Реферат Тақырыбы: Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторолардың әсері



бет4/4
Дата16.10.2022
өлшемі29,88 Kb.
#43408
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Анатомия СРО.1

Қаңқа бұлшықеттері
Қаңқа бұлшықеттері - тірек-қимыл жүйесінің пәрменді бөлігі. Қаңқаның бұлшықеттері қолдонеңжолақты болып келетіндіктен, қоза да (жүйке козу толқынына жауап қайтарып), жиырыла да және қажи да алады. Адам денесінде пішіні сан алуан және бірнеше қабатты 600-ден астам бұлшықет болады. Бұлшықеттердің әрқайсысы бұлшықет талшықтары деп аталатын жасушалардан (миоциттерден) тұрады. Талшықтар будаланады да, будалар жалпы дәнекер түптекті қабықшаға - шандыр бұлшықеттеріне бірігеді. Әрбір бұлшықеттің ішінде жасушаларды қоректендіретін, оларға тыныс алғызатын тармақталған қантарату тамырлар, сондай-ақ бұлшықеттердің жиырылуын басқаратын жүйкелер бар. Бұлшықеттер сүйектерге сіңірлердің көмегімен бекінеді. Олар екі немесе одан да көбірек сүйектерге бекініп, жиырылған кезде сүйекті өзіне қарай тартады. Өйткені бұлшықеттер босаңсу арқылы сүйекті өзінен алшақтата алмайды, бұлшықеттердің әрқайсысында қарсы әсерлі зат (антогонист) - қарама-қарсылық бар. Мысалы, екібасты бұлшықет (бицепс) - шынтақ буынын бүккіш. Ал үшбасты бұлшықет (трицепс) - шынтақ буынын жазғыш. Сезім билейтін бұлшыкеттері бір ұшымен — бассүйек сүйектеріне, екінші ұшымен теріге бекінеді. Оттегі жетіспегенде және сүт қышқылы жинақталғанда, сіңірлер созылғанда, жүйкелік орталықтар «қажығанда», бұлшықеттер де қажиды.
Сүйек құрылысына спорт пен еңбектің әсері
Дене шынықтырумен айналысатындардың қанқасы онымен шұғылданбайтындарға қарағанда едәуір тәуір дамыған. Дене бітімі мықтылау балаларда дене бітімі әлсіздеу балаларға қарағанда қанқа жүйесі әлдеқайда жақсы жетіледі. Тиімді дене жаттығулары, қимылдары арқасында баланың қаңқасы, көкірек клеткасын қоса барлық бөлімдерінде жақсы дамып, мұның өзі олардың ішіне жайғасқан өмірлік маңызды мүшелердің дамуына қолайлы әсер етеді. Бөлшектелген дене шынықтырумен айналысу қаңқаның сүйектенуі мен өсуін ынталандырады. Дене қимылы әсерімен сүйектердің өзгеруі функциональдық жағдайлардың нәтижесі болып табылады.
Организмнің белгілі бір аймақтарына көбірек жүктеме түсуінен сол жердегі сүйектердің қалқаларының орналасу бағыттары ғана емес, тұтас сүйек құрылымының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мəселен, футболшылардың аяқ сүйектері жақсы жетілсе, гимнастардың иық белдеулерінің сүйектері ірі келеді. Демек, сүйек затының дамуы дәрежесінде туа біткен факторлар ғана емес, сонымен бірге туғаннан кейінгі адамның бүкіл өмір бойы дене еңбегінің сипаты да шешуші роль атқарады. Бұл заңдылық физикалық жаттығулар арқылы сүйектердің өсуіне бағдарлы әсер ете отырып, адам денесінің үйлесімді дамуына көмегін тигізеді.
Қорытынды
Қорыта келе, дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру жаттығулары сүйектің дамуына зияны жоқ, керісінше сүйек мықты болып нәтижесінде сүйектің жабыны қатаяды. Дұрыс ұйымдастырылмаған жаттығулар тірек аппаратына жүк түсіруі мүмкін. Бір жаққа ғана бағытталған жаттығулар да қаңқаның дефорфизіміне әкеп соғуы мүмкін. Дене шынықтыру сүйектерді қатайтады да бұлшықет корсетін қалпына келтіріп, нәтижесінде дұрыс қалыптасқан омыртқа жотасы пайда болады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 2 томдық. Т.1.
М.:ГЭОТАР-Медиа,2014
2.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап:
оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет.с.
3.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап :
оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет.с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
5.Адам анатомиясы : оқулық - Алматы : ЖК
"Ақнұр", 2013.қосымша:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет