АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ЖӘНЕҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
Реферат Тақырыбы: Тәрбие негізі- жеті ата, жеті жарғы,салт-дәстүр,отбасылық тәртіп ережелерін сақтау
Орындаған:Бақытжанқызы Айханша
Шәмет Дания
Тексерген:Оспанова Б.Р
Ұлтты ұлтты ерекшелейтін ол оның тілі, діні және ғасырлардан жеткен рухани термірқазығы саналатын асыл қазынасы, яғни – САЛТ ДӘСТҮРІ.
Ең алдымен «дәстүр» ұғымының басын ашып алайық. «Дәстүр» – иран-парсы тілінен кезінде қазақ тіліне енген сөз. Ол латын тіліндегі «традиция» сөзіне, қазақтың «салт» деген сөзіне баламалас. Бұл сөздердің мағынасы біркелкі – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға беріліп отыратын өмір сүру құндылықтары, қағидаттары, қалыптары, ережелері, яғни бұрынғылардың кейінгілерге, олардың «еншісі» (арапша «мирас») ретінде, беретін күнделікті тіршілікте қолданатын өнегелілік, тәрбиелік, рухани маңызға ие игілікті де ізгілікті дүниетанымдық ойлары, сөздері және іс-әрекеттері. Қазақтың «салт-дәстүр» деген сөзі осы жерден келіп шығады.
Қазақтың «салт», иран-парсының «дәстүр» сөздері кезінде тілімізге енген араптың «әдет», «ғұрып» сөздерімен де мағыналас. Бұл сөздердің мағынасы – өмірде ылғи қайталанып отырғандықтан тұрақтанып қалыптасқан, бойға біткен күнделікті де үйреншікті қылық пен бейімділік.
Сонымен қатар «салт-дәстүр», «әдет-ғұрып» дегеніміз күнделікті де үйреншікті нәрсеге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық (қауымдастық) тәртіп, реттеуші ереже мен іс-әрекет. Бірақ елде, халық арасында қалыптасқан «салт-дәстүр» мен «әдет-ғұрыпқа» сәйкес те, сәйкес емес те ниет пен пиғыл, ой мен сөз, мінез-құлық, іс-әрекет болуы әбден мүмкін. Сондықтан да «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тәмсілді еш естен шығармаған жөн. Олай болса, қайсыбір жеке адам, қауым, тіпті тұтас бір ел (мемлекет) өз тіршілігіне салт-дәстүрдің негізінен озығын алып жатса, ал өзгелері оның тозығын алуы ықтимал. Өкініштісі, солай болып та жатыр соңғы кездері.
Осыған байланысты бүгінгі күні және болашақта Қазақ елінің және қазақ халқының алдында тұрған ізгілікті мұраты – ықылым заманнан бері өзінің өміршең де жасампаз қасиетін еш жоғалтпай халқымызға қалтқысыз қызметін жасап келе жатқан барша озық игі салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасы ретінде жаңа тарихи ахуалды ескере отыра басшылыққа алу, оларды еліміздің, халқымыздың, әрбір отбасы мен жеке пенденің жарқын болашағы үшін орынды да қисынды, оңтайлы да тиімді қолдана білу, тіпті мүмкіндігінше, «адамның адамилығын арттыру» бағытында жаңғырта білу. Міне, осылай болған жағдайда ғана соңғы кездегі ел-халқымыздың алдында тұрған «Рухани жаңғыру» жолындағы мақсат-міндетімізді осы жерде қарастырып жатқан салт-дәстүрімізбен тығыз байланыста екендігіне көзіміз жетеді.
Ал енді қазақ халқының ұлттық салт-дәстүр тәрбиесінің қыр-сырына, оның түйткілді мәселелеріне кеңірек тоқталайық. Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі сонау ежелгі Сақ, Ғұн, Тұран дәуірінен, кейінірек Түркі заманынан бастау алып, одан беріректе Алты Алаш, оның ішінде Қазақ хандығы орныққаннан бері қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін амен-есен жетті. Оны «мың өліп, мың тірілген» ата-бабаларымыз біліп те, бойына сіңіріп те келді, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе де білді.
Дегенмен халқымыздың игі салт-дәстүрін бүгінгі және болашақ замандарда тіршілік етуіміздің рухани-өнегелілік іргетасына айналдыруға келгенде алдымыздан бірнеше күрделі мәселе кес-кестейді. Олар негізінен мыналар:
Біріншісі – бай салт-дәстүріміздің бүгінгі күнге дейін жүйелі түрде, жазбаша нұсқада толық жинақталмағаны. Дегенмен бұл бағытта алдымен Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген екі томдық «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» (Жауапты ред. С.Е.Әжіғали. Алматы, Арыс, 2005, 2006) атты ғылыми еңбекті айту ләзім. Одан кейін «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» (Алматы, «Өнер», 2011.) деген атпен шыққан бес кітаптан тұратын басылылымды ауыз толтырып айтуға болады. Реті келгенде осы жинақтың құрастырушы-авторлары Айып Нүсіпоқасұлы мен Әкімбай Жапарұлына деген шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Сонымен қатар бес томдық «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты әмбебап энциклопедияны (Бас редакторы Н.Әлімбай. Алматы: 2011-2014) атап өту қажет-ақ. Алайда, бұл бағыттағы жасалынбақ жүйелі де кешенді жұмыс әлі алдымызда.
Екіншісі – қазақ халқының қазіргі күнделікті өмір-тіршілігіне өзге елдер мен халықтардың, әсіресе Батыс елдердің, соңғы кездердегі бейадами сипаттағы мазмұны тұрпайы да таяз, сырты жылтыр да жалаң, алдамшы да жасанды, ел мен халықты іштей ірітуге бағытталған бейөнегелі-бейрухани батыстық-модернистік (батыстық-постмодернистік) кереғар «құндылықтары» мен салт-дәстүрлерінің, «жаңашыл» әдет-ғұрыптарының ендеп кіріп кеткендігі. Олай болса, үлкен-кішіге осы бағыттағы «ақ пен қараны», «жақсы мен жаманды», «озық пен тозықты» ажырату ісінің маңыздылығын баса айту өте қажет-ақ.
Үшіншісі – «қазақ десе – өзімізге тиедінің» керімен көптеген «аты қазақ» қандастарымыздың ұлттық салт-санамызға, әдет-ғұрып, дәстүрімізге мән бермей енжар қарауы, «от басы, ошақ қасы» аясында бала тәрбиесінде оларды негізге алмауы жүрегімізді сыздатып, жанымызды жаралап, жүйкемізді тоздырып, көңілімізге қаяу түсіреді. Бұл жерде «осылай кете берсек, ертеңгі күніміз не болар екен», «қазақ болып қала алар ма екенбіз» деген сұрақтар көкейімізден кетпей-ақ қояды. Осыдан келіп «не істеп, не қою керек» деген сауал амалсыз мазалайды.
Төртіншісі – мемлекетіміздің ресми тәрбие-білім беру ошақтарында балалар мен жасөспірімдерге жүйелі түрде салт-дәстүрімізге негізделген ұлттық тәрбие берілмеуі, яғни сол ұйымдар мен ұжымдарда ұлттық тәрбиенің жалпы тәрбие жүйесінің «күретамыры» екендігінің ескерілмеуі. Осы жерде тәрбиенің негізгі үш түрге, яғни халықтық (этнотәрбие), діни және кәсіби болып бөлінетіндігін тағы да еске салған жөн. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің бір ерекшелігі, ол өзіне тәңіршілдік және дәстүрлі исламдық құндылықтарды табиғи да үйлесімді түрде сіңіре білуі. Бұл қағидат – соңғы кездері надандықтың салдарынан қайсыбіреулердің «қазақ халқы бірыңғай не тәңіршілдікті, не исламдықты ұстануы керек» деген қасаң да кереғар пікіріне тойтарыс берерлік тұжырым. Осы жерден елімізде өскелең жастарға тәлім-тәрбие беру мекемелерінде шынайы «қазақылыққа» (қазақымайлық емес) басымдық беру қажет деген қорытынды туындайды.
Бесіншісі – Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастап, барлық заңнамалық-құқықтық құжаттарда (кодекстер, заңдар, жарғылар) қоғамдық қатынастарды реттеу тетіктері ретінде халқымыздың салт-дәстүріне негізделген құндылықтары мен қағидаттарының лайықты түрде ескерілмеуі. Нақтырақ айтсақ, қазақ халқының көпғасырлық руханияттық, өнегелілік, салт-дәстүрлік, әдет-ғұрыптық құндылықтарының күретамырына балта шабатын кейбір заңдар, оның ішінде әсіресе соңғы кезде бүкіл ел аясында үлкен дау-дамай тудырған, көпке дейін жариясыз түрде қарастырылған, бірақ халықтың бала тәрбиесінің құндылықтарын қызғыштай қорғаған ел белсенділерінің арқасында қайтарылып алынған «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» атты заң жобасын айрықша атап өту қажет. Бұл жерде әңгіме мемлекетіміздің соңғы отыз жылдық «егемендік» тарихында өзінің заңнамалық тәжірибесінде шетелдік үлгілерге айрықша мән беріп, халқымыздың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы», Абай Құнанбайұлының «Шар ережесі» сынды шынайы Ата Заңымыздың отандық заңнамалық жүйені жарақтау ісінде қолданылмай, оларды тәрк етуі туралы болып отыр.
Әлем халықтарының салт – дәстүрімен салыстырғанда ұлттық салтымызда ерекше атап айтатын, қасиетті дәстүріміздің артықшылығы баршылық. Жәнеде соның алғы бірінің бірегейі ата – бабамыздан қалыптасып, жалғасқан, бүгінгі медицинаның дәлелдеуінен өткен, жеті аталық ұстаным. Бұл ұстаным бізде жеті атаға толмай ағайын арасында қыз алыспайтын қыз беріспейтіндігі, бұл қазақи қағидалы ерекше бұлжымас жүйе. Ол бірден бір қазақ халқының таза ата тектің, текті ұрпақтың жалғасуын реттейтін дара әлеуетті қасиет. Ұлтымыздың ар алдында асқақ рухани құндылығын паш етіп тұрған ұлттық ерекшелік. Сондықтанда ежелден – ақ қазақ халқында өзінің жеті атасын білуі ата-ана үшін әулеттік – ұлағаттық қалыптасқан бұлжымас дәстүрі. Әрбір ата-ана баласына жастайынан жеті атасын талдап айтып, кейіндері ержете, жеті атаға толмай, жастардың үйленбеуін зердесіне сап сіңдіріп отыруы тиіс. Арғы жетінші атадан бері қарай тараған аталар өзіңе шейін бір атаның балалары болып саналады ол 1.Жеті ата, 2.Түп ата, 3.Тек ата, 4.Баба, 5.Арғы ата, 6.Ата, 7.Әке. Ал әкеден бастау алып баладан төмен қарай туғандар: ұрпақ деп саналады олар 1. Әке, 2.Бала, 3. Немере, 4.Шөбере, 5. Немене, 6. Шөпшек, 7.Туажат деп аталады. «Бұрында ата тегін үйрету балаға 7-9 жасынан бастап ерекше көңіл бөлінген». Оқулық – қазақ тілі, 5 сынып, 2010 жыл.
Қазақ ұлттық энциклопедиясында былай делінген: өз ата – бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматы үшін – мүдделі міндет. Мұның өзі қазақтардың этноерекшеліктерін танытудағы ең басты ерекшелік осы.
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке - шешесі, ата - әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады.Сондай - ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата - бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.
Әке - бала - немере - немелтай - шөбере - шөпшек - немене. Екі немереден туғандар бір біріне - Бел немере, Немелтайдан туғандар - Жүрежет, Шөбереден туғандар Туажат, Шөпшектен туғандар - Жұрағат, Неменеден туғандар - туыс ағайын.
Қорыта келе айтарым-Тәрбие негізі отбасында. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27–бап, 2–тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата–ананың табиғи құқығы, әрі парызы" делінсе, "Қазақстан–2030" бағдарламасында "Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді..." делініп ұрпақ тағдыры айтылады. Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени–әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата–бабаларадың, ұлылардың ақыл–кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл–кеңестері, ата–ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір–бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келген күннен бастап ата–ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді бала болашағын қалыптастыру әрбір ата – ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы.
«Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші, баланың тәрбиесіне тікелей ата – ана байланысты және де, мектепте жалғасады. Халық даналығында былай делінген «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң – онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң – онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң- онда бала тәрбиеле» .Сондықтан да бала тәрбиесіне сәби кезінен бастап көңіл бөлсек, ұрпақ тәрбиесі ұлағатты, тәрбиелі, парасатты, білімді, ақылды, мәдинетті болып өседі. Осындый саналы ұрпақ тәрбиелесек еліміздің болашағы зор әрі баянды болмақ!