Глоссарий Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм
Миопатия - бұл адам ағзасындағы бұлшықеттердің зақымдануынан туындайтын бірқатар белгілер. Миопатия - бұлшықет әлсіздігіне немесе аурудың дамуымен оның толық жойылуына әкелетін өте сирек кездесетін бұлшықет ауруы
Балалар церебральды сал ауруы – созылмалы, күшеймейтін, қозғалыс бұзылысы симптомдар жиынтығымен сипатталатын орталық жүйке жүесінің аномалиясы немесе зақымдануларынынан болатын ауру.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. М.Оспанбаева «Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі»
2. Алехина С.В. «Инклюзивті білім»
3. Тебенова Қ.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология. – Алматы, 2011.