Реферат Тақырыбы: Орта Азия мен Қазақстанның көшпенділері



бет1/5
Дата12.05.2023
өлшемі26,65 Kb.
#92107
түріРеферат
  1   2   3   4   5

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда униветситеті
Гуманитарлық-педагогикалық институт
Тарих кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Орта Азия мен Қазақстанның көшпенділері


Пәні: Қазақстан тарихының деректері
Тобы: Ист-21-1
Оқытушы: Қожақұлы Ө
Студент: Алмасбек Асылай

Қызылорда, 2023


Аннотация

Бұл жұмыста Орта Азия және Қазақстандағы көшпелі тайпалардың шаруашылығы, қоныстанған жерлері мәдениеті жайлы айтылады. Табылған археологиялық қазбалар туралы сөз қозғалады. Қазақстанның көшпелі тайпаларының ежелгі дүние тарихындағы елеулі рөлі жайлы нақты ақпараттар қарастырылады.


Жоспары
1. Кіріспе
2.Орта Азия және Қазақстан көшпенділерінің шаруашылығы
3. Сақ тайпаларының саяси оқиғасы
4. Үйсіндер туралы алғашқы деректер
5. Ғұндардың әкеуметтік тіршілігі
6. Көшпелілердегі биліктің жеті моделі
Кіріспе
Орталық Азия көшпелілерінің этноаумағының қалыптасуына, мемлекеттік құрылымына, эволюциясына, билік және дәстүрлі құқық мәселелеріне, дәстүрлі көшпелі шаруашылықтың күйреуіне кешенді түрде талдау жасалады және тарихи деректер мен тарихнамалық жетістіктерді жаңаша тұрғыда зерттеледі, сондай-ақ, отырықшы және көшпелі өркениеттердің синтезін көрсетеді, көшпелі және отырықшы халықтың мәдени-тарихи ықпалдастығынан туындаған мәселелерге негізделген дереккөздерге аксиологиялық талдау жасалады. Бұл жұмыста Ж. О Артықбаевтың «Қазақстан тарихы» оқулық хрестоматиясы және Қадірқұлованың « Қазақстан тарихы» атты еңбектеріндегі Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың өмірі, шаруашылығы, мәдениеті жайында айтылған нақты мәліметтер көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының міндеті:

  • Орталық Азияның көшпелі халықтарының этноаумағының қалыптасуының мәселелерін зерттеу;

  • Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік пен саяси құрылымдардың теориялық және методологиялық мәселелеріне талдау жасау;

  • Дәстүрлі қоғамдағы билік және әдеттегі құқықтың рухани құндылықтар мен сабақтастығын анықтап, нақты қорытындыларға келу, кешенді түрде салыстырмалы талдау жасау;

  • Көшпелілер өркениетіндегі табиғат пен қоғамның қарым-қатынасы үдерісін зерттеу, түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың дүниетаным жүйесін анықтауда басымдық ретінде түркі мифологиялық мәдениетінің бастауларын негіздеу;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет