3.Қазақстандағы Радиациялық жағдай Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің Радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады:
Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 Радиациялық фоны 120-150 макр/сағ. құраған. Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда да қалыптасуынан теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта - α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған. «Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиоактивті ластану учакелері табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілетін метелл қалдықтарының радиоактивті ластануы анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос» АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорындарда коммисия құрылып, бұл жағдайдың себептерін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкесінің элеваторынан қуатты 200-3000 мкр/сағ. йондаушы сәулелер шығаратын құралдар табылған. Павлодар облысының құрлыс кәсіпорындарында кейбір құрлыс материалдардың түрлерінің Радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар йондаушы сәулелердің көздерінде кезінде жоюға арналған приборлары мен аппаратураларымен қамтамассыз етілмеген. Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан территориясынан сыртқы радиоактивті ластанған сым кабельдерінің шығарылуының 3 факторы тіркелген.
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метерологиялық әртектіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостық сәулеленумен байланыты. Табиғи радиоактивтік фон әр түрлі болуы мүмкін: ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттік массадан тұратын территорияда 50-60 мкр/ сағ құрайды.