғары оқу орындарының қызметі оқушылардың ерекше білім мұқтаждықтарын болжайтын білім берушілік үдерісінің субъектілерінің өзара ықпалдастығының формасы ретіндегі студенттердің кəсіби-тұлғалық дамуын педагогикалық қолдауды сапалық өзгертуді талап етеді;
жоғары оқу орнын басқару жүйесіндегі маркетингтік қызметтің технологиялық инструментарийіне вариациялық технологиялар, соның ішінде сегменттеу, позиционерлеу, білім беру қызметі нарығында жоғары оқу орнының қосымша бəсекелестікті артықшылықтарға жетуге бағытталған сыртқы жəне ішкі маркетинг кіруі тиіс.
Білім беру қызметтерін маркетингтік зерттеулердің негізгі нысандары болып табылатындар: білім беру қызметтерінің бəсекеге қабілеттілігі, соның ішінде кəсіби, экономикалық жəне басқа да салыстырмалы көрсеткіштер; білім беру мекемесінің əріптестері, олардың еңбек қызметіне қатысты тұтынушылар мен бəсекелестер, пайдаланылатын ресурстар шамасы, мінез-құлық стратегиялары жəне т.б.; маркетингтің ықтималды стратегиялары, маркетингтік мəселелерді шешудің түрлі тəсілдері; білім беру қызметтерінің нарықтық айырбас көлемі жəне білім беру қызметтерінің сұранысы мен ұсынысының деңгейлері [4].
Жалпы, жоо маркетинг қызметін матрица түрінде көрсетуге болады (кестені қара). Осындай матрицаның əрбір торы тиісті нарықта маркетинг қызметінің бағытын қамтиды. Нарықта сұранысқа ие бағдарламалар қалыптастырып, жайғастырылып, содан соң олардың нарықта жылжытылуы негізінде білім беру қызметі нарығында маркетинг зерттеулерін жүргізу керек. Осындай іс- шараларды еңбек нарығында да өткізу қажет, яғни маркетингтік зерттеулер еңбек нарығы мен жұмыс беруші қажеттіліктеріне сараптама жасайды, сонымен қатар жоо түлектерін еңбек нарығында жылжыту жұмыстарын жүргізеді. Маркетинг қызметінің осындай іс-шараларына жоо мен ғылыми- техникалық өнім мен қызмет саласында да қажеттілік тудырады.
Бұл матрица жоо маркетинг қызметінің масштабын көрсетеді. Берілген матрица жалпы жоо үшін білім беру қызметі нарығын, еңбек нарығы мен ғылыми-техникалық өнім мен қызметті қарастыратынын естен шығармайық. Мысал ретінде Санкт-Петербург мемлекеттік электротехника университетінің «ЛЭТИ» (СПбМЭТУ) қызметін қарастырайық. Санкт-Петербург мемлекеттік электротехника университетінің «ЛЭТИ» миссиясы келесідей қалыптастырылған: «ықпалдасу жағдайында СПбМЭТУ жоғары маманданған деңгейді қамтамасыз ету жəне тұлға бойында азаматтық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, Ресейдің жетекші техникалық жоо ретінде əлемдік білім, ғылым жəне ақпараттық қауымдастыққа ендіру. Ол келесі негізде жүреді: электроника, электро- жəне радиотехника, ақпараттық технология, автоматтау жəне басқару, аспап жасау, гуманитарлық ғылымдар облысында білім беру жəне зерттеу үдерістерін тиімді, сапалы түрде ұйымдастыру; табиғат жəне қоғам жайлы білім алу жəне оны мақсатты түрде тарату; қоғамның адамгершілік, мəдени жəне ғылыми құндылықтарын сақтау мен көбейту» (сур. қара).
Маркетинг қызметі əзірлеген жоо маркетинг зерттеулерінің əдістемелік негізі: жоо маркетингтік зерттеулердің үдерісі мен міндеттері; маркетинг зерттеулерін жоспарлау жəне өткізу əдістемесі; MS Excel жəне SPSS пайдалану арқылы маркетинг зерттеуінде алынған бірінші ақпаратты сараптау əдістемесі; маркетинг қызметінің СПбМЭТУ құрылымдары үшін маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру; маркетингтік зерттеулер бойынша есеп материалдарын құру əдістемесі. Маркетинг қызметі пайдаланатын маркетингтік зерттеулерді өткізу əдістері: сауалнама (жеке, телефон арқылы); электрондық пошта арқылы сұрастыру; тереңдетілген сараптамалық сұхбат; ақпараттың екінші дерек көзін сараптау (БАҚ, Ғаламтор, ақпараттың арнайы көздері).
Білім беру қызметі интеграциясы құралдары мен маркетингті зерттеу негізінде автор Алматыда зерттеліп отырған саланы дамытудың өзекті бағдарларымен анықталған бірқатар принциптерге (кешенділік, инновациялылық, креативті ойлау, құзыреттілік, функционалдылық, динамизм, бейімделгіштің, ғылымилық, оңтайлылық, жөнділік, оперативтілік, басқарымпаздық) негізделетін білім беру қызметі саласын қалыптастыру жəне дамыту тұжырымдамасын ұсынды:
өңірдегі, елдегі білім беру саласының негізгі бағыттарына сəйкес кəсіби жəне мəдени- адамгершілік элементтерін ұштастыруды болжайтын кешенділік принципі;
инновациялылық принципі білім берушілік қызмет саласының бəсекеге қабілеттілігін көтеру үшін алдыңғы қатарлы тəжірибені, оқытудың жаңа əдістемелерін, əдіснамалары мен технологияларын пайдалануды білдіреді;
креативті ойлау принципі бастаманы білдіруді жəне туындаған мəселелерді стандартты емес тұрғыдан шешуді қолдауды білдіреді;
білім беру саласындағы кəсіби кадрлар мен мамандардың болуын қамтамасыз ететін құзыреттілік қағидасы;
білім беру қызметін алушының мансаптық өсуге кепілдік беретін функционалдылық принципі;
динамизм принципі білім беру саласы мекемелерінің үздіксіз инновациялық дамуымен қамта- масыз етіледі;
бейімделушілік принципі өңірлік экономиканың арнайы орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білімнің кəсіби кадрларына мұқтаждықтарын қанағаттандыруды білдіреді;
ғылыми принципінің мəні білім беру қызметтерінің барлық түрлерін дерлік ғылыми-зерттеу мекемелері базасындағы іргелі ғылыммен тығыз байланыстағы жоғары білікті мамандар беретіндігінде;
оңтайлылық принципі білім беру қызметі саласындағы мекемелері қызметінің көрсеткіштерінің мемлекеттік аккредитация жүйесінің критерийлік көрсеткіштеріне үздіксіз сəйкестілігінен көрініс табады;
жөнділік принципі Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын сақтау кезіндегі еңбек нарығы мұқтаждықтарына бағдарланған;
оперативтілік принципіне білім беру мекемелерінің білім беру қызметінің тізімінің сыртқы ортаның талаптарына барынша сəйкестілігімен жəне əлеуетті өзгерістерге икемді жауап беру мүмкіндігімен қол жеткізіледі;
басқарымпаздық принципіне сəйкес билік аппараты мен бақылаушы органдардың болуы жəне тиімді жұмысы арқылы қол жеткізіледі;
бірлік (холизм) принципі білім берушілік қызметін қалыптастыру, жүйелік сипатта болу керек дегенді білдіреді. Бірлік принципі білімнің сапалық жағын бейнелейді, жоғарғы білімнің шешуші міндеттерін дəйектеуге бір тұрғыдан қарау принципін білдіреді;
үздіксіздік принципінің мəні оқу үдерісі белгіленген топтама аясында, үнемі жүзеге асырылуы тиіс дегенді білдіреді;
икемділік принципі үздіксіздік принципімен өзара байланысты жəне білім алу үдерісіне күтпеген жағдайлар туындауына байланысты өз бағытын ауыстыру қабілетін беруді білдіреді. Икемділік принципін жүзеге асыру үшін, оқу жоспарлары оларға өзгеріп отыратын ішкі жəне сыртқы жағдайлармен байланыстыра отыра өзгерістер енгізуге болатындай етіліп құрастырылуы тиіс;
білім беруді дамытуды орталықтанған мемлекеттік жоспарлаудың жергілікті бастаманың дамуымен диалектикалық бірлігін білдіретін демократиялық орталықтану принциптері. Ендеше, білім берудегі демократиялық орталықтану жергілікті жағдайларды, мүдделерді барынша есепке алу, білімді дамытудың негізгі бағыттарын анықтауда мемлекеттік жетекші рөлін жəне жоспарларды жасау кезінде билік органдары мен əрбір оқу орнының қатысуын білдіреді. Білім берудегі директивалық-əкімшілік əдістердің саласын шектеуді, экономикалық ықпал ету əдістерін таратуды, дербестілікті кеңейтуді, білім беру жүйесінің барлық тармақтарының қызметтің соңғы нəтижелері үшін мүдделілігін көтеруді талап етеді.
Ұсынылған тұжырымдамалық модель білім беру саласы қызметін қалыптастыруды дамытудың негізгі мұқтаждықтары мен принциптерін жаңғыртады, өңірдің білім беру мекемелерінің оны тұрақты дамыту үдерістеріне инновациялық əсерін кеңейтуге жəне тереңдетуге, ұсынылатын білім беру қызметін диверсификациялауға, инновациялық формалар (технопарктер, технологиялық инкубаторлар, мақсатты бағдарламалар мен жобаларды іске асыру аясындағы ғылыми-зерттеу лабораториялары) арқылы əлеуетті тұтынушыларды тартуға; сəйкес бағыттағы алдыңғы қатарлы ғылыми, жобалық-ізденуші, өндірістік жəне өндірістік емес кəсіпорындармен, ұйымдармен жəне мекемелермен интеграциялануына; түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің бірыңғай мəліметтер базасын жəне электрондық кітапханасын құрастыруға; басым мамандықтарды дамыту үшін жаңа ресурс көздерін іздеуге жəне т.б. ықпал етеді.