Реферат тақырыбы: Салауатты өмір салтының негіздері Орындаған: Рысқұлбек Асылжан фек-102 п/я Қабылдаған: Рысбек Қастер


Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері



бет4/15
Дата06.01.2022
өлшемі54,23 Kb.
#13341
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Рысқұлбек Асылжан

1.2. Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері.          

  1. Ден жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады , тонусы, қан айналым және бұлшықет қоректенуі жақсарады.

  2. Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капиллярлар кеңейіп қана қоймайды, олардың саныда бірден көбейе бастайды. Әсіресе бас ми капиллярларының саны өсуінің ерекше маңызы бар, кезінде И.М.Сеченов ми даму үрдісінде бұлшықет қозғалысының маңызын талай атап өткен.

  3. Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшықет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет істесе, соншадлықты жүрек те әлуетті қызмет етеді. Дене шынықтыруымен, спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті  әр жиырылыс сайын, қолқаға 60мл шамасындай қан сол қарыншадан лықсып шығарылатын болса, жаттыққан адамда жай тыныштық жағыдайда бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-100 мл қан шығарады. Жаттықпаған адамда жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі  1 минут ішінде жүрек 50-60 рет жиырылатын болады. Кейбір спортшыларда пульс 40-тан аспай, бір сөзбен айтқанда, жаттыққан адамның жүрегі әр систола сайын қанды көп шығарады, яғни жүрегі үнемі де, ұтымды жұмыс істейді.

  4. Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын кеңейтеді, қабырға шеміршектерінің икемділігін жақсартады, тыныс еттерін күшейтеді, олардың тонусын жоғарылатады. Тыныстың минуттық көлемі –қалпы 8 л көп болмайды. Ал, тез және бар күшімен жүгіргенде не жүзгенде ТМК 20 есе көбейеді,  120-130 л жетеді .

  5. Дене шынықтырумен айналысу, зат алмасудың бар үрдістеріне және зәр шығару ағзаларының жұмыстарына дұрыс әсер етеді, қан тасмалдау, лимфа жүйесінің функциясын күшейтеді.

  6. Дене жаттығулары жамбас қуысында қанның іркіліп қалуын, қатпаны, гемаройды болдырмайды.

  7. Қандай болмасын дене жүктемесі – склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене жаттығулары адамның психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Осының әсерінен жүйке-жүйесінің күш қуаты өседі, ішкі секретция бездерінің жұмысына дем береді және жағымды эмоция тудырады.

Дене шынықтыру мен айналысуды бастайтындар үшін көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші  орынға шығаратындары : сауықтыра жүгіріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастикасы, таңертеңгі сауықтыру гимнастикасы, дәстүрлі гимнастика және тыныс алу жаттығулары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет