6
өндірушілері сүзгілер соңына дейін кепілдіксіз жасайтыны туралы кеңес
береді. Кез-келген сүзгілік жүйе үшін оның
бөлшектерінің орнығуы және
аралық желіде бөлшектердің кездейсоқ қосылуына орай, ақырғы құбырлық
жеткізуде соңғы сызықтық сүзгілерді пайдалану ұсынылады.
Тамшылы суару және жер бетін суару муниципалды қайта қолданылған
ағынды суды пайдалануда қолданылады. Ережелер бойынша, ауыз су
стандарттарына сәйкес тазартылмаған суды ауада шашуға рұқсат етілмейді.
Суару жүйесінде судың қолданылу тәсіліне қарай,
тайм-релиз
тыңайтқыштардың дәстүрлі сыртқы қолданысы кей кездері тиімді емес,
өйткені тамшылы жүйелер сұйық тыңайтқыштар мен суаруға арналған суды
жиі араластырады. Бұл – фертигация деп аталады; фертигация мен улы
химикаттар (пестицидтерді қолдану, сондай-ақ жүйені периодты түрде
тазалау үшін хлор немесе күкірт қышқылы сияқты басқа да химикаттарды
қолдану) мембраналық сорғылар, піспекті сорғылар
немесе аспираторлар
сияқты химиялық инжекторларды қолданады. Сондай-ақ, суару кезінде
немесе аралықтарда тоқтаусыз химиялық заттар қосылуы мүмкін.
Университеттердің жаңа егістік тесттері бойынша, тамшылы фертигация мен
суды баяу жеткізуде, тайм-релиз бен микро спрейлерге қарағанда,
тыңайтқыштар 95%-ға дейін үнемделеді.
Дұрыс жобаланып, құрылған және басқарылған тамшылы суару жүйесі
флуд немесе қондырма шашқыш секілді суару түрлерімен салыстырғанда,
булануды азайтып, дренажды тереңдету
арқылы су ресурстарының
сақталуына септігін тигізеді, өйткені судың өсімдік тамырына жетуі дәлірек
болады. Сондай-ақ, тамшылы суару су мен өсімдіктің байланысынан
таралатын көптеген аурулардың болуын азайтады. Ақыры, су қорлары
шектеулі аймақтарда, басында да, соңында да бірдей су мөлшерін пайдалану
арқылы өндіріс ұлғая алады. Қуаң аумақтарда және құмды жерлерде суды
мүмкіндігінше баяу қолдану тәсілі жөн көрінеді.
Импульсті суару зауытқа тасымалданатын судың мөлшерін азайту
арқылы пайдалынылған су (сток) пен
терең фильтрацияны азайтуға
мүмкіндік береді. Импульсті жүйелер, әдетте, қымбат және жан-жақты
қызмет көрсетуді талап етеді. Осыған орай, өндірушілер суды өте аз
(сағатына 1 литрден кем) шығындайтын жаңа технологиялар жасауды
бағдарлап орындауға тырысып жатыр. Баяу және жайлы жеткізу суды
қолдану
тиімділігін арттырып, шығынға келтірмей, күрделі имульсті
жабдықты әкелуді қажет етпейді.
Эмиттер зауытта алдын-ала шашқыштары белгілі бір қашықтықта
орнатылған және сағатына егістіктің ұзақтығына байланысты ағатын,
тамшылы суаруда қолданылатын құбырдың түрі. Эмиттерді тамызытқыш деп
те атайды және ол суды құбыр немесе түтік арқылы суармалы жерге суды
7
жеткізу үшін пайдаланылады. Эмиттердің
қалыпты ағыстық жылдамдығы
сағатына 0,16-4 галлон (0,6-16 л/сағ). Эмиттерлердің басым бөлігінде ағыс
қысымға байланысты өзгеріп отырады, кейбір эмиттерлер қысым өтегіш.
Достарыңызбен бөлісу: