Реферат Тақырыбы: Қр азаматтық құқық негіздері Орындаған: Маутканова Асель Semey 2022


Қылмыстық жауапкершілік: тұжырымдамасы, оның пайда болу негіздері



бет3/3
Дата14.10.2022
өлшемі53,39 Kb.
#43091
түріРеферат
1   2   3
Қылмыстық жауапкершілік: тұжырымдамасы, оның пайда болу негіздері.

Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын рөлі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.


Қылмыстық құқықпен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара тығыз байланыста болады. Қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыс екендігін және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы қылмыс¬тық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудін және сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнмен оның нысанының байланысы ретінде көрсетіліп отыр.


Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен де тығыз байланыста. Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға, оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру болып табылады және олар айыптау үкімінін заңды күшіне енген уақыттан бастап пайда болады. Яғни, қылмыстық құқықтық қатынастар негізі қылмыс істеуге байланысты болса, ал қылмыстық атқару құқығы қатынасының пайда болуының негізі заңды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.

Бұл қатынастардың субъектілерінде де айырмашылықтар бар. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектісі болып қылмыс істеген, есі дұрыс, заңда белгіленген белгілі бір жасқа толған адам болса, сот үкімі бойынша сотталғандар қылмыстық орындау құқығының субъектісі болып саналады.


Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де етене байланыс¬ты. Бұл екі құқық саласы ортақ міндет — қоғамға қауіпті іс-әрекет — құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізеді. Қылмысқа қарағанда әкімшілік құқық бұзушылықта іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болады. Ондай теріс қылық істеген адамға арнаулы әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес, әкімшілік шара қолданады. Әкімшілік шара сотталғандық атақ болып табылмайды, ал қылмыстық жазаны қолдану «сотталғандық» атаққа ұрындырады. Оның заңдылық салдары бар. Әкімшіліқ құқық бұзушылықтың субъектісі болып азаматтардан басқа заңды тұлғалар болуы да мүмкін. Ал қылмыстың субъектісі болып тек қана заңда белгіленген жасқа толған, қылмысты іс-әрекет істеген, есі дұрыс кінәлі адам ғана болады.


Қылмыстық құқық криминология пәнімен де тікелей байла¬нысты. Бірақ бұл екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.




Егер қылмыстық құқық қылмыс пен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы болса, криминология қылмыстылық, оны туғызатын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы бо¬лып табылады. Криминологиялық деректер қылмыстылықпен күресуден қылмыстық зандардың тиімділігін, оны жетілдіру жолдарын, қылмыстан сақтандырудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет