Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Астана Медициналық Университеті
Адам анатомия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:Мойынның үшбұрыштары
Орындаған: Қайсарбекова Ж.С.
Мамандық:Қоғамдық Денсаулық Сақтау
Топ:102
Қабылдаған:м.ғ.к. доцент Мұқаметжан Қ.Қ.
Астана 2022ж
Жоспар
I.Кіріспе
1.Мойынның үшбұрыштары
II.Негізгі бөлім
2.Мойынның медиалды үшбұрышы
2.1.Мойынның латералды үшбұрышы
2.2.Мойынның клетчаткалық кеңістіктері
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе бөлім
Мойын аймағы: артқы қапталы трапеция тәрізді бұлшықетпен;жоғарыда самай сүйегінің еміздіктәрізді өсіндісі мен,төменгі жақ сүйегімен;төменде бұғана сүйегімен және төс сүйегінің тұтқасымен шектеседі.
Мойын аймағы топографиялық орналасуына қарай:төс-бұғана еміздік бұлшықеті,m.sternocleidomastoideus арқылы мойынның алдыңғы аймағына,regio cervicales anterior,мен мойынның артқы аймағына,regio cervicales posterior,немесе желкелік аймаққа,regio muchae бөлінеді.
II.Негізгі бөлім
I.Мойынның алдыңғы аймағы(медиалды)
regio cervicales anterior немесе мойынның алдыңғы үшбұрышы,trigonum cervicale anterior,ол жоғарыда:төменгі жақ сүйегінің жиегімен,бүйір қапталы төс-бұғана-еміздік бұлшықеттің алдыңғы қарыншасы, m.omohyoideus venter anterior мен екі қарыншалы бұлшықет, m.digastricus арқылы бірнеше майда үшбұрыштарға бөлінеді.Үшбұрыштардың аттары,бұрышты құрауға қатысушы бұлшықеттердің атына,немесе сол жерде орналасқан мүшелердің,немесе қан тамырлардың орналасуына тікелек байланысты аталады.
1.Ұйқы артериясының үшбұрышы,trigonum caroticum.(218 сурет)
а) жоғарғы қабырғасы:екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы,m.digastricus venter posterior арқылы шектелген.
ә) алдыңғы қабырғасы:жауырын тіласты бұлшықеттің жоғарғы қарыншасы, m.omohyoideus,venter superior, құрайды.
б) артқы қабырғасы:төс-бұғана-еміздік бұлшықеттің, m.sternicleidomastoideus алдыңғы жиегімен шектелген.Мұнда,мойынның ірі қантамырлары:жалпы ұйқы артерия,a.carotis communis,мен ішкі,сыртқы ұйқы артериялары және ішкі мойындырықтық венасы, v.jugularis interna, кезбе нерв, n.vagus орналасқан.
2.Жауырын-кеңірдектік үшбұрыш,trigo-num omotracheale.(218,219 сурет)
а)артқы қабырғасы:төс-бұғана-еміздік бұлшықеттің, m.sternocleidomastoideus, алдыңғы жиегімен.
ә) жоғарғы қабырғасы: жауырын - тіласты бұлшық еттің жоғарғы қарыншасымен, m.omohyoideus, venter superior.
б) алдыңғы қабырғасы: мойынның ақ сызыкшасымен шектеседі.
Бұл үшбұрышта кеңірдек өте беткей орналасқандықтан жауырын-кеңірдектік үшбұрыш деп аталуы сол себепті.
3. Төменгі жақ астылық үшбұрыш, trigonum submandibulare.(218-сурет).
a) Төменгі қабырғасы: екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы, артқы қарыншасынан, m. digastricus, venter anterior et posterior, тұрады.
ә) жоғарғы қабырғасы: төменгі жақ тіласты бұлшықеті, m.myloyiodeus мен төменгi жақ сүйегінің денесiнен тұрады.
Бұл үшбұрышта төменгі жақ астылык без gl. submandibularis орналасқан. Сонымен катар, бұл үшбұрыштың маңында хирургиялық мәні өте зор, тiлдiк үшбұрыш, trigonum linguale немесе Пирогов атты үшбұрыш орналасқан.
4.Тілдік үшбұрыштың,trigonum linguale.
Қабырғалары:
а) алдыңғы қабырғасы:төменгі жақ тіласты бұлшықеттің артқы жиегімен.
ә) артқы және алдыңғы қабырғасы:екі қарыншалы бұлшықеттің сіңірінен.
б) жоғарғы қабырғасы:тіласты нервімен, n.hypoglossuss, шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |