1
Реферат
Тақырыбы:Теннис
Орындаған:Құлтореева Гүлімай
Тексерген:Талғатұлы Асхат
2
Жоспар:
1. Теннис
2. Тарихы
3. Тенниске керекті құралдар
4. Нағыз теннис
5. Пайдасы
Теннис — бірге бір (жекелей сын) немесе екіге екі ойналатын (жұптық ойын)
спорт түрі.
Cпорт әрбір адамның денсаулығына жақсы әсер ететіні белгілі. Қазіргі
заманда теннис балалардың, студенттер мен жасөспірімдердің арасында өте
танымал болып табылады, оған қоса адамның физикалық және
психологиялық денсаулығына аса пайдалы. Теннис туралы айтпастан бұрын
оның тарихын қарастырайық.
Тарихы
Қазіргі кезге дейін теннисті кім ойлап тапқанын сенiмдi түрде белгiсiз, бәрақ,
ең көп таралған нұсқа бойынша, ойын негізін салушы майор Уолтер
Уингфилд болды. Ол ойынды, Уэльстегі үйінде қонақтарын сергіту үшін
ойлап тауып, 1873 жылы ойынның алғаш ережелерін жариялайды. Ойынға
бір мезгілде 2 ат беріледі: «сферистика» (ағылш. sphairistike гр. σφαιριστική
сөзінен, доппен ойын дегенді білдіреді) және «лаун-теннис» (ағылш. lawn
tennis, көк шалғын теннис ). Негіз ретінде ол оған тұстас теннисті қолданды
(біздің заманда нағыз-теннис). Уингфилд тапқан ойында, сол кезде танымал
болған бадминтон ойынының әсерін де байқаса болады. Солай, алғашында
корт ортасындағы тор ұзындығы бір жарым метрге жетіп, санақ әр геймде
15 ұпайға дейн болды.
3
Теннис ойынына керекті құралдар.
Ракетка
Ракетканың ұзындығы 81,3 см-ден аспауы керек. Ал ені болса 31,75 см-ден
аспауы керек.
Доп
Доптың түсі ақ немесе сары түсті болады. Доптың салмағы 56,7 – 58,5 г болуы
керек.
Корт
Теннис ойнайтын корт шөппен жабылған немесе асфальтталған болады.
Теннис алаңының ұзындығы - 23,77 метр, ал ені – 8,23 метр.
Нағыз теннис
Қазiргi теннистiң негiзiн салушысы болып баспана ішіндегі ойын болып
саналады, атауын XIX ғасыр ақырыны дейiн алып жүрген, ал қазiр Нағыз
теннис, корт-теннис немесе жё-де-пом (фр. jeu de paume, "алақанмен ойын"
дегенді білдіреді ) атымен белгiлi. 12 адамға дейiн бiр уақытта ойнай
алатын[1], Жё-де-пом, XI ғасырда монастырьлерде пайда болғанға көрінеді.
Ойынның алғашында, қол пелотасында сияқты допты қолмен тойтарған,
кейіннен қолғаптар, бита және XVI ғасырда ракетка мен тор пайда болды.
Сол уақыттың француз, испан, ағылшын корольдері ойнаған жё-де-пом де,
дәл сол кезді әйгілі бола бастайды.[2] [3]
Теннистiң орта ғасырлық әдебиетiндегi өте белгiлi аталып өтулерінін бiрі
Шекспирдін "Генрих V" тарихи хроникасында кездеседі, француз дофины жас
ағылшын короліне қалжын ретінде теннис доптарына толы кішкене бөшке
жібереді. Алайда Генрих V-ке жіберілген теннис доптар, Шеспирден бұрын,
Гальфрид Монмутскийдін "История королей Британии" хроникасының
жалғасында кездеседі, хрониканың өзі XV ғасырдың бірінші жартысына
жатады.[4].
4
XVI ғасырда француз корольдерінің көбісі теннис ойнады: Франциск I
королінің яхтасында теннис залы жабдықталған, Генрих II Луврде теннис
залын салу туралы бұйрық берді, ал Карл IX 1571 жылы париждік теннис
ойыншылар мен шеберлерге гильдия құқығын беріп, теннисті ханзадалар,
пэрлар және мәртебелi адамдар шұғылдана алатын жаттығу түрлерінің ең
асыл, сенiмдi және пайдалы түрі деп атады. Теннис Генрих VIII-дін де спорт
түрі болды, ол осы ойынға Вестминстерде және Хэмптон-кортте залдар салды
(соңғысы 500 жылға жуық алғашқы мақсаты бойынша қолданылады).[2]
Корольдер мен монахтардан басқа теннис бұқара халықты да қызықтырды:
ортағасырлық университеттер[3] залдар салды, ал қала тұрғындары теннис
далада ойнағын. 1600 жылға қарай әр улкен қалада бірнеше залдан, ал
Парижде 250-ден астам зал және мыңнан астам ашық корттар болды. 1604
жылғы бағалау бойынша, Францияда, теннис залдар шіркеулерге қарағанда
2 есе көп болған деген ой бар.
Теннис - денсаулықтың пайдасы
Күні бойы адамның бұлшық еттері қимылда болып, теннис ойнайтын кезде
олар релаксация кезеңіне көшеді. Осы босаңсу процесі барысында эндорфин
гормоны ағзаға бөлінеді, яғни ойыннан кейін демалыс уақытында адам өзін
бақытты
сезінеді.Британдық
ғалымдардың
айтуынша
тенниспен
айналысатын балалардың үлкен жаста сүйек сыну қаупі әлдеқайда төмен
болып келеді. Мысалы, осы балаларда білек сындыру 40% аз, ал жалпы
жарақат алу қаупі 63%-ға төмен.Теннис ойыны мынандай қасиеттерді
дамытуға көмектеседі: жігерлік, қайрат, тез уақытта шешім қабылдау және
күш қуаты. Оған қоса ойыншылар жұптанып ойнаса, жауапкершілікке және
командада
жұмыс
істеуге
үйретеді.
Мысалы
кәсіпкой
теннис
ойыншыларының соққысы допты 200 км/сағ жылдамдықпен жібереді, сол
үшін олар тез арада шешім қабылдау керек. Теннис ойнайтын кезде адамның
көптеген дене мүшелері пайдалы жұмыс істейді. Одан басқа, дененің тыныс
алу және жүрек-тамыр жүйесін жақсартуға ықпалын тигізеді, онымен қоса
адамның қан айналамы жақсартылады.Жарақаттар спорттың бір бөлігі
болғандықтан,теннистеде жарақаттар алу жағдайы кездеседі. Бірақ, басқа
спорт түрлерімен салыстырғанда теннисте олардың сирек болатынын атап
өту керек. Ең көп кездесетін жарақат түрлері ол сінірдің созылуы және
қолдың шығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |