С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Өндірістің процестері мен аппараттары
Орындаған: Сарыбаева Ақнұр
Топ: ТФП21- 022
Тексерген: Шуленова Г.
ЖОСПАРЫ: 1. Фармацевтикалық процесстердің түрлері 2. Аппараттар 3. Химиялық технологияның негізгі процесстердің түрлері. 4. Химиялық технология процесстерінің теориялық негіздері. 5. Қорытынды Химиялық технологияның әртүрлі саласында бірдей процестер мен аппараттар - негізгі процестер мен аппараттар деп аталады. Өндірістік процесс - бұл кәсіпорында өнім өндіруге қажетті жұмысшы мен автоматтандырылған құралдардың барлық әрекеттерінің жиынтығы. Фармацевтикалық өндірістерді жүзеге асыру үшін қолданылатын процестері мен аппараттары:
Гидравликалық және реологиялық
Механикалық
Гидромеханикалық
Биохимиялық
Физика-химиялық
Жылулық
Экстрагирлеу
Гидравликалық механизмдер- өз жұмысында сұйықтықтың кинетикалық немесе потенциалдық энергиясын пайдаланатын аппараттар мен құралдар. Гидравликалық механизмдерге гидравликалық машиналар жатады. Мұндай механизмдерде гидравликалық сұйықтықтың жоғары қысым күші әртүрлі гидравликалық қозғалтқыштар мен цилиндрлердің механизмдеріне айналады. Сұйықтық ағынын тікелей немесе автоматты түрде басқару клапандары арқылы басқаруға болады. Ағынның таралуы арнайы гидравликалық шлангтар мен түтіктер арқылы жүреді. Гидравликалық механизмдер химия өнеркәсібінде үлкен қолданысқа ие, өйткені үлкен энергияны жұқа түтіктер мен икемді шлангтар арқылы беруге болады.
Механикалық аппараттар - ұнтақтау, престеу, сұрыптау, түйіршіктеу сияқты процесстерді жүзеге асырады.