Қорытынды
Дүниедегі тіршілік атаулының өмір сүретін мекені-қоршаған
ортамыз. Сондықтан қоршаған ортаны, яғни табиғатты қорғау -
баршаға ортақ міндет. Қоршаған орта дегеніміз – біздің
күнделікті өмір сүріп жатқан табиғатымыздың аясы. Табиғат
аясына өсімдіктер дүниесі, жан-жануарлар әлемі, жер, су және
ондағы тіршілік иелері кіреді. Қоршаған ортаға сырттан қандай
да бір әсер болып, зиян келетін болса, онда табиғат аясындағы
тіршілік иелері зардап шегеді. Экологиялық жағдай нашарлап,
табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Соның ішінде адам
денсаулығына зиян тигізеді. Адамға қажетті ауа мен судың
тазалығы табиғаттың тепе-теңдігіне, экологиялық жағдайдың
тұрақтылығына тікелей тәуелді.