Реферат Тақырыбы: «Стоицизм және гедонизм: қазіргі заманғы түсініктерде»



Дата18.10.2023
өлшемі37,35 Kb.
#118500
түріРеферат
Байланысты:
Реферат Тақырыбы «Стоицизм және гедонизм қазіргі заманғы түсін


Реферат Тақырыбы: «Стоицизм және гедонизм: қазіргі заманғы түсініктерде»

Алматы Технологиялық Университеті


Реферат
Тақырыбы: «Стоицизм және гедонизм: қазіргі заманғы түсініктерде»

Орындаған: Садуева Л.


Қабылдаған: Бижанова М.
Алматы 2021
Жоспар
І Стоя философиясы
1.1. Ар-ұят ұғымы
1.2. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі ар
ІІ.Гедонизм
2.1 Аристипп тұжырымы
2.2. Гедонистік ілімінің шыңы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І.Стоя философиясы

Стоя философиясын (stoa - Афина қаласындағы философтардын жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уакыт өмір сүрген. Оны Кене Стоя (3-2 г.г.), Орта Стоя (2-1 г.г.), Сонгы Стоя (1-2 г.г.) деп үш уакытқа бөледі. Көне жэне Орта Стоя мектебі екілдерінің толық 6ip шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған.


Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған(космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктілер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер – бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сйәкес өмір салтын ұстайды.
Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл-ойда, саналығымызда болса, онда ақыл ойдың, ар- ұжданның басшылығымен өмір сүру- ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.
Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуіне, рухани өмірдің тайызданып, азғындауына, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысына сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.
Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр-түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің “ортаңғы жолын қатты сынға алады. Ақыл-ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама-қарсы жатқан қумартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл-ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан, адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық дәрежеге жету (apatіa-самарқаулық). Соңғы стоиктер оны даналық - София – дейді.
Байлықты аңсап, соның соңына түскен адам бақытсыз, өйткені ол өз-өзіне зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол ақымақ адам - өйткені,- ақылсыз. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар - халықтың көпшілігін құрайды.
Адамдардың сыртқы бір-бірінен әлеуметтік айырмашылығы надандықтан шыққаннан кейін, оған тіпті мән беріп, я болмаса оған қарсы күреске шақыру керек емес нәрсе. Оған, әдемісі, көңіл аудармау керек.
Сондықтан, тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу қажет, өйткені, ол адамның жан-дуниесін түтіндетүі мүмкін.
Бірақ, адамның өзіне қарамастан, сыртқы қолайсыз жағдай, адамның жан-дүниесінің тыныштығын бұзып үне бойы зардап әкеле берсе - ондағы ең жақсы жол - адамның өзін-өзі өлтіріп бұл Дүниеден кетуі.
Өздерінің натурфилософиясында Стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын болған. Дүние шығармашылық алғашқы оттан пайда болып, уақыты өткеннен кейін лаулаған Дүниежүзілік отта жанып кетеді. Содан кейін тағы да Дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді, ол-мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл Дүниені басқарады және барлық болатын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам өмірінде фаталистік көзқарасты тудырады (fatum,-лат. сөзі,-тағдырға сену).
1.1. Ар-ұят ұғымы

Ұлы Кантта мынадай тамаша ой кездеседі. «Адамды екі нәрсе жанын тебірентіп, шексіз тандандырады: жұлдызды аспан мен ішкі моральдық заңдылық шексіздігі». Бірінші шексіздікті адам жаңа кеңістіктерді бірте-бірте игере отырып меңгерсе, ал екіншісін ар-ұят дауысына бағыну арқылы игереді. Ар-ұят деген не? Ар-ұят өмірдің әр түрлі көріністерінде шатаскан түрінде көрінетін феномен. Ар-ұят түрлері мазмұнының айырмашылыктары бар ма? Тарихтың бүкіл өн бойында карама-қайшы кондырғыларды устанатын адамдар өз «ар-ұятымыз бойынша» әрекет еттік деп есептеді: Конфуций мен Сократ, Заратуштра мен Платон, Иса мен Мұхамед адамдарды руханилықка, ар-ұят пен ар-ождан үніне құлақ түруге шақырса, инквизиторлар мен ксенофобтар, басқыншылар мен тирандар, фашизм мен большевизм фанатиктері де ѳз ар-ұяттары бойынша әрекет еттік деп санады.


Этикалык әдебиет бұл сұрактарга әр турлі жауап береді. Сенеканын пікірінше, ѳз этикалык касиеттерімізге орай біздің қылықтарымызды сынайтын немесе қорғайтын ішкі дауыс ар- ұятты білдіреді. Стоиктік философия оны ѳзіндік сактанумен (адамның ѳз-ѳзіне қамқорлығымен) байланыстырады. Діни философияда ар-ұят құдайдың адамға жіберген акыл-ойының заңдылығы. Фихтенің айтуынша, ар-ұят адамдардың коғамдық жағдайына байланысты емес, ол ішкі «Меннің» дауысы жэне моральдың нағыз беделі болып табылады. К. Маркс бойынша ол ішке карай бағытталған ашуыза. Ж.П. Сартр ар-ұяты адамға коғам тарапынан койылатын сырткы талаптар мен тыйымдарға карсы тұратын ішкі тұлғалық әрекеттің жалғыз аралы деп жариялайды. Ар-ұят адамгершілік сананың моральдық-психологиялык тетігі ретінде коғамдағы моральдың императивті (бұйрыкты), байланыстырушы күшіне ұксас. Ол коғамдык катынастарда, мәдениетте, элеуметтік субъектілер эрекеті мен өмір сүру тәртібінде объективті бекітілген адамгершілік кундылыктардың белгілі бір жүйесін тулғаның рухани ішкі әлемінде корғайды. Ар-ұяттың адамгершілік-психологиялык ерекшілігі, адамның психикалық өмірінің ең алуан түрлі элементтерін органикапык тұрғыда өз құрамына біріктіретін бүтіндей механизм ретінде көрінуімен сипатталады. Ол барлык психика қабаттарының, өзара әрекеті нэтижесінде калыптасады: рационалдылыктың, интуитивтіліктің, ойлаудың салқын есебі ғана емес,
өмірлік тәжірибе бейнеленетін субъективизмдер даналығына, моральдық интуицияға сүйенеді. Ар-ұяттың өзгешелігі катарына оның тылсымдылығы, бүркемеленуі және таңдамалылығы жатады. Ар-ұят - бұл ішкі монолог, кейде ондадиалог, тіпті көп дауысты дискуссия да жүзеге асып жатады. Ар-ұят дегенің мыңдаған куәгерлер. Адам бойында мәңгі оппонент пен мәңгі корғаушы рухка ұйкы бермей пікірталасып жатады. Адамдағы мәңгі төреші коғамдык пікірден жасырын жаткан нәрселерді көріп, ойлап және сезіп отырады.
Ар-ұят ұғымына тарихи кезең, ұлттық, территориялык, климаттык ерекшеліктер де орасан ыкпалын тигізеді. Ар-ұят ұғымының казіргі кезең мен өндіріс үдерісіне машиналар, механизмдер енді ене бастаған XVIII-XIX ғасырлар арасында айырмашылығы бар екендігін де ескерген жөн. Француздар мен казактардың неке қатынастарында да ар-ұят ұғымы бір-бірінен айырықшаланады. Алғашкылары үшін бөлелер (кузендер) арасындағы неке калыпты болып саналса, қазактар үшін мұндай неке қан алмасушылыққа жол берген ұятсыздардың ісі. Шыгыс халықтарына тэн ар-ұяттылык батыс елдері халыктары пікірімен үнемі сай келе бермейді. Сондыктан да, адамгершілік катынастарда әрқашан бұл факторларды ескеріп, эдеп-ғүрыпка күрметпен караған жөн.
Адамның рухани өмірінің практикалык көрінісі болып табылатын адамгершілік санада ғана адам тиістілік сезімін сезініп, өз өмірінің абсолютті мұратын саналы түсініп, өзінің эмпирикалык табиғатынан жоғары көтеріліп самғай алады; бұл самғау - адамның нағыз мәні. Бұл мән коғамдык болмыстың адамгершілік немесе адамгершілік-кұқықтылық сипатыңда (жалпы кең мағынада) көрініс табады.
1.2. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі ар

Ұят туралы ұлы ақын өзінің отыз алтыншы сөзінде адамдарда екітүрлі ұяттың болатынын келтірді. Біріншісі - надандық та-ұят. Оғанжастардың ұялмас нәрседен ұялуын жаткызады. Екіншісі – адамдық қасиеттен туындайтын ұят. Бұл ұятты ақын былай танытады: Ондай кылық өзіңнен шықпай-ак, бір бөтен адамнан шыкканын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұндай ұят қылык жасағаныңды жұрт білмесе де, өз акылың, өз нысабың өзінді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. Абай мұндай ұятты өте жоғары бағалады. Бұл-адамның өзіне-өзінің катаң жазасы екенін, осыны түсінген адамның, баска біреудің жасаған ұятты қылығын, қайталамайтындығына көз жеткізеді. Бұл ретте бірінші қоятын талабы-мораль жағынан ұстамды таза болу. Адам баскаға үлгі болу үшін, баскаға тәрбие беру үшін, ең алдымен моральдық жағынан өнеге көрсетерліктей болу керек. Бұл тұрғыдан ақын алдымен, сыпайы мінезді, жаксы кұлыкты, әділетшіл, шыншыл болуды ұсынады. Жаман мінездер мен әдеттерден, «әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұраншак, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып» өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды басына лайықсыз көрсе ғана адам парасатты болады,- дейді. Мұндай мінездер, «ақылдылардың, арлылардың, артыктардың мінезі». Бұл мінезді бойына тұтқан жақсылар мактанғаннан аулақ, өзімді жаман дегізбесем деп азаптанады, соңынан сөз ерітпейді. Ал мақтан сүйгіштер: Демесін демейді, десін дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да десін деп, азаптанып жүріп, демесінді ұмытып кетеді. Жақсы мінез, жаксы қылық қандай болу керек дегенде Абайдың коятын екінші талабы - тұрақтылык. «Қылам дегенін кыларлык, тұрам дегенінде тұрарлык, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын».


Қазактың дәстүрлі әдеп жүйесіндегі келесі бір маңызды түсінік - ар. Жоғарыда аталып өткендей, ұят - арға апаратын төте жол. Қазак халкының ар туралы түсінігінің түйіні «Малым жанымнын садағасы, жаным арымның садағасы» деген макалында берілген. Шэкэрім жалпы этиканы «ар ілімі» деп атаған. Халык - ұяла біл, бірак ынжык болма деп үйретеді. Ал ұятсыздык ел ұғымында адамгершілік калыпты бұзудың ең дөрекі түрі, имансыздыктың бір көрінісі. Ол арсыздыкпен астарласып жатады. Арсыз адам-халыкка касірет экелетін, ұлттык намысқа дак салатын кісілігі жок, адамдық касиеттен жұрдай, куыс кеуде. Ғылыми әдебиетте ар негізінен адамның өзіне койған талабы, өзіне адамгершілік тұрғысынан бағда беру деп аныкталады. Халыктық түсінікте ар адамдык абыройды жоғары деңгейде ұстап тұруға бағытталған тетік. «Жарлы болсаң да, арсыз болма!» - дейді казак макалы. Авторитарлык және гуманистік ар жөнінде сөз бар. Авторитарлык ар иегері біреудің беделінің тасасында жүргенді калайды. Гуманистік ар түлғасы жауаптылықты өзіне алады, яғни өзі-өзін тандайды. Кейбір зерттеушілер казактың дәстүрлі коғамында «Мендік» сезім болған жок, онда тек рулық адам болды дейді.
ІІ.Гедонизм

Рақымшылдық және бақыт туралы Сократтың ілімдері б.д.д.V-Viғғ кең етек алған екі философиялық мектептің – киниктер мен гедонизмнің этикалық ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.


Гедонизм (гр. hedone – көңілділік, рахаттану) – адам тіршілігі рахаттарға ұмтылып, азаптардан қашудан тұрады деп қарастыратын философиялық-этикалық принцип және моральдің критерийі. Гедонизмнің философиялық астарын (подпочва) "игіліктің" ("благо") объективтік барлығы туралы идея, нәрселер мен құбылыстарға иеленуге, меншіктенуге болатын іштей тән құндылық (ценность) қасиеті барлығы туралы ой құрайды. Гедонизмнің психологиялық аспектісі адамның іс-әрекеттерінің психикалық мотивациясын (себебін, дәлелін) рахаттану қажеттілігін қанағаттандыру тілегі терминдерінің төңірегінде қарастыруда тұр. Гедонизмнің этикалық негізі рахаттану адам үшін ең жоғары игілік болады, тілектерін қанағаттандыруға ұмтылу оның (адамның) табиғи мәнінің бейнесі деп есептейді (натурализм).
Гедонистік постулаттардың (жорамалдар) бастауларын көнеүнді, сол сияқты көнеқытайлық философиялық-этикалық ілімдерде кездестіруге болады. Гедонизм идеясы алғаш рет антикалық философияда – кирендік мектепте кездеседі. Осы мектептің негізін қалаушы, Сократтың шәкірті Аристипп таным теориясында сенсуализмді этикада гедонизммен үйлестірді. Ол өмірдің жоғары мақсатын рақаттылықта деп көрді, бірақ адам рақаттылықтарға бағынбауы керек, жоғары игілік құрайтын ақылды рахаттануға ұмтылуы керек.
Антикалық уақыттың гедонистік ілімінің шыңы Эпикурдың этикасы болып саналады (эпикуреизм). Қанағаттандыру принципіне сүйеніп, Эпикур бақыт концепциясын жасады (эвдемонизм). Оған сәйкес ең биік игілік қызықтармен ақылды рахаттану болып есептеледі. Игілік – қанағаттандыруды тудыраттынның бәрі, зұлымдық – азапты әкелетіннің бәрі. Эпикур бойынша, жоғары игілік – бұл рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру. Эпикурейшілдікте гедонизм принципі сезімдік ләззаттардан рухтың тыныштығына (атараксия) және қасіреттен құтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған.
Буддистік, христиандық және мұсылмандық философияда гедонизмге аскеттілік (аскетизм), өзін-өзі шектеу (тыю), рухани игілік ардың тазалығы қарсы қойылады. Қайта Өрлеу мәдениетінде гедонистік бастаулар адам құдыреттілігіне қатысты қарастырылады. Гедонизм қазіргі заманғы зайырлы утилитаризм, прагматизм сияқты (И. Бентам, Дж. Милль, У. Джеймс, Дж. Дьюи) этикалық доктриналарда да орын алады. "Абсолюттік", "шексіз" гедонизмнің (яғни қандай болмасын жасанды қажеттіліктерді қанағаттандырудың кез-келген формаларының теңділігін, қолдануға болатындығын, тіпті наркомания, садизм, жыныстық ауытқулар мен азғындық, табиғи "күнәлылықты" т.б. ақтайтын) бас көтеруіне байланысты "барлығына рұқсат моралі" ("мораль вседозволенности") қоғамның ауыр күйзелісінің куәсі деп қарастыратын бүгінгі заманның әлеуметтік философтары мен этиктерінің шығармаларында гедонизмді күшті сынау бар (Д. Белл, О. Тоффлер, К. Дейвис т.б.).
Жалпы алғанда, әлеуметтік-философиялық және этикалық ойдың тарихы мен тәжірибеде гедонизм принципі екі жақты роль ойнады және ойнайды. Бір жағынан, ол прогрессивті функция атқарды, себебі этиканы адам өміріне ашық идеалистік, схоластикалық, мистикалық көзқарастардан босатты, реалдылы (шынайы), "жерлік" мазмұндағы моральдерді көрсетті. Екінші жағынан, белгілі амалмен эгоистік бейімділіктердің, өмірдің ойлаусыз тұтыну салттарының дамуын ынталандырды. Сондықтан гедонизм принципін адамның қоғамға және өзіне байланысты жауапкершілігімен, "ақылды қажеттіліктер", тек қана индивидуалды (жеке) емес, сол сияқты әлеуметтік этика, қазіргі заманғы моральдік мәдениеттің талаптары мен нормалары проблемасын түсінумен толықтыру алда тұр.
2.1.Аристипп тұжырымы

Гедонистік философияның негізін қалаушы ойшыл Аристипптің (б.д.д.435-355)көзқарасы қалыптасуына Сократ ілімімен қатар софизмнің де әсері болды. Оның пікірінше: “Танымның қайнар көзі – түйсік. Ал түйсік арқылы біз табиғаттың заңдылықтарын немесе қасиеттерін танып-біле алмаймыз, сондықтан табиғатты тінып-білемін деп әуреге түсудің қажеті жоқ, керісінше, біз тек өзімізге тән субъективті қабілеттеріміздің нәтижесін тани аламыз”. Осыдан келіп, Аристипп: “Тек өзіміз сезінген ләззат пен қасірет қана игілік, рақымшылық, - деген тұжырым жасайды. Ләззат өткенге де, болашаққа да бағытталмайды, ол тек қазіргі нақтылық. Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек.


Ләззатқа жетудің бірден-бір жолы-өз еркіңмен қол жетпейтін немесе қасірет әкелетін құмарлықтардан бас тарту. Кез келген адам өзінің рухы мен тәнін рахаттануға, ләззат алуға бағыштап, өзін де, басқаларды да шаттыққа бөлеулері керек”.Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек.
Сөйтіп, Аристипп рахатқа бөлену, бақыт сияқты субъективтік құбылыстарды адамдардың іс-әрекетінің негізгі өзегі (мотив) және мақсаты ретінде қарастырады. Осы өнегелілік бағытты басшылыққа алып іс-әрекет жасаған адам өз замандастарының алдында да, болашақ алдында да зор сыйға бөленетінін айта келіп, Аристипп мемлекетті, онда қалыптасқан заңдарды, т.б. рахатқа бөлену, бақытқа жету жолындағы құрал деп қарастырады.
Аристипп ізбасарлары: «Данышпандарға әдептілік қағидаларын сақтаудың қажеті жоқ, мысалы, данышпан өзін Отаны үшін құрбандыққа шалмайды, себебі «оның Отаны — бүкіл әлем» (Феодор) деген идеяларды өз ілімдерінің басты қағидаларының бірі етіп қабылдап, онда ең жоғары данышпандықтың белгісі жатыр деп есептеген. Киниктердің, гедонистердің ілімдері кейін қалыптасқан стоиктер, эпикуршылық, т.б. сол сияқты бақыт мәселесін өз философиясының өзегі етіп қабылдаган ағымдарға зор әсер етті.
2.2. Гедонистік ілімінің шыңы

Эпикур: «Дуниені зерттеу - ол адамныц нeгізгі мақсаты емес», - дейді. Адамньщ негізгі мақсаты - бақытгы өмірге жету. Ал оған жету үшін адамдар ғарыштың қандай екенін, құдайлар бар ма, алде жок па, өмір мен өлім жөнінде, табиғаттағы адамның үрейін туғызатын құбылыстар жөнінде өздерінің түсініктерін қалыптастыруы керек. Ол ешқашанда ерте де емес, кеш те емес. Эпикурдың ойынша, бақыт дегеніміз - еш нәрсеге кеселі тимеген ләззат. Ол адамның жаратылысы, табиғатынан шығады. Адам дүниеден ләззат алуға, зардаптан қашуға тырысады. «Сондықтан біз ләззатқа жетуді бақытты өмірдің басы мен аяғы деп есептейміз»- дейді Эпикур.


Осы айтылған және де басқа ойлардың негізінде жүре келе философияда эпикуреизм деген ұғым пайда болды. Бұл ұғым өмірдің мән-мағнасы ләзатты қууда, құмартуда, Дүниенің барлық қызығын қамтуға тырысуда,- деген мағна береді. Тарихта, өкінішке орай, ірі тұлғалардың кейбір ойлары бұрмаланып, сол тұлғалар жөнінде болашақ ұрпақтардың санасында қисық пікір пайда болады.
Эпикур материалистік көзқарста болғанмен, Құдайлардың бар екенін мойындады. Бірақ Құдайлар ғарыштағы дүниелердің ортасында өздерімен өздері өмірден ләззат алып өмір сүріп жатыр, олардың адамдарға деген еш қатысы жоқ. Егер олар адамдардың ісіне қатысса, онда олардың рахатқа толы өмірі тоқталар еді,- дейді Эпикур.
Ал адамға келер болсақ, онда оның денесі мен жан-дүниесі атомдардан құрылғаннан кейін, ол өлгенде, оның жанын қурайтын жеңіл атомдар да тарап кетеді - яғни жан да келмеске кетеді. Ол табиғи нәрсе, сондықтан одан қорықпау керек.
Өлім мәселесіне келер болсақ, оның бізге ешқандай қатысы жоқ, біз бұл Дүниеде болсақ, онда өлім әлі жоқ, ал өлім келген кезде - біз жоқпыз²,- дейді ойшыл.
Қорыта келе, Эпикурдың филилософиясы, әсіресе, моральдық ой-пікірлері өз заманындағы рухани өмірге және содан кейінгі ұрпақтарға өзінің зор әсерін тигізді.
ІІІ Қорытынды

Халқымыздың ұлттық зердесінде сақталған, жадында жатталған інжу-маржандай көркем ойларға толы даналық сөздердің мазмұны негізінен ұлағаттылық пен жаксылыкка жетелейтін кісілік асыл касиеттерді іздестіру және сол негізде тәрбиелеу сияқты құндылыктарға толы. Адамгершілікке тән құнды дүниелерді, идеяларды ұсына отырып, талап-жігер мен ыкылас-ынтаны арттыруда халык даналығы мен дала кемеңгерлері, дара тұлғалардыңаткарған рөлі өте зор болды. Демек, даналық адамгершіліктен жоғары, яғни ақыл мен зейін-зерделілік адамдықтың ең жоғары белгісі. Бұл туралы Бөлтірік ділмар былай толғапты: «Дүниеде азбайтын байлық біреу. Ол - ақыл. Дүниеде тозбайтын байлык біреу. Ол - ақыл. Дүниеде қайтпайтын адал қолдаушың біреу. Ол - ақыл. Дүниеде тоймайтын адал қорғаушың біреу. Ол - ақыл. Дүниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырак біреу. Ол - акыл. Дүниеде асыл текті жел жетпес пырақ біреу. Ол - ақыл. Дүниеде ердің басына қонатын бақ біреу. Ол - ақыл. Дүниеде елдің басына қоятын так та біреу. Ол - ақыл. Абайдын қара сөздерінің негізгі нысана болған этикалык тәлім жүйелері адамгершілік кағидаларға негізделген. Абай бәрінен де ар-ұятты жоғары қояды. Адамның ең асыл қасиеттері осылар деп білген. Отыз алтыншы сөзінде: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы» деген ой қорытындысынан үлкен моральдық тұжырымды көреміз. Адамның өз бойындағы қасиеттерді кастерлеу, адамгершілік адамның басты кағидасы, ең алдымен адам өзінің ішкі әлемін тазалауы керектігі ұлы Абайдың дүниетанымындағы басты дүние.


ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Философия негіздері : оқулық / Құрастырған Ғабитов Т.Х. - Алматы : Лантар Трейд, 2019. - 337 б. - ISBN 5-7427-0314-7
2.Мырзалы, С.Философия / С. Мырзалы. - Толыќт.бас. - Алматы : Бастау, 2014 - 648 б. - ISBN 978-601-281-100-1
3.Алтаев, Ж. Қазақ философиясы / Ж. Алтаев, А. Қасабек. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 230 с. - ISBN 978-601-04-2893-5
4.Сағатова, Ә.С. Философия [Текст/Электронный ресурс] : оқу кұралы / Ә. С. Сағатова, Н. Ж. Сарсенбекова. - Алматы : Лантар Трейд, 2020. - 138 б. - ISBN 978-601-320-112-2 http://library.atu.kz/files/125584.pdf
5.Кенни, Э.,Батыс философиясының жаңа тарихы [Электронный ресурс] . Том 3. Қазіргі заман философиясының бастауы. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 412 б. - (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - ISBN 978-601-7943-24-0.http://l
6.Кенни, Э. Батыс философиясының жаңа тарихы [Текст] . Том 4. Қазіргі заман философиясы. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 420 б. - (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - ISBN 978-601-7943-25-7 : 3621.00.http://library.atu.kz/files/10300.pdf
7.Джонстон, Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін [Текст/Электронный ресурс] = A brieff history of philosophy from Socrates to Derrida : оқу кұралы. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 216 б. - ISBN 978-601-7943-05-9 : 3000-00http://library.atu.kz/files/42895.pdf
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет