Реферат Тақырыбы: Салыстырмалы морфология ұғымдары Орындаған: Досалы Таңсұлу Тобы: Фи19-1к2



бет1/3
Дата24.03.2022
өлшемі28,74 Kb.
#28659
түріРеферат
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

Реферат

Тақырыбы: Салыстырмалы морфология ұғымдары

Орындаған: Досалы Таңсұлу

Тобы: Фи19-1к2

Қабылдаған: Ағабеков О

Шымкент 2022 жыл.

Жоспар:

1 Функционалды грамматика және оның зерттеу нысаны.

2 Функционалды грамматика саласының қалыптасуы мен дамуы.

3 Функционалды грамматика саласындағы негізгі базалық ұғымдар.

4 Қорытынды.

5 Пайдаланылған әдебиеттер.



1 Функционалды грамматиканың зерттеу нысаны.Тіл білімінде соңғы жылдары белең алған функционалдық бағыт тілдік бірліктердің сөйлеу әрекеті үстіндегі жұмсалымдық сипатын қарастырады. Функционалды грамматиканың бір түрі алғаш А.А.Хадеева-Быкова ұсынып, кейін А.В.Бондарко «функционалды-семантикалық өріс» теориясы негізінде дамытқан болып табылады. «Функционалды-семантикалық өріс» ұғымына ғалым мынадай анықтама береді: «Функционалды-семантикалық өріс – тілдің грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құрылымының бір ғана семантикалық аясына жататын лексикалық, лексика-грамматикалық және сөзжасамдық бірліктерімен бірге құрылатын екіжақты (мазмұндық-тұлғалық) бірлестік».Яғни функционалды-семантикалық өріс теориясының негізгі әдісі белгілі бір семантикалық категорияны білдіретін тілдік бірліктердің мағына ортақтығына (инварианттылығына) орай тұтастық ретінде қарастырып, сол категорияның семантикалық құрылымдарын айқындау болып табылады.

Функционалды грамматика (лат. Functio − орындау орыс. функциональная грамматика) – грамматикалық құрылыстағы тіл бірліктерінің функцияларын (қызметін) және олардың заңдылықтарын объект етіп зерттейтін грамматика түрі. Функционалды грамматика әр тілдің әртүрлі деңгейлеріне қатысты, лексикамен, контекспен өзара байланысты, бірақ бәрі де семантикалық қызметінің ортақтығы нәтижесінде біріктіріліп, тіл құралдарының біртұтас жүйесінде қарастырылады Функционалды грамматиканың негізгі мақсаты − болмысты пайымдау барасында адам санасында қалыптасқан ойдың мәнін берудегі грамматикалық бірліктердің тілдің басқа деңгейлер бірліктерімен тығыз қарым-қатынастағы қызметінің заңдылықтарын зерделеп сипаттау. Тілдің барлық деңгейлері бірліктерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы жалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болады. Функционалды грамматиканың басты ұғымдары мен категориялары ақыл-ой танымының нəтижесінде болмысты қабылдау мен түйсіну процесі арқылы анықталады. «Болмыс – ұғым – тіл» үштігі – триада – жүйелі тілдік ұғымдық категориялар негізінде қарастырылады.

Функционалды грамматиканың негізгі объектісі «мазмұннан тұлғаға, тұлғадан мазмұнға қарай» тілдік құралдарды зерттейтін бағыт болып табылады. Демек, қоршаған ортаны зерттеу мен сипаттауға бағытталған тілдік бірліктер тілдің табиғаты мен заңдылықтарымен тығыз байланыста, түрлі тілдік деңгейде ортақ құрылымдық жүйе ретінде, семантикалық функцияларына қарай біріккен грамматика ретінде түсіндіріледі.Функционалды грамматиканың бастауларын әріден іздеген дұрыс. Мәселен, орыс тіл білімінде тілді функционалдық жағынан қарастырған зерттеулерді Ф.И.Буслаев, К.С.Аксаков, Н.П.Некрасов, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.А.Шахматов және А.М.Пешковскийлердің еңбектерінен кездестіруге болады. Орыс сөздерінің грамматикалық тұлғасын функционалдық тұрғыда қарастыруда В.В.Виноградовтың еңбегі ерекше. Ал жалпы алғанда функционалды грамматиканың теориялық тірегі Л.В.Щерба, И.И.Мещанинов, С.Д.Кацнельсон еңбектерінің негізінде қаланды деуге болады. Функционалды бағыт тілдік таңба мен болмыс арасындағы байланысты анықтауға негіз болады. Себебі, адам баласы атқаратын қандай да бір әрекет уақыт пен кеңістік аясында жүзеге асырылады.Функционалды грамматика ‒ тілдік бірліктердің сөйлеу үдерісіндегі қызметін қарастырады.Сөйлеу әрекеті үстінде тілдік бірліктер түрлі қызмет атқарады. Тілдік бірліктердің сөйлеу әрекетіндегі қызметі, жұмсалымдық мағынасы сөйлеу жағдаяттарымен, контекспен бірлікте алып зерттеледі.Өйткені тілдің фонологиялық, лексикалық және морфологиялық деңгейіне жататын түрлі тілдік бірліктер белгілі бір ойды жеткізу үшін өзара семантикалық бірлікте қызмет атқарады.Олай болса, функционалды грамматиканың зерттеу нысаны – адам саберудегі грамматикалық бірліктердің өзге тілдік бірліктерімен қарым- қатынастағы қызметін айқындау қатынастағы қызметін айқындау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет