Байланысты: Гиподинамия. Физикалық жүктеменің организмге әсері Орындаған Ша-melimde.com
Қорытынды
Дене тәрбиесі жаттығуларын гиподинамияның әсерінен пайда болған көптеген аурулардың профилактикасы ретінде қарастыруға болады. Адамның денсаулығының тез жақсаруы мен еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде дене шынықтыру жаттығуларын емдік шара ретінде қолдану өте дұрыс.
Емдік дене шынықтыру жаттығулары ауру немесе сырқат адамның денсаулығын жақсарту және еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатында емдік профилактикалық әдіс ретінде қолданылады. Емдік дене шынықтыру дене тәрбиесінің бір бөлігі ретінде, дене күшінің дамуына, қимылдың координациясы мен жылдамдығын артуына, ептілікті, батылдықты, төзімділікті және басқа да адамның еңбек пен қоғамдық өміріне қажетті физикалық психологиялық қасиеттерді дамытуға өз үлесін қосады. Сондықтан дене шынықтыру жаттығуларын қолданудың тек емдік ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік те мәні зор.
Емдік дене шынықтырудың негізгі құралы белгілі бір мақсатта қолданылатын, жалпы аурудың жағдайына және өту ерекшеліктеріне байланысты мөлшерленіп белгіленген физикалық жаттығулар. Емдік дене жаттығулары , адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Олар орталық жүйке жүйесі арқылы ауру ағзасындағы күрделі процестерді ынталандырады және қалпына келтіреді. Негізінде емдік дене шынықтырудың ағзаға әсер етуінің төрт механизмі бар: денені сергіту (тонусты жоғарылату), қоректендіру (трофикалық), қалыпқа келтіру (компенсаторлық) және реабилитациялық.
Сергіту қызметі (жалпы тонустың жоғарылауы) дене шынықтырудың барлық түрінде кездеседі және негізі болып табылады. Бұл кезде ОЖЖ-дегі жүйкелік процестердің артуы, ішкі бездердің қызметтерінің белсенділігі жоғарылауы, зат алмасу, тыныс жүйесі және жүрек-тамыр жүйесі қызметінің артуы болады. Дұрыс қолданылған дене жаттығулары ағзаны сергітіп, жақсы әсер береді.
Трофикалық қызметі тіндер қызметінің бұзылысында көрініс табады. Бұл кезде тіндер мен жасушалардағы қан айналысы жақсарады және олар қоректік заттармен қамтамасыз етіледі.
Компенсаторлық (қалпына келтіру механизмі) – бүлініске ұшыраған ағзалардың қызметін уақытша немесе толық қалпына келтіру.
Реабилитациялық қызметі – денсаулықты жақсарту және еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатында қолданылатын психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік шаралардан тұратын кешенді емдік тәсілдері.
Гиподинамия салдарынан болатын аурулардың алдын алу мақсатында әрбір адам қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына орын алып отырған қиындықтарға қарамастан өз денсаулығына аса мұқияттылықпен қарағаны дұрыс. Адамзаттың данасы Аристотельдің «жанды дене қозмалмаса өледі» деген қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің бағдарламасы деп түсінуі керек.
Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады.
Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Ал денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі, біз жоғары да айтып өткендей салауатты өмір салтын ұстану және күнделікті өмір тұрмысына дене шынықтыру жаттығуларын енгізу.
Дене шынықтыру жаттығулары деп жалпы және арнайы таңдалған қимыл кешенін, емшара ретінде дене шынықтыруда және дене тәрбиесінде қолданылатын жаттығуларды айтады. Дене шынықтыру жаттығулары денсаулықты нығйтып, ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіреді және сонымен бірге дене шынықтыру жаттығулары адам ағзасындағы бұлшық еттерге физиологиялық әсер етеді.