Зерттеу жұмысының міндеті:
•
Орталық Азияның көшпелі
халықтарының этноаумағының
қалыптасуының мәселелерін зерттеу;
•
Қазақстан
аумағындағы
мемлекеттілік
пен
саяси
құрылымдардың
теориялық
және
методологиялық
мәселелеріне талдау жасау;
•
Дәстүрлі қоғамдағы билік және әдеттегі құқықтың рухани
құндылықтар
мен
сабақтастығын
анықтап,
нақты
қорытындыларға келу, кешенді түрде салыстырмалы талдау
жасау;
•
Көшпелілер өркениетіндегі
табиғат пен қоғамның қарым-
қатынасы үдерісін зерттеу, түркі халықтарының,
соның
ішінде қазақтардың дүниетаным жүйесін анықтауда
басымдық ретінде түркі
мифологиялық мәдениетінің
бастауларын негіздеу;
Зерттеу
жұмысының
мақсаты-
Орталық Азия мен Қазақстан
көшпелілерінің
этноаумағының
қалыптасуына,
мемлекеттік
құрылымына, эволюциясына, билік және дәстүрлі құқық мәселелеріне,
дәстүрлі көшпелі шаруашылықтың күйреуіне кешенді түрде талдау жасау
және тарихи деректер мен тарихнамалық жетістіктерді жаңаша тұрғыда
зерттеу,
сондай-ақ, отырықшы және көшпелі өркениеттердің синтезін
көрсету,
көшпелі
және
отырықшы
халықтың
мәдени-тарихи
ықпалдастығынан туындаған мәселелерге
негізделген дереккөздерге
аксиологиялық талдау жасау жобаның мақсаты болып табылады.
Зерттеу объектісі - Орталық Азия және Қазақстанның ерте және
ортағасырлық
тарихының этно-мәдени, этно-территориялық, саяси,
әлеуметтік мәселелері, басқару жүйесі, мемлекеттілік мәселесі, әскери
өнер, көшпелілер мен
отырықшылардың мәдени синтезі, ХІХ
ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі дәстүрлі
шаруашылықтың сипаты, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғам, кеңестік
үкіметтің орнауы кезіндегі дәстүрлі шаруашылық ырғағының
бұзылуы, дәстүрлі шаруашылықтың күйеуі
мәселелері жұмыстың
басты зерттеу нысаны.