Реферат Тақырыбы: Тау жыныстарының түрлері және олардың адамзат үшін маңызы



бет4/4
Дата21.10.2022
өлшемі24,49 Kb.
#44769
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Жертану 6апта сро

Қорытынды
Әрбір тау жынысы белгілі бір жағдайда пайда болатынын көрдік. Сол жағдайлары езгеретін болса, ол жыныс та соған қарай бейімделіп өзгермек. Сонда тау жыныстарының сырт бейнесі де, минералдық құрамы да және ішкі құрылысы да езгереді. Тау жыныстарын өзгертуші әрекеттердің негізгі түрлері мыналар: 1) жоғары температура, 2) жоғары кысым, 3) магмадан бөлінген заттардың әсері, 4) су ерітінділерінің әсері. ұлардың алғашқы үшеуі магманың әсері болып табылады және олар бір-біріне байланысты келеді. Сонымен қатар жоғарғы қысым магмасыз жерде де, тау жынысы қалың қабаттар астына түскенде де немесе тау қ ұрылу әсеріне ұшырағанда да болады. Осы айтылған әсерлердің басымдығына және түріне қарай метаморфизм мынадай түрлерге бөлінеді: 1) термалық (пиро) метаморфизм — яғни қызу әсерінен болатын метаморфизм. Бұл магманың ыстық лебінен болатын өзгеріс; 2) контактылық метаморфизм — магманыд айнала жапсарында, соған жанасу әсерінен болатын метаморфизм. Мұнда термалық та, қысым да, магмалық заттар әсері де бірдей болады; 3) динамометаморфизм — тау жынысы тереңге түскенде немесе тау құрылу қозғалыстарына ұшырағанда болатын қысымдық метаморфизм; 4) гидратометаморфизм — су ерітінділерінід әсерінен болатын метаморфизм. Метаморфизм басталған орнынан әрі қарай қашықтаған сайын жыныстың өзгерісі әлсірей береді, ақыръінда ол езгермеген бастапқы жыныстарға жалғасады. Метаморфтық жыныстардың басында қандай жыныстан шық қанын осы арқылы білуге болады. Метаморфтық жыныстар басында шегінді жыныстан шықса, оның алдына «пара» деген жұрнақ қосады, мысалы парагнейс. Ал егерде бастапқы жыныс магмалық болса, оған «орто» деген жұрнақ жалғанып, ортогнейс болар еді. Кысым күшінен жаншылып өзгерген кезде жыныстың структурасы да, текстурасы да өзгереді. Сонымен, қысым кезінде пайда болған минералдар, кристалдар сол қысымның бағытына қарай созылып, соған бейімделіп өседі. Осының арқасында метаморфтық жыныстардың структурасын зерттеуге, олардың жаратылысын тануға және сол жсрде болған қозғалысты айыруға болады. Метаморфизм әрекеті әр түрлі дәрежеде кездеседі. Оның ен әлсізіп эпизона дейді. Мұнда альбит, хлорит, серпентин, тальк, серицит, актинолит, эпидот, кварц минералдары кездеседі. Екінші орташа метаморфизмды мезозона деп атайды. Мұнда орта плагиоклаздар, анарлар, амфиболдар, слюдалар (биотит, мусковит), кианит, ставролит сияқты минералдар кездеееді. Үшінші — ең күшті метаморфизмды катазона деп атайды. Мұнда негізді плагиоклаздар, пироксендер, анарлар, кордиерит, силлиманит, шпинель сияқты минералдар болады.

Қолданылған әдебиеттер
Қ. Ибрагимов, Ж.А. Үсенқұлов, Б.С. Байболов, Э.И. Қарабаев «Инженерлік геологиядан негізгі мәліметтер. Іргетастар мен негіздердің есебі» Шымкент, 2009ж. 134б.
Ананьев В.П., Переделский Л.В. «Инженерная геология и гидрогеология» М.: Высшая школа, 1980. 271с.
Пешковский А.М., Пирескокова Т.М. «Инженерная геология». М.: Высшая школа. 1982. 341с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет