Реферат тақырыбы: «ТӨтенше жағдайлар кезінде халықты қОРҒаудың негізгі әдістері мен қАҒидалары»


Халықты қорғаудың негізгі қағидалары,тәсілдері



бет2/7
Дата16.10.2023
өлшемі44,61 Kb.
#115975
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат 3 (3)

1 Халықты қорғаудың негізгі қағидалары,тәсілдері

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.


Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.
Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындардың толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.
Уақытша көшіру шаралары:
ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін – өндірістік принцип бойынша;
халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
Халықты ТЖ-да қорғау мақсаты ТЖ салдарының қолайсыз әсеріне жол бермеу немесе олардың әсер ету дәрежесін барынша әлсірету болып табылатын іс-шаралар кешені болып табылады. ТЖ-да халықты қорғаудың тиімділігіне ТЖ қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарын және барлық құралдар мен тәсілдерді тиімді пайдалануды ескере отырып қана қол жеткізуге болады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары оларды іске асыру негізінде шартты түрде үш топқа бөлінеді.
Алдын ала дайындау, яғни қауіпті және зиянды факторлардан қорғау құралдарын (ұжымдық және жеке) жинақтау және оларды дайындықта ұстау, сондай-ақ халықты қауіпті аймақтардан (тәуекел аймақтарынан) эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге дайындау.
Сараланған тәсіл қорғаныс шараларының сипаты мен көлемі қауіпті және зиянды факторлардың көздерінің түріне, сондай-ақ жергілікті жағдайларға байланысты белгіленетіндігімен көрінеді.
Іс-шаралардың кешенділігі төтенше жағдайлардың зардаптарынан қорғау құралдары мен тәсілдерін тиімді қолданудан, оларды қазіргі заманғы техно-әлеуметтік ортада тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шаралармен келісілген жүзеге асырудан тұрады.
Төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі тәсілдері: халықты эвакуациялау, қорғаныс құрылыстарында баспана беру, жеке қорғану және медициналық профилактика құралдарын пайдалану болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет