Байланысты: Кенесбек Нұр ЛР 404 Орман қорының қорын тауарландыру (копия)
Қорытынды Соңғы жылдары табиғатты қорғау мәселесі, соның ішінде өсімдік ресурстарын қорғау өзекті мәселеге айналды. Заман ағымына сәйкес техникалық дамудың әсері терең сезіле бастады. Әсіресе қала жағдайында улы газдар, шаң, тозаңдар және т.б. қалдықтар, қала тұрғындарына, сонымен қатар жасыл өсімдіктеріге де зиянды әсерін тигізуде. Қарқынды дамып келе жатқан Астана қаласының жасыл экспозициясы ағаш-бұталы өсімдіктердің шектеулі түрлерімен ғана берілген. Қала көшелерін қоршаған ортаның ластануына, шаң-тозаңға төзімді, әрі тұрақты жаңа өсімдік түрлерімен байыту заман талабына сәйкес қажеттілік туғызады. Осы мәселені шешу мақсатында жаңа өсімдік түрлерін бейімдеу жұмыстарын жүргізу қолға алынып жатыр. Бірақ қажетті ағаш және бұталы өсімдіктермен қала көшелерін көркейту, топырақ климаттық жағдайларының қолайсыздығына байланысты көп қиындықтар туғызады. Сондықтан Астана қаласының топырақ климаттық жағдайына бейімделетін жаңа өсімдік түрлерін таңдау, сонымен қатар бейімделіп жатқан интродуцент ағаш және бұталы өсімдіктердің физологиялық даму жағдайына бақылау жұмыстарын жүргізу жүзеге асырылатын болды. Соның нәтежесінде топырақ климаттық жағдайына төзімді сәндік пішіндегі аязға және ыстыққа төзімді интродуцент өсімдіктер көгалдандыру жұмыстарында іс жүзінде еңгізілді. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында отандық ғалымдардың, шетел ғалымдарының зылыми зерттеу жұмыстары талданып, сараланып жаңа интродуценттерді еңгізумен қатар, олардың тұрақтылығын артыруға, күтім жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар атқарылды. Өсімдіктердің интродукциясы әр түрлі мақсаттағы жасанды түрде құрылатын фитоценоздардың өнімділігін артыру үшін, үлкен қор болып саналады. Сондықтан қаланы көгалдандырумен қатар сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан түрлерді де, сақтауға шаралар жасау қажет. Оларды табиғатқа қайтару үшін дендро саябақ, нысан алаңдары, батаникалық бақтар құрылып олар көбейтілуі қажет. Сондықтан зерттеу барысында аталған мәселелер қарастырылатын болады.
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан — 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Тұқым себу арқылы жасыл жасыл екпе ормандарды құру. Екпелерді тұқым себу арқылы
құру тиімді әрі жұмысы аз, питомник құруды қажет етпейді, жас өсімдіктердің
ауыстырылып отырғызылатын тамыр жүйесі болмағандықтан механикалық
зақымданбайды.