Реферат Тақырыбы: Мүгедектіктің негізгі себептері



Дата09.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100239
түріРеферат
Байланысты:
мүгедектік себептері (копия)


“Мақсат” Орал жоғары медициналық колледжі


Реферат


Тақырыбы: Мүгедектіктің негізгі себептері





Орындаған: Асилбекова.А.Н
Тексерген: Жаунбаева Ж.Т



Орал, 2023жыл
Мүгедектік – өзгеріп тұратын категория. Мысалы, аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне байланысты мүгедек адамның денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдем кемтар болып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектік тобын әлеуметтік қорғау мекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді. Еңбек ету қабілетін жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру негізінен 2 бағытта жүргізіледі: зейнетақымен қамтамасыз етужәне еңбек ете алатындарды жұмысқа орналастыру.  Қазақстан Республикасының «мүгедекетерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында Мүгедек - ол ағза функцияларының бұзылуы салдарынан олардың өмір сүру мүмкіндіктерін шектеуге әкеп тірейтін түрлі жарақаттар, аурулар, кемістердің салдарынан денсаулығы нашар тұлға делінген.
Мүгедектік- ағза қызметінің тұрақты бұзылысы мен денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тыныс тіршілігінің шектелісі.
Мүгедектердің жас құрылымында еңбек етуге жарамды жастағы адамдар басым ( мүгедектердің жалпы санының 70%ы).
М
үгедекті – науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы.

Мүгедектің құқықтары:



  • Әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға дейімделу.

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, анықталатын тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу.

  • Ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу.

  • Кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу.

  • Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі.

Мүгедектік топтары:



  1. Топ. Мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауды қажет ететін адамдар жатады.

  2. Топ. Басқа адамның көмегін қажет етпейтін. Жұмыстың кейбір түрлерін жасай алатын адамдар жатады.

  3. Топ. Еңбек ету қабілеті төмен болғанымен, жеңіл желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.

Мүгедектіктің негізгі себептері:



  1. Жалпы аурулар, жарақаттар

  2. Жұмыста болған жарақаттар

  3. Кәсіби аурулар

  4. Бала кезден мүгедектік

  5. Ә
    скери қызметкерлер- аурулары, жарақат алу, контузия, жұмыс жарақаты, әскери міндет атқару кезіндегі жатақаттар.

Кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасы заңдылығымен басқа да себептер бекітілуі мүмкін. Жалпы аурулар негізінде туған мүгедектік еңбектік қызмет немесе жұмыстан, оқудан кеткен кезде әртүрлі аурулар мен зақымдардың негізінде туған, бірақ кәсіби ауруға, өндірістегі зақымға, Қарулы Күштерде өткізілген кезеңдегі ауруларға тікелей тәуелділікте тұрмаған кезде туған мүгедектік кезінде белгіленеді. Осындай жағдайда мүгедектік кезінде жауапкершіліктің көп бөлігі ересек жастағы, өз өмірінің жағдайын өз бетінше анықтайтын, өз денсаулығын күтетін және сәйкес әрекет пен өмір көрінісін таңдайтын, азаматтың өзінде болады. Бұл мемлекет немесе қоғам тарапынан ең төменгі көлемде тегін әлеуметтік көмек, әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді. Бала кезінде пайда болған мүгедектік ауру немесе зақымдану әсерінен бала кезінде,18 жасқа дейін пайда болған кезде белгіленеді. Бала кезінде пайда болған мүгедектік көрсетілген жастан жоғарыларға да белгіленуі мүмкін, сонымен қатар бала кезінде немесе туылған кезде әртүрлі себептермен пайда болған еңбекке қабілеттілігін жоғалту белгілері бар мүгедектерге белгіленеді. Психологиялық құбылыс мүгедектің тұлғалық – психологиялық бейімделуі ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды – психологиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер мен зейнеткерлер халықтың аз ынталанған тобына жатады және қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл, ең алдымен, мүгедектікке әкелген, аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалағандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты. Психологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақтауы кезінде пайда болады. Мүгедектер әлемі өз алдына бейнелі. Бұл жердің өз белгілері, өз бағалауы, өз заңдары бар. Мүгедекке көмектесу – бұл ең алдымен оның әлемін, назар аудару және жүрек қарым-қатынастарын қажет ететін адам әлемін түсіну және қабылдау.

Мүгелектік себептер құрылымы бойынша назалогиясы:



  1. Қан айналу жүйесі ауруы- 39,5%

  2. Қатерлі ісік ауруы – 20,5%

  3. Сүйек бұлшықет жүйесі аурулары-9,5%

  4. Жарақаттан кейінгі жағдай, уланулар, сыртқы орта әсерінен болған жарақаттар-6%

  5. Психикалық ауытқулар, мінез құлықтың процесі- 4,5%

  6. Жүйке жүйесінің аурулары- 3,5%

  7. Көз және көз қозғалтқыш аппарат ауруларя, эндокринді жүйе, тамақтану бұзылысы, зат алмасудың бұзылысы, туберкулез-3%.

Мүгедектіктің 5жылға берілетін аурулардың тізбесі болады, медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мүгедек деп танылған адамдарды оңалту болжамы жасалады. Болжамы қолайсыз аурулар қайталап куәландырудан жиі өтеді. Осыған байланысты дене функциясының ауыр бұзылуымен оңалту болжамы күмәнді немесе қолайсыз 19 аурудың тізбесі жасалды. Оған сәйкес мүгедектік 5жылға тағайындалады. Олардың ішінде интоксикация, қатерлі ісіктер, психикасы айқын бұзылған шизофрения , мүгедектер мен ағзаның қант диабеті, соңғы сатыдағы бүйрек аурулары.


Әлемде мүгедексіз ел жоқ. Дүние жүзі елдері бойынша орташа көрсеткіш 10пайыз. Яғни мүмкіндігі шектеулі 650миллион адам бар. Ал, Қазақстанда жарты миллионға тарта мүгедек бар десек, бұл халықтық 3 пайызын құрайды. Бұл жерде мәселе олардың санының аздығында немесе көптігінде емес, экономикалық, әлеуметтік мәселелер. Осыдан екі жарым жылдай бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және факультативтік қаулысына қол қойып, одан соң мүгедектердің құқықтарын сақтаудың халықаралық стандарттарына көшуді бастаған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және факультативтік қаулысына қол қойғанға дейінгі мүгедектерге салқын көзқарас өзгере қойған жоқ. Сондай-ақ, олардың құрамы бойынша аландатарлық жай бар. Яғни, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің үлес салмағы 60пайыздай құраса, оның 70пайыздан астамы еңбекке қабілетті жастағылар. Әрбір бесінші бала мүгедек десек, бүгін балалардың 32,6 пайызы – тумасынан кемтар. Айтар болсақ, мүгедектіктің жасару тенденциясы байқалады. Қазақстанда 450мыңға жуық мүгедек бар. Оның ішінде бірінші жалпы, кәсіби, өндіріс жарақатынан болған және бала жасынан мүгедектер 37мың ( 8пайыз) , екінші топтағылар- 192мың (43пайыз) және үшінші топтағылар – 143мың адам (33пайыз).


Мүгедектік пен орта жастағы адамдардың құқығы ұзақ жылдар бойы әлемдік қауымдастықтың тарапынан қатаң назарыңда ұстады.


Соңғы жылдары халықаралық қауымдастық жасаған халықаралық стандарттар мен стратегиялар кешенінің құрамдас бөлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің онжылдығын (1983- 1992) өткізу барысында жинақталған тәжірибенің негізінде әзірленген Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері болып табылады.

Қазіргі қоғамның мақсаты мүгедектер, қарт адамдар болып табылатын ерлер мен әйелдердің қоғамның басқа мүшелері сияқты сол құқықтары мен міндеттері бар ережені қамтамасыз етуден тұрады. Әлемнің барлық елдерінде мүгедектерге өз құқықтары мен бостардықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін және олардың қоғамдық өмірге толық араласуына кедергілер әлі бар. Мұндай жағдайда қоғамның міндеті осы кедергілерді жоба үшін қажетті шаралардың қабылдаудан, яғни тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуден тұрады, осының арқасында қызмет көрсету , еңбек қызметі және ақпарат сияқты қоғамның түрлі салдары барлығына, әсіресе мүгедектер мен орта жастағы адамдардың қолы жететін болады.


Қазақстандағы жағдай қазіргі кезде мынадай: мүгедектерге қоғамның кейбір салаларында кемсітетін жағдайларға соқтығуына тура келеді: қоғамдық ғимараттар, көлік және байланыс құралдары олар үшін бейімделмеген ( интернат- үйлерді аралауда көрінгендей, мүгедектердің тұратын жерлері де бейімделмеген), қоғам материалдық және әлеуметтік жағдай туғызу үшін шаралар қабылдамайды. Оқып- үйрену және еңбекке орналастыруда тыйым салынған біліктілік стандарттары мен өлшемдер қолданылады, бұл мүгедектердің әлеуметтік жағынан оқшаулануына тура келеді, қызмет көрсетулер мен жеңілдіктер алуға мүмкіндіктер таңдау шектелген. Олар шектелген әлеуметтік, кәсіптік, экономикалық және білім беру мүмкіндіктерін пайдаланады.


Барлық мемлекеттер мүгедектік белгісі бойынша кез- келген кемсітуге тыйым салады құқықтық қорғауға кепілдік береді. Мүмкіндіктердің іс жүзіндегі теңдігіне қол жеткізу үшін қажет болатын нақты шаралар заң бойынша кемсіту болып саналмайды. Әрбір мемлекет мүгедек әйелдердің және мүгедек қыздардың көптеген кемсітулеріне ұшырайтындығын мойындайды. Соған байланысты олардың барлық адам құқықтарымен негізгі бостандықтарын толық іске асыруын қамтамасыз етеді. Әйелдердің жан жақты дамуын жағдайының жақсаруын құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрбір мемлекет мүгедек балалардың барлық адам құқықтарымен негізгі бостандығын басқа балалармен тең дәрежеде толық іске асыру үшін барлық қажетті шараларды жасайды. Мүгедек балаларға қатысты барлық іс қимылдарды 1ші кезекте баланың жоғарғы мүрделеріне көңіл бөлінеді. Әр мемлекет мүгедек балалардың олардың қозғайтын барлық мәселелері бойынша өздерінің басқа балалармен тең дәрежеде жасы мен кәмелеттілігіне сәйкес тиісті көзқарастарын еркін білдіруге жасына са келетін көмекті алуға құқылы. Тұратын жеріне үй жағдайына қарамастан бірде бір мүгедек оның жеке өмірінің , отбасының , тұрғын үйінің қарым- қатынас түрлерінің қол сұғылмауына ар ожданы мен абырой беделіне заңсыз шабуыл жасауына болмайды. Мүгедектер ондай жағдайда заңды түрде қорғалуға құқылы. Әрбір мүгедектің жеке тұлғасы денсаулығының күйі, оңалту туралы мәліметтерін басқалармен тең дәрежеде қорғайды.




Барлық мүгедектер әртүрлі негіздер бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Жасы бойынша – мүгедек бала, ересек мүгедектер. Мүгедектіктің пайда болуы бойынша: – бала кезінен мүгедек, соғыс мүгедегі, еңбек мүгедегі, жалпы сырқаттар мүгедегі. Еңбекке қабілеттілігі деңгейі бойынша – еңбекке жарамды және жарамды емес мүгедектер, І топ мүгедектері (еңбекке жарамсыз), ІІ топ мүгедектері (уақытша еңбекке жарамсыз немесе шектелген сфераларда еңбекке жарамды), ІІІ топ мүгедектері (сақтандырылған еңбек жағдайларында еңбекке жарамсыз). Сырқат сипаты бойынша – қозғала алатын, аз қозғалатын және қозғала алмайтын топтағы мүгедектер.
барлық мүгедектер келесі түрлерге бөлінеді:

  • еңбектік міндеттерді орындау барысында мүгедектік алған, еңбек зақымы және кәсіби ауру мүгедектері;

  • туылғанда және 18 жасқа дейін мүгедектік алған бала кезінен болған мүгедек;

  • әскери қызмет және әскери міндеттерді орындау кезінде мүгедектік алған әскери қызмет мүгедегі;

  • ж
    алпы аурудан немесе жарақаттан мүгедек болған, жалпы ауру мүгедектері


Мүгедек адамның кәсіби өзін-өзі анықтауындағы қиындықтар өз күшіне сенімсіздік және жасқаншақтықпен шақырылса, олардың кәсіби мағыналылығы тұрғысынан өз ерекшеліктерін дұрыс бағалау мен саналауға көмек көрсету ерекше мағына алады. Дұрыс нәтиже болып мүгедек адамда өзінің жеке кәсіби жолын сапалы және өз бетімен жоспарлау қабілетін, сонымен қатар оның жүзеге асу жолдарын анықтау қабілетін қалыптастыру саналады. Әлеуметтік жұмысшы әртүрлі рөлдерде шыға отырып (яғни кеңесші, қызығушылықтарды қорғаушы, көмекші және т.б.) туындаған мәселелерді шешуге, қабілетсіз туысқанына дұрыс қарымқатынасты қалыптастыру және толығымен, отбасының ішкі қарым-қытнасын бір қалыпқа келтіруге көмек бере алады. Отбасымен жеке жұмыс жүргізумен қатар, топтық жиналыстар өткізе отырып, көмек бере алады. Осындай, мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған шаралардың бірі Қазақстан Республикасы мүгедектерін реабилитациялаудың (оңалту) 20022005 жылдарға арналған Бағдарламасы. Бұл бағдарлама ҚР Үкімет жарлығымен 2001 ж. 29 желтоқсанда 1758-ші нөмірде қабылданды.
Мүгедектік бойынша айлық жәрдемақылар келесі көлемдерде тағайындалады:

  • топ мүгедектеріне – 6 айлық есептік көрсеткіш;

  • топ мүгедектігіне – 4 айлық есептік көрсеткіш;

  • топ мүгедектеріне және мүгедек балаларға 3 айлық есептік көрсеткіш.

Алматы қаласы бойынша 115,8 мың мүгедектер арнайы қалалық 0,5 айлық көрсеткіш мөлшерінде (460 теңге) жәрдемақы алады. Алты ай бойына жәрдемақы төлемі 318,1 млн теңге саласында өндірілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет