Реферат Тақырыбы: Орта Азия мен Қазақстанның көшпенділері


 Ғұндардың әлеуметтік тіршілігі



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата12.05.2023
өлшемі200,27 Kb.
#92108
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Деректану1 230511 120629

5. Ғұндардың әлеуметтік тіршілігі 
Б.э.д. I мыңжылдықтың ортасында Орталык Азия даласында рулардың ірі 
одағы қалыптаса бастады. Қытай және антикалык жазба ескерткіштері оларды 
"Ғұн” (хунну) деп атаушы еді. Ғұндардың өз шежіресіне қарағанда (б.э.басы) 
"олардың тарихы мың жыл бұрын басталған" еді. Ғұндар- мен катар екі 
дәуірдің шектесетін уақытында усунь (үйсін) және кангыю (қаңлы) тайпалық 
одақтары да көшпелі мәдениеттің тың үлгілерін жасады. Орталық Азияны 
мекендеген ондаған ірі рулардың басын қосқан ғұн мемлекеті б.э.д. III ғ. 


Тынық мұхиты мен Каспий теңізі аралығын, кейінірек Орталық Еуропаны 
қамтыған ұлан-байтақ империя құрды. Еуразия тарихында бұл көшпелілердің 
жасаған алғашқы империясы. Үйсіндер алғашқы кезенде Шығыс Түркістанды 
мекендеп, ал юечжі тайпалары оңтүстік-батысқа жер ауған соң, Жетісу мен 
Ферғана өлкелеріне орнықты. Сол дәуірдегі көрнекті одақтың бірі қаңлылар, 
әуелден Сырдария өлкесімен тығыз байланысты (Авес- тада Сыр бойына 
қатысты Канхга атауы кездеседі). Әрине, ғұн, үйсін, қаңлы руларының 
қоныстану мәселесі толык шешілді деуге әлі ерте, оның үстіне халықтардың 
ғұндар бастаған қолы қоныс аударуы кезеңінде (III ғ. бастап) эт- 
нотерриториялық картаға елеулі өзгерістер енгені даусыз. 
Б.э.д. 200-ші жылы ғұндарға қарсы Қытайдан Гао ди бастаған (патша) ірі 
кол аттанды. Олар жылдан-жылға күшейіп келе жатқан көшпелі мемлекетті 
тізе бүктіру ниетімен шекаралық өлкеде билігін нығайтуды көздегенін 
жылнама жасырмайды. Бірақ ғұндарға қарсы соғыста патшанын әскері 
жеңіліп, оның өзі қолға түсті. Одан кейінгі қарым-қатынас ғұндардың 
пайдасына жүргені анық. Бірнеше жуз жылдар бойы Қытай көшпелілерге 
тәуелді болып келді. Осы соғыста Қытай жылнамашысы ғұн әскерлерінің 
батыс билігі - ак боз атқа, шығыс бөлігі - ак түмсык курен атка, солтүстік бөлігі 
- шұбар атка, ал енді оңтүсті- гіндегілер - жирен атқа мінгендігін суреттейді. 
Мұның өзі гун кауымдастығына енген рулардың нағыз көшпелі жыл- кы 
осірушілер екендігін дәлелдесе керек. Үйсіндерге катыс- ты деректерде 
"олардың ішіндегі байлары 4-5 мын жыл- кына иелік етеді" деген мәліметтер 
бар. Бұл көрсетілген сан ен жогары шек болмаса керек. Археологиялык дерек- 
тер гун коныстарында орташа қалалардың орыны барлы- гын, ал олардың 
маңында суландыру жүйесі болатынын хабарлайды. Осы сияқты құбылысты 
үйсін мен кандыга катысты казба жұмыстарынан да аңғарамыз. Дегенмен, осы 
аталған рулардың негізгі шаруашылық үрдісі көшпелі мал шаруашылығы 
болғаны айдан анык. Мәселен, отырықшы елкелерге ен жакын деген 
қаңлылардың басшылары ара- сы 900 шақырым болатын жайлау мен қыстау 
арасында көшіп жүрген.[ 3,63-64б] 
Ғұн заманында көшпелі рулардың әлеуметтік тіршілігі курделі жүйеге 
орнықты. Оның тамаша көрінісі - ғұндар- Дын мемлекеттік билік құрылымы. 
Жоғары биліктің ата- рушысы - "шаньюй" (шамасы "жәңгір" немесе "шон" де- 
ген әлеуметтік титулдың қытайша транскрипциясы) көктің ұлы деген лақапқа 
ие, оны "көк пен жерден туган. күн мен айдан билікті алған ғұнның ұлы 


билеушісі" деп дәріптейді. Ғұн мемлекетінің негізгі кұрамы 24 көшпелі рудан 
турады, олардың әрқайсысын билер - ру басылар басқарады, кейінірек ол 
руларға шаньюй "түмен басылар- ды" бекітті. Осылайша мемлекет құрамына 
кірген рулар 10 Мын әскер бере алатын әкімшілік жүйесіне бағынды. Де- 
ректерге қарағанда ғұн қауымына енген рулардың басшы- лары, шаньюйдің 
туыстары жылына үш рет Лунци тауына жиналып, Тәңіріге арнап құрбандық 
шалып, мемлекет мәселелерін ортаға салатын. Ғұндардың күшеюі көршілес 
руларға әр түрлі әсер етті. Олардың ішінде юечжі сиякты аянбай соғысып, 
ақыры жер ауып кеткендері де болды. 
6. Көшпелілердегі биліктің типологиясына жасауға тырысқан зерттеушілер,
билік құрылымының бірнеше модельдерін анықтап көрсетеді. С.А. Васютин
көшпелілердегі биліктің жеті моделін ұсынады: 
1. Көшпелі суперимпериялар қатаң әскери-саяси құрылымы бар, сондайақ, 
нормалар мен қоғамдық өмірді анықтайтын ерте мемлекеттік
құрылымдардың бір түрі ретінде;
2. Көшпелілердегі биліктің басқа этнос өкілдері арқылы басқарылуы; 
3. Этникалық тұрғыдан жартылай біртұтас, бірақ өздерінің құрылымы
бойынша басқа да көсемдік басқару түрлері секілді ұйымдасудың локальды
түрі;
4. Көшпелілердегі отырықшы халықтың үлесі жоғары саяси басқару түрі; 
5. Орталықтанған басқару формасы болмаған, алайда биліктің дәстүрлі
түрісақталған; 
6. Бір орталыққа бірікпеген тайпалық бірліктер; 
7.Дамыған экономикасы бар орталықтан мемлекет.[4, 47-48 б] 
 
 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қадірқұлова Г.К «Қазақстан тарихы», «Оқулық» баспасы, Алматы, 2005, 
320 б 
2. Акишев А. К «Искусство и мифологоя саков», Издательство «Наука
», 
Алматы, 1984-176 с 


3. Ж.О. Артықбаев «Қазақстан тарихы» оқулық-хрестоматия, Астана, 2003, 
264 б 
4. Тоқсанбаев А.К «Орта Азия көшпелілерінің билік жүйесі»- диссертация. 
Алматы. 2021. 165 б 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет