Реферат Тақырыбы: Құпиялылық және науқастың туыстарымен байланыс. Орындаған : Тажиева А.Ғ


-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары



бет2/2
Дата03.04.2023
өлшемі118,53 Kb.
#78620
түріРеферат
1   2
Байланысты:
КДС 4СРС

77-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге;
3) дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға;
4) пациент стационар жағдайында емделуде болған жағдайда емдік тамақ алуға;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен қосымша медициналық көмекке;
6) ақылы негізде медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді алуға;
7) көрсетілімдер болған кезде бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде медициналық көмек алуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды алуға және олардың берілуіне;
9) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер, мекендеу ортасының жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар, дұрыс тамақтану мен тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы анық ақпаратты өтеусіз және тұрақты түрде алуға;
10) мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан және дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;
11) медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтердің қорғалуына;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне медициналық көмек көрсету кезінде денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына;
14) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға;
15) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы жоғары тұрған органдарға өтінішхат беруге;
16) донор ретінде әрекет ету мүмкіндігі туралы ерікті түрде ерік білдіруге;
17) қайтыс болғаннан кейін осы Кодексте айқындалған тәртіппен трансплантаттау мақсатында өздерінен тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) алуға келісу не алудан бас тарту туралы ерік білдіруге;
18) емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға;
19) бірлесіп төлеуге;
20) жазылмайтын созылмалы ауруларды емдеу кезінде ауырсынуды басатын ем алуға;
21) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде медициналық зерттеп-қарау нәтижелері, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлері, оның салдарлары мен медициналық көмек көрсету нәтижелері туралы мәліметтерді қолжетімді нысанда алуға;
22) аурулардың профилактикасы туралы ақпаратты қоса алғанда, денсаулықты сақтауға ықпал ететін немесе оларға жағымсыз әсер ететін факторлар, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның жай-күйі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам денсаулығы үшін ықтимал қауіптілігі, тамақтанудың ұтымды нормалары, өнімнің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы анық және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар

Қорытынды


Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында халықтың денсаулығына байланысты мәселелер маңызды орынға ие. Дені сау адамдар елдің әлауқатының қателеспейтін индикаторы және сенімді кепілі. Ұлт денсаулығы да ғалымдармен адам дамуының маңызды индикаторы мен мемлекеттің даму әлеуеті ретінде жанжақты талданылады. Сәйкесінше, ұлт денсаулығы ұлттық қауіпсіздік саясатының басым бағыты ретінде бекітілген.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы бірқатар құқықтарын бекіткен, атап айтар болсақ: «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы. Мемлекеттiк және жеке меншiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша жүргiзiледi»


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Общественное здравоохранение: учебник/ А.А. Аканов [и др.].- Одобрено и рек. комитетом по контролю в сфере образования и науки. МОН РК. - М.: "Литтерра", 2017. - 496

  2. Бөлешов М. Ә. Қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау: оқулық. - Алматы : Эверо, 2015

  3. Сарсенбаева Г.Ж. –Қарағанды. ЖК “АҚНҰР баспасы” 2013-184б

  4. Qamshy.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет